Материалдар / Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы : "Денсаулық бекеттерінің ғажайыптары"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы : "Денсаулық бекеттерінің ғажайыптары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Денсаулық бекеттерінің ғажайыптары Мақсаты: Денсаулық үшін маңызды әрекеттер мен заттар туралы толық мағлұмат беру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға үйрету.Ой -өрісін,тілін,сөздік қорларын молайту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2021
405
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу әрекеттерінің

Технологиялық картасы


Топ: Ортаңғы топ

Білім беру саласы: Таным. Қатынас.Әлеуметтік орта.

Бөлімдер: Айналамен танысу.Тіл дамыту

ТақырыбыДенсаулық бекетінің ғажайыптары»

Мақсаттары: Балалардың жоба барысында танысқан тақырыптар туралы білімдерін пысықтау.Денсаулық үшін маңызды әрекеттер мен заттар туралы толық мағлұмат беру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға үйрету.Ой -өрісін,тілін,сөздік қорларын молайту.Сөздік қорларына «денсаулық,бекет,карта» сөздерін енгізу.Достық, бауырмалдық сезімдерін ояту.

Сөздік жұмыс:«денсаулық,бекет,карта »

Көптілділік: денсаулық,дәрумен,мамандық ағыл.тілі: (уоте),(сан),(эйр)

Заттық дамыту орта:Суреттер, картаның сызбасы, жемістер, көкөністер


Әрек

Еткез

еңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Дәлелді- түрткі болат











д

1.Шаттық шеңбері: « Біз қандаймыз!


2.Тосынсый:Пошташы балаларға хат алып келеді.



Хатты ашу үшін үрлеу ұсынылады.

3. ДСТ: «Қатты- ақырын»

-Қатты ақырын үрлегенде не пайда болды?

- Хатқа карта салынғанын айтамын.

Картада Денсаулық аралының жолы көрсетілгенін айтамын.Денсаулық аралына саяхаттау ұсынылады.



Пойыз әнін айта отырып саяхатқа шығу ұсынылады.

1-өткел:Күн, су, ауа, өткеліне тоқтайды.

4. Сұрақтар:Күн не үшін қажет?

-Ол бізге қандай дәрумен береді?


-Су не үшін қажет?



-Ол қандай болады?

-Ауа туралы не білесіңдер?


-Ауа тағы қандай тіршілік иелеріне қажет?

1. Шеңберге тұрып,өлең жолдарын айтады, көңіл- күйлерін көтереді.

2. Пошташымен сәлемдеседі,қандай қызмет атқаратындығын айтады.

-Пошташы жер жерлерден келген хаттарды көрсетілген мекенжайға жеткізеді.

3. Тыныс алуларын реттей отырып тыныс алады.

-Үрлегенде жел(самал,леп)пайда болды.

-Өйткені біз ауаны итердік(ығыстырдық)

-Картаны бағдарлайды.

-Картадағы өткелдерді суреттері бойынша атап айтады:

-Су,күн,ауа өткелі.

-Дәрумендер бағы,

-Тазалық көпірі

Тізбектеліп бір- бірінің артынан тұрады,әнді айта отырып қозғалады.


4. Күн табиғатқа жарық,жылу береді.

-Ол біздің сүйегімізге қажетті дәруменді береді.

-Суды біз ішеміз,тазалық үшін пайдаланамыз.

-Табиғаттағы барлық тіршілік иелеріне су қажет.

-Ол сұйық,түссіз,дәмсіз,иіссіз болады.

-Ауа көзге көрінбейді.

-Ауа болмаса біз тыныс ала алмаймыз.

-Табиғаттағы барлық тіршілік иелеріне қажет.

Ұйымдастыру-іздестіруші

5. Ойын: «Күн ,су,ауа»(суреттер арқылы)






6. Сөздік жұмыс: «денсаулық,бекет, карта »

7.Көптілділік:Суреттер,картаның сызбасы, жемістер ,көкөністер,

Әрі қарай мәшинемен бару ұсынылады.

8.Сергіту сәті: «Мәшине» Мәшинем оталды Орнынан қозғалды Жолымды байқаймын Асықпай айдаймын 9. Екінші бекет: «Дәрумендер бағы»

Ойын: «Дұрыс ата»

-Алма

-Шие

-Алмұрт

-Қызанақ


10. Ойын: «Дәмін анықта» Әртүрлі жемістер мен көкөністердің дәмін байлаулы көздерімен анықтау ұсынылады. 11. ДСТ: «Алмалар отбасы» саусақ жаттығуы. Алма әке ,Алма әке қайдасың? Мұндамын,осында қалың қалай? Алма ана ,алма ана қайдасың? Мұндамын ,осында қалың қалай? Алма аға,алма аға қайдасың? Мұндамын ,осында қалың қалай? Алма әпке ,алма әпке қайдасың? Мұндамын,осында қалың қалай? Алма бөбек,алма бөбек қайдасың? Мұндамын осында қалың қалай? 12.Саяхатты әрі қарай «Құмырсқа» өлеңін айта отырып жалғастыру ұсынылады.

Бармақ болып жұмысқа, Қырға шықты құмырсқа, Тоңып кетіп аяғы Қырдан қырға таяды. Ой – ой – ой, Әне аю келеді. Құмырсқаны көреді. Енді қалай құтылар, Илеуіне тығылар



5. Белгі бойынша әртүрлі әрекеттер жасайды:

- Күн- қолдарын жоғары көтеріп аяқтарының ұшымен тұрады.

- Су- бір -бірлерінің қолдарын ұстап шеңбер жасайды.

-Ауа-Шашырап ары бері жүреді.

6. Жаңа сөздердің мағыналарымен танысады


7. Сөздердің көптілді айтылуын меңгереді.


8. Өлеңді айта отырып мазмұнына сай жаттығу жасайды.




9. Дәрумендерді атайды.

-Ойынға атсалысады.

-Алма, алма ағашында өседі.

-Шие, шие ағашында өседі.

Алмұрт, алмұрт ағашында өседі.

Қызанақ....?ойларын айтады.

10. Ойынға атсалысады.

-Бұл алма ,оның дәмі тәтті.

-Бұл лимон ,оның дәмі қышқыл.

-Бұл шие,оның дәмі қышқылтым.т.б.

11. Саусақ жаттығуын бірлесіп орындайды.

-Бас бармақты ары бері қозғалтады.

-Балаң үйрек билейді.

-Ортан терек билейді.

-Шылдыр шүмек билейді.

-Кішкене бөбек билейді.





12. Барлығы бірлесіп өлеңді айтады, мазмұнына сай іс- қимыл жасайды.



Орындарына отырып бастарын қолдарымен жабады.


Рефлекстік-коррекциялаушы

13. Тазалық көпірі:Жұмбақ жасырамын: А) Ертемен күнде сен, Қолыңа сүйкесең Кетіп кір-ласың Тап-таза боласың Ә) Аузы жоқ сыңғырлайды, күледі, Онсыз бірақ жер бетінде тіршілік жоқ 14. Сұрақтар:Бұларды бір сөзбен қалай атайды?

-Тағы қандай тазалық құралдарын білесіңдер?

-Тазалық сақтау не үшін қажет?





15. ДСТ: «Сылдырлайды мөлдір су» уқалау жаттығуы.

-Денсаулық елінде балаларды Дәрігер қарсы алады.

16. Сұрақтар:Сендер денсаулықтарыңды қалай күтесіңдер?

-Тазалықты қалай ұстанасыңдар?



-Қандай пайдалы тағамдарды білесіңдер?

-Күн ,су,ауаның денсаулық үшін қандай қажеттілігі бар?




17. Босаңсу: Әуен ырғағына сай жаттығу жасау ұсынылады.

18.Қорытынды:

-Балалардан саяхатта қандай қызықты оқиғалардың естерінде қалғанын сұраймын.

13. Бұл сабын.





-Бұл су.


14. Барлығын бір сөзбен тазалық құралдары деп атайды.

-Сүлгі,тіс щеткасы,ысқыш т.б.


-Әрқайсысы өз ойын айтады:

Таза болу үшін.

Ауырмау үшін.

Әдемі болу үшін.

Денсаулығымыз жақсы болу үшін.

15. Өлең жолдарын айта отырып уқалау жаттығуын орындайды.

-Дәрігермен сәлемдеседі.


16. Сұрақтарға жауап береді.

-Таза жүреміз.Киімімізді дұрыс киеміз.т.б.

-Тамақтанар алдында қолымызды сабындап жуамыз.

-Тамақтан кейін аузымызды шаямыз.

-Жемістер,көкөністер,сүт тағамдары.


-Күн біздің сүйегіміздің мықты болуына көмектеседі.

-Суды біз ішеміз,тазалық үшін пайдаланамыз.

-Ауа біздің шаршағанымызды басады. т.б,

17. Әуен ырғағына сай жаттығу жасайды.


18. Сұрақтарға толық жауап береді:

-Балалар әсерлерін ортаға салады.




Күтілетін нәтиже


Білу: Карта бойынша тапсырмаларды орындауға дағдылану,денсаулық сақтау технологияларын дұрыс орындай білу.

Меңгеру:Ойын шарттарын ұғынып,орындауға дағдыланады.

Істей алу: Өз ойларын толық сөйлеммен айтып жеткізе алады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!