Ұйымдастырылған оқу қызметі,Тақырыбы: «Менің туыстарым»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдастырылған оқу қызметі,Тақырыбы: «Менің туыстарым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: «Өзара сыйластық» ұғымынң адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру  Туыс, туысқан ұғымы жайлы түсінік беру;  Туыстарға деген сыйластық қарым – қатынастанын дамыту  Өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырған оқу қызметінің

технологиялық картасы

«Ақбота» Ересектер тобы Уақыт:01.11.2016ж

Білім беру саласы:Әлеумет.

Бөлім: Өзін -өзі тану.

Пәнаралық байланыс: сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Менің туыстарым»

Мақсаты:

  • «Өзара сыйластық» ұғымынң адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру 

  • Туыс, туысқан ұғымы жайлы түсінік беру; 

  • Туыстарға деген сыйластық қарым – қатынастанын дамыту 

  • Өзара сыйластыққа тәрбиелей 

Сөздік жұмыс: туыс,жақын туыс

Полингвалдық компонент: Менің- Мои- My, туыстарым- родственники-  relatives

Көрнекілік: Үнтаспа, дәптер, суреттер, хрестоматия 

Іс-әрекеттің кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себебті (дәлелді) - ықпалды

Шаттық шеңбер: 
Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерді көргеніме бүгін өте қуаныштымын. 
Кәне бәріміз бір шеңбер болып жиналайықшы 
Балалар жиналды бір топқа 
Сен менің мен сенің досыңмын 
Кәне қолды бер досым 
Бірге ойнайық қуана 
Балалар кәне шеңберімізді ашайық қараңдаршы менің қолымдағы доптың түсі қандай және неге ұқсайды? 
Дұрыс айтасыңдар аспанның түсіне ұқсайды , олай болса мен сендерге көңілдерің тап-таза ашық болсын дегім келіп тұр . Енді осы доптың көмегімен «Сендер қандай баласың» деген сұраққа жауап беріңдерші 

1- Бала Мен Жазира әдепті қызбын 
2- 2- бала. Мен Нұржан батыр баламын 
3- Бала: Мен Аружан мейірімді қызбын 
4- Бала : Мен Әділет тәртіпті баламын 
5- Бала: Мен Алтынай шыншыл қызбын 
6- Бала Мен Ернар ақкөңіл баламын 
7- Бала: Мен Алима анама қамқоршымын 
8- Бала:Мен Алишер ақылды баламын 
9- Бала: Мен Мадина сұлу қызбын 

Ұйымдастыру- барлау


























Ұйымдастыру- барлау

Тәрбиеші :Балаларға кәне кілем үстіне отыруларыңды сұраймын. 
Кәне көздеріңді жұмуларыңды сұраймын. 
Сендердің отбасыларыңда тамаша мереке өтіп жатыр, үйлеріңнің іші сондай қуанышта, шаттыққа толып кетіпті, отбасы мүшелерінің барлығы мәз – мейрам. Құмыралар гүлге толып тұр. Әдемі түрлі – түсті шарлар әуеде қалықтап жүр. Сендер өз ата- ана, ата – әжелеріңмен қуанып ойнап, би билеп шаттанып жүрсіңдер. Қуанышты көңілмен көзімізді ашып, қандай сезімде болғанымызды айталық. 
Әңгімелесіу. 
- Балалар, қараңдаршы, мен бүгін сендерге қандай сурет әкелдім. (суретті стендке іледі) 
- Бұл суретті қалай атайсыңдар? Неліктен? 
- Ал сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме? 


-Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер кім туралы айтылғанын табыңдар. 
Ол өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжімдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. 
-Бұл кім?
- Оны қалай білдіңдер? 
- Ал сендердің әжелерің не істей алады? Ол көзілдірік киеді, көп кітаптар оқиды, көптеген қызықты тарихи оқиғаларды біледі. Ол әжеге көмектеседі, дүкенге және базарға барады, зейнетақы алады, немерелеріне қарайласады. 
- Кім бұл?
- Ал сендердің аталарың қандай?
Оны жер бетіндегі ең бірінші, ең әдемі сөзбен атайды. Ол сен үшін ең қымбат адам.. 
-Бұл жұмбақ кім туралы?
---Сендер өздеріңнің аналарыңды қандай мейірімді сөзбен атайсыңдар?
-Аналарың сендерді қалай еркелетеді?
- Және соңғы жұмбақ.. 
Ол салмақты да, байсалды, барлық бос уақытын сендермен өткізеді: сендерді қайда барам десеңдер де апарады, демалыс кезінде барлық отбасын табиғатқа алып шығады. 
-Бұл кім?
-Дұрыс. Ал әке не істей алады?
- Ал сендердің әкелерің қандай- Балалар, ал сендер білесіңдер ме, жақын адамдарды қалай атайды? -Оларды туысқандар немесе туыстар деп атайды. 
-Айтыңдаршы, аға мен апа (әпке) бір біріне кім болады?
- Ал немере апай?
- Ал тәте -әкесінің апасы, сендерге кім?
- Ал ағай (немесе ағатай) - әкеңнің ағасы?


Полингвалдық компонент: Менің- Мои- My, туыстарым- родственники-  relatives
Дәйік сөз: 

Дұрыс айтасыңдар балалар осы туыстарымыздың айтқандарын тыңдасақ, олардың ізімен жүрсек бізде келешекте ақылды да парасатты азамат болып өсеміз. 
Кәне осы туыстар туралы кім өлең – тақпақ біледі екен . 
Өте дұрыс рахмет сендерге отбасыларың әрқашанда аман және тату болсын. 
Балалар қазір кішкене сергіту сәтін жасайық. 
Мен қазір сендерге «Тату тәтті отбасында» 3 адам , 4адам, 5 адам тұрады деймін , сендер сол санға сәйкес тез топтасып тұра қалыңдар. 





Балалар олай болса казір дәптермен жұмыс жасаймыз 
Дәптердегі туыстық ағашында берілген торкөздерге өз туыстарыңның суретін салыңдар. 
Санамақ айту 
Бір үйде біз нешеуміз? 
Кел санайық екеуміз 
Бас бармағым – атам, 
Балан үйрек – апам, 
Ортан терек - әкем, 
Шылдыр шүмек – анам, 
Кішкентай бөбек – мен. 
Біз үйде нешеуміз 
Біз үйде бесеуміз 
Ғажайып сөздер: Балалар олай болса кәне айта қойыңдаршы , сендер отбасы, туыстарыңа не тілер едіңдер: 
Олай болса балалар мына үйшіктер сендердің үйлерің осы үйде қандай көңіл- күй болса деп ойлайсыңдар. 





Балалардың жауаптары 












Балалар тәрбиеші қойған сұрақтарға толықтай жауап береді











әже


(балалардың жауаптары, тәрбиеші толық жауап беруін талап етеді ) 



ата


балалардың жауаптары



ана туралы


Анашым, анатайым








балалардың жауаптары

әке

ағаш жарады, футбол ойнайды, т.б.
күшті, батыл, мықты,...
туысқандар

Үш тілдегі сөздерді тәрбиешінің көмегімен қайталайды.



Ең жақын адамдар – 
Әкем мен анам бар. 
Әкемнің әкесі – 
Ақ басты Атам бар. 
Әкемнің шешесі – 
Ақ шашты Әжем бар. 

Ұлдардың үлкені – 
Бір туған ағам бар, 
Қыздардың үлкені – 
Бір туған әпкем бар. 

Үлдардың кішісі - 
Бір туған інім бар, 
Қыздардың кішісі- 
Бір туған қарындас 
Әпкеге – сіңілі бар. 

туысқан


«Отбасындағы сыйластық туыстарға деген сүйіспеншілікпен туындайды»деген нақыл сөз бар . Ол сөздің мағанасы егер туыстарымызды сыйлап, қамқорлық жасап көмектесіп отырсақ сонда ғана туыстар арасында түсіністік пен татулық орнайды.Біз отбасымызды , туыстарымызды сыйлауымыз керек. Олар біздің жақын адамдар. 

Туыстарым аман болсын 
Туыстарды сыйлау керек 
Оларға көмектесуіміз керек

Балалардың жауабы: 

Рефлексифтік-

қорытындылау

Қорытынды:

ҰОҚ-де белсенді болған балаларды мадақтайды.

Туысқандарды қалай сыйлау керек?

Туысқан деп кімдерді айтамыз.

Қойылған сұрақтарға жауап беріп ойларын қорытындылайды.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек:

  • Туыстарға деген сыйластық қарым – қатынастанын дамыту  туралы білу керек.

Не туралы түсінігі болу керек:

  • Туыс, туысқан ұғымы жайлы түсінікгі болу керек.

Істей алу керек:

  • Өзара сыйластыққа тәрбиелей  жасай алу керек.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.05.2018
2801
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі