Ұйымдастырылған оқу қызметі,Тақырыбы: «Күркіреді күн»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі,Тақырыбы: «Күркіреді күн»

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақбота» ІІ кіші тобының ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Күркіреді күн»

Мақсаты: Балаларды көктем мезгілімен таныстыра отырып, тілдік қорларын дамыту арқылы есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Қоршаған ортаны құрметтеуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Құрал- жабдығы: суреттер

Билингвальды компонент: көктем-весна, аналар- мамы, мереке- праздник,

Әрекет кезеңі


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші балаларды өзіне қаратады. Жылулық шеңберіне балаларды тұрғызады.


Армысың шапағатты Күн Ана!

Армысың қайырымды Аспан Ана!

Армысың мейірімді Жер Ана!

Құт дарыт, бар әлемді жарылқа!


Жылулық шеңберінен кейін орындарына отыратынын айтады.



-Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа Көктем келіпті.Қане, қарсы алайықшы.

- Балалар,дұрыс айттыңдар, Көктем сендерге тапсырмалар ала келіпті орындап көреміз бе?

1 тапсырма

Көктем келгеніне байланысты күннің суретін салыңдар



2 тапсырмасын гүлдің астынан тауып алады

Көктем туралы тақпақ айтып беріңдер






Сөздік жұмыс:

Көктем –весна, мереке- праздник, аналар-мамы

Балалар тәрбиешіге қарап, жылулық шеңберіне тұрады.


Тақпақты тәрбиешімен бірге айтады.




Жылулық шеңберінен кейін орындарына отырады.



Келген қонақ Көктеммен амандасады




Балалар күннің суретін салады



Балалар мұқият іздеп тәрбиешінің көмегімен тапсырманы гүлдің астынан тауып алады, орындайды




Сөздік жұмысты қайталайды

Іздену ұйымдастырушылық

-Қане, балалар, көктемнің тапсырмасын орындадық па?

3 тапсырма «Сиқырлы дорба» ішінен шығады

Сергіту сәтін жасау.

«Анашым» әнін айту

-Қане, балалар, аналар туралыне білеміз?

-Аналар мерекесі. Ендеше біз аналар мерекесіне дайынбыз ба?

-Балалар, көктем келгеннен кейін жаңбыр жауып, күн күркірейді. Ендеше №4 тапсырма «Қайтала » ойынын ойнаңдар.

Дидактикалық ойын «Қайтала» Ауа-райының құбылыстарына байланысты ЖЕР,Ауа, СУ,Жел,Қар, Жаңбыр қимылдарын көрсетеді де, күн күркіреді деген кезде орындарына отыра қалады.






Жүректен-жүрекке:

Күніміз ашық болсын!

Уайым жоқ болсын!

Береке көп болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Тәрбиешіні тыңдайды, қайталайды, №3 тапсырманы орындайды

Сергіту сәтін жасайды.

«Анашым» әнін айту





Дидактикалық ойынын ойнайды

Жер-жерді көрсетеді, Ауа-қолды сермеп көрсету, Су-су ағысын қайталау, Жел-қолды тез бұлғау арқылы, Қар-саусақты жұмып-ашып көрсетеді, Жаңбыр-қолды кезекпен жоғары-төмен түсіреді, күн күркірегенде орындарына отырады. Тәрбиеші қимылын айна қатесіз қайталайды.

Жылы тілекті айтады, достарына өз тілектерін тілейді

Рефлексивті

түзеуші


Ұйымдасқан оқу іс-әрекет соңында балаларды мақтау, мадақтау арқылы белсенділіктерін көтеру, қыздарды құттықтау




Сұрақтарға өздерінің ойларын ашық айта отырып жауап береді.





Күтілетін нәтиже:

Білуі немесе хабардар болуы: Тәрбиешіні тыңдай отырып, іс-әрекеттерді жасау;

Қалыптасқан әдет: Өз ойларын қорытындылай алады;

Істей білуі: Тапсырмаларды мұқият орындай алады



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2018
655
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі