Ұйымдыстырылған ашық іс-әрекет: "Көңілді көліктер" мектеп алды топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұйымдыстырылған ашық іс-әрекет: "Көңілді көліктер" мектеп алды топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қолдануға тиімді, үйлесімді жасалған ұйымдастырылған ашық іс-әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: «Көңілді көліктер»


Мақсаты: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызмет аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту.
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, саяхат, ойын.
Көрнекілігі: Тақырып мазмұнына байланысты суреттер, теледидар, DVD, интерактивті тақта.
Шаттық шеңбер:
«Амандасу рәсімі»
«Мәржол» атты бақшаның,
Тәрбиелі баласы.
Алдыменен үлкенмен,
Амандасып алады.
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң достарым!
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз, Жер, Аспан және теңізге саяхатқа барамыз. Олай болса 3 топқа бөлініп алайық. Кім? Қайда? саяхаттайды екен анықтап алайық. (топқа бөлу) Балалар, олай болса өз орындарыңды тауып отырыңдар.
Ой қозғау: Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?
Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беру. Сурет бойынша әңгімелеу.
Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.(Сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырушы – Ізденушілік.
Балаларды оқу іс - әрекетінің тақырыбымен таныстыру.
Балалар қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда көлік түрлері өте көп.
Көліктер әуе, су және жер көліктері болып үшке бөлінеді.
Әуе көліктеріне ұшақ, тікұшақ, зымыран жатады.
Су көліктеріне кеме, қайық, желкенді қайық жатады.
Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т. б жатады. (Сөйлеуді дамыту)
Ғажайып сәт: Телефон шырылдайды.
Телефонмен сөйлесіп, балаларға қоянның қиын жағдайға тап болғанын, оған көмек керек екенін айтып, оған бару үшін жолда кездескен тапсырмаларды орындау керектігін түсіндіру.
- Балалар қоянға көмектесеміз бе?
- Ол үшін бізге берілген 1-тапсырма «Көк трактор»дағы тапсырманы алдымен орындау керек.

1-тапсырма Барлығымыз сиятын көлікті тауып өлең айтамыз. (автобус)

Үлкен-кіші кәрі де,

Қаладағының бәрі де,

Автобусқа мінеді,

Мәз-мейрем болып жүреді.

Тез жететін боламыз,

Тобымызбен барамыз.

Өлеңдетіп қоянға,

Автобуспен барамыз.

- Балалар алдымыздағы ұзақ жолды автобуспен тез жүріп өттік.


- Балалар біз үлкен көлге келдік, көлден қалай өтеміз?

- Ол үшін бізге берілген 2-тапсырма «Қызыл трактор»дағы тапсырманы алдымен орындау керек.

2-тапсырма Су көліктерінің түрлерін ата. (Кеме)

- Балалар алдымыздағы көлден ескегімізді есіп өтейікші.

3-тапсырма «Жасыл трактор»дағы тапсырманы алдымен орындау керек.

3-тапсырма Сергіту сәті: «Көңілді көліктер».

- Балалар біз үлкен тау-тастарға кездестік, енді одан қалай өтеміз?

- Ол үшін бізге берілген 4-тапсырма «Ақ трактор»дағы тапсырманы алдымен орындау керек.

4-тапсырма жұмбақ жасырамын, оның шешуі алдымыздағы үлкен таудан өтуге көмектеседі.
Құстан аумайды
Көкте заулайды.(ұшақ)

- Балалар алдымыздағы үлкен таудан ұшақ болып ұшып өтейікші.
- Әне балалар мына орманнан қоянды тауып алдық.
Қоян: Балалар маған көмектесу үшін алыс жол жүріп келдіңдер, сендерге алғысымды білдіремін. Мен қандай көлік қай жерде жүретінін білмеймін, сол үшін маған көмектерін керек. Олай болса ойын ойнайық.
Ойын: «Ұшты - ұшты».
Шарты: Әуе көліктерін айтқанда қолдарын жоғары көтереді, ал жер көліктерін айтқанда жерге отарды. Су көліктерін айтқанда ескек еседі.

Ұшақ (ұшады)

Мотоцикл (жүреді)

Кеме (еседі)

Трактор (жүреді)

Парашут (ұшады)

Қайық (еседі)
Қоян: Балалар өте ақылды және қайрымды балалар екенсіңдер, енді үйлеріңе қайту үшін, бүгінгі алған білімдеріңді қорытындылау керек. Ол үшін менің сендерге тапсырмам бар.

- 5-тапсырма «Сары трактор»дағы тапсырманы орындау керек. Сендерге әр топқа арналған жапсыру жұмыстары беріледі.

5-тапсырма Дидактикалық ойын: «Не қайда жүреді

Қоян: Балалар, сендерге көп рақмет, сендер өте ақылды балалар екенсіңдер. Олай болса үйлеріңі қайта беріңдер.

Сау болыңдар, сендерге көп рахмет.

Балаларды шеңберге тұрғызып, оқу іс - әрекетіне белсене араласқан балаларды мақтап, мадақтау.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық.
Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:
Меңгереді: Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастыра білуі.
Игереді: Тапсырмаларды орындайды.
Қолданады: Күнделікті өмірде көлік қызметін қолданады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.07.2024
304
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі