Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы, Тақырыбы: «Мен қандай баламын?»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы, Тақырыбы: «Мен қандай баламын?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Әрбір балаға қандай жақсы бала екендігін түсіндіру арқылы ақиқат құндылығын арттыру; қыз баламен ұл баланың ерекшеліктері туралы түсінік беру; өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру; өзара жағымды қарым –қатынас жасауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы:Әлеумет.

Бөлім: Өзін -өзі тану.

Пәнаралық байланыс: сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сурет

Тақырыбы: «Мен қандай баламын?»

Мақсаты:

  • Әрбір балаға қандай жақсы бала екендігін түсіндіру арқылы ақиқат құндылығын арттыру;

  • қыз баламен ұл баланың ерекшеліктері туралы түсінік беру;

  • өзін-өзі тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

  • өзара жағымды қарым –қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Жақсы қыз жағадағы құндыз,

Жақсы ұл-аспандағы жұлдыз.(мақал)

Полингвалдық компонент: Мен- Я – I,  қандай- какой – what, бала - ребенок- child,

Көрнекілік: Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) Слайд, үнтаспа, суреттер: (тау, бал, ай, кірқожалақ бала, шалшық су т.б.)

Іс-әрекеттің кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себебті (дәлелді) - ықпалды

Тыныштық сәті: (Баяу әуен) «Су астына» саяхат

-Не көрдіңдер?

-Не сезіндіңдер?

-Не ұнады?

Балалар өзін-өзі тану әлемінің картасындағы қуаныштымын.Канеки,бәріміз шаттық шеңберімізге жиналып,бір бірімізге мақтау айтып,қуаныш сыйлап көрейік.



Балалар өз ойларын айтады.




Бір біріне мақтау сөздер айтады.

Ұйымдастыру- барлау






























Ұйымдастыру- барлау

- Ендеше келесі 

«Мен қандай баламын?» айдары.

Әрбір бала өз бойындағы қасиеттерді айтып, өзіне мінездеме беру.




Әңгімелеу:

Ертегі «Айна»

Тәрбиеші балаларға «Айна» туралы ертегіні оқып түсіндіріп айтып береді.

Сұрақтар:

Балалар кірпі, қоян,керік орманнан не тауып алды?

Кішкентай достарымыз айнадан неге әр түрлі суреттерді көрді деп ойлайсыңдар?

Ал енді бір бірлеріне қарап айырмашылықтары мен ұқсастықтарынды айтындарыш?

Дидактикалық ойын:

«Мен қандаймын»

Өзімен –өзім

Ал енді көздеріңді ашындар.

Қыздар мен ұлдар не туралы армандайды?

Алдымен қыздардың армандарын тыңдайық?

Ал енді ұлдардың армандары қандай екен?


Дәйек сөз. 

Жақсы қыз жағадағы құндыз,

Жақсы ұл-аспандағы жұлдыз.(мақал)

Сергіту сәті:

Таңертең тұрамын,

Бетімді жуамын,

Тісімді тазалап,

Айнаға қараймын.

Шашымды тараймын,

Киімімді киемін,

Балабақшаға келемін,

Мен жақсы баламын

Тақтаға «Мен» деген сөз жазылады немесе баланың суреті және суреттер арқылы өлең құрастырады, (тақтаға кезекпен іліп отырады). Жақсы құндылықтарға толы бір жол өлең құрастырады.


Полингвалдық компонент: Мен- Я – I,  қандай- какой what, бала- ребенок- child,


Дәптермен жұмыс:

Сурет

Дәптерде ұл мен қыздың және олардың киімдерінің суреттері берілген бағыт арқылы ұл баламен қыз баланың киімдерін тауып бояйды.

Дидактикалық ойын:

01-«Ә» №24

«Көңіл күй және жүріс»

Балалар, енді мен сендерді бір-бірлерінің көңіл-күйлеріңді көтеруге шақырамын.

Ғажайып сөздер:


- Мен...(Мен ақылды баламын, үлкендерге жол беріп, амандасамын, мейірімді, жақсымын, нәзікпін, мықтымын, кішкентайларға ізетпен қарап көмектесемін т.б.).





Балалар ертегіні түсініп ертегі бойынша қойылған сұрақтарға толықтай жауап береді.





Балалар өздері жайында айтып өтеді.




Көздерін ашып әр бала өз армандарын айтады.




Мақалды қайталап жаттайды, қандай мағына бергенің айтып береді.



- Қимыл-қозғалыспен көрсету







-Мен қандаймын, қандаймын биік таудаймын (таудың суреті) -Мен қандаймын, қандаймын әсем сұлу айдаймын (тәтті балдаймын, шалшық судаймын...)

Үш тілдегі сөздерді тәрбиешінің көмегімен қайталайды.


Балалар берілген тапсырманы мұқият орындайды.




Балалар ойынды қызыға ойнайды.


Балалар әнді бірге айтады.

Біз бір бірлерімізді сыйлаймыз

Бір бірімізге көмектесеміз.

Рефлексифтік-

қорытындылау

Соңғы тыныштық сәтi. (баяу әуен )

Өзінді өзін таны да, Тағы да ойлан,тағы да.

Жақсылық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?»-деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

«Мен қандаймын?»-деп ойла- Жақсы ,рахмет балалар!


Тақпақтың мағынасын айта отырып өзі қандай бала екенің әңгімелеп айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

  • Әр бала жеке тұлға екендігін білу керек.

Не туралы түсінігі болу керек:

  • Қыз баламен ұл баланың ерекшеліктері жайында түсінігі болу керек.

Істей алу керек:

  • Бір біріне қамқарлық көрсетіп, адамгершілік жасай алу керек.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.05.2018
6074
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі