Ұжымдағы өзара қарым-қатынас

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұжымдағы өзара қарым-қатынас

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға ұжым ұғымы, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: ұжымдағы өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу. Тәрбиелік: оқушыларды ұжымын құрметтеуге, татулыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 07.02.2019ж.-7-А,Е

08.02.2019ж-7-Ә

13.02.2019-7-Д

Мектеп: №54 ЖОМ

Сабақтың тақырыбы: Ұжымдағы өзара қарым-қатынас (21 сабақ)

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: татулық, қамқорлық, мейірімділік

Мұғалім: Барлыбаева Г.К.

Сынып: 7-А,Ә,Д,Е

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ұжым ұғымы, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: ұжымдағы өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды ұжымын құрметтеуге, татулыққа тәрбиелеу

Ресурстар:Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беріледі.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик) тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Психологиялық дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай аламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан - жағым.

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Барлығы:
Шөліркімей гүл тұрсын, (Сол қолын жайып көрсетеді.)

Жерім жайнап құлпырсын. (Оң қолын жайып көрсетеді.)

Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді.)

Көкте мәңгі күн тұрсын. (Екі қолын екі жаққа жаяды.)

Ортақ бізге туыстық, (Екі қолын төбесіне көтереді.)

Нұр сыйлаған күн ыстық. (Қолдарын жаяды.)

Ыстық бізге кең өлке, (Оң жаққа қарайды.)

Ыстық бізге тыныштық. (Сол жаққа қарайды.)

2.Үй тапсырмасын тексеру. 83 б. жаттау


Дәйексөз Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз – ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз. Василий Сухомлинский


Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.

Әңгімелеу. Айгүлдің әңгімесі Марат Қабанбай

● Айгүл мен әжесінің арасындағы сыйластықтың сыры неде?

● Айгүл сыныбынан неліктен жылылықты сезіне алмады? Ол неге жалғызсырады?

● Айгүлдің «Мен жер астындағы алтын, күміс емес, дос, туыс болуға татитын адамдарды іздеп жүрмін ғой», - деген сөзінен нені аңғаруға болады? Айгүлге қалай көмектесер едің?

● Айгүл сыныптастарының арасынан нені іздеді деп ойлайсыңдар?

● Айгүлдің «Адам бағаға қарап дос таңдайды екен-ау», - деген ойымен келісесіңдер ме? Неліктен?

Өзің оқитын сыныптағы өзара қарым-қатынас қандай? Оны қалай бағалайсың?

Сыныбыңдағы қарым-қатынастарды өзгерткің келе ме? Неліктен? Қалай өзгертпексің?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Шығармашылық жұмыс:


«Мектеп жолдары» жаттығу Тақтада немесе шеңбердің ортасында «Мектеп жолдары» суреті жапсырылады. Оқушыларға сөйлемді аяқтау ұсынылады: «Бастауыш сыныпта менің есімде қалған...........», «Бесінші сыныпта маған.......». Барлығы шеңбер бойымен бір-біріне доп немесе жұмсақ ойыншықты кезекпен беру арқылы пікірлесіп айтады. Жүргізуші қызықты пікірлерге мән беріп, барлық оқушылардың мектептегі тәжірибесіне көңіл аударады. Жүргізуші оқушылардан 5-ші сыныпқа ауысқанда мектеп өмірінде қандай жаңа өзгерістер кездескені жөнінде әңгімелеп беруді ұсынады.


1. Жағдаяттармен танысып, ұжымдағы қарым-қатынас туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер.

Сенің байқауыңша, сыныптас жолдасың соңғы кезде сабаққа, қоғамдық жұмыстарға самарқау қатысып, томаға тұйық жүр. Оның сабақ үлгерімі де төмендеп кетті. Осы жағдайда сен не істейсің? *** Сен бұл сыныпқа жаңадан келген оқушысың. Сыныптастарың адамды білімі бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді байқай бермейтін тәрізді. Осындай ортада өзіңді қалай ұстаймын деп ойланып жүрсің...

2. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, ұжымдық қарым-қатынасқа қатысушы тұлғаның (сыныптасың, досың, ересек адам, көркем әдебиет немесе фильм кейіпкері және т.б.) адамгершілік портретін суреттеп жазыңдар: жаныңа бір жылылық сәулесін себетін, мерейіңді тасытып, абыройыңды арттыратын, адамдарға нұр сыйлайтын, көңілге қымбат сыр сыйлайтын, ашық-жарқын пейіл, адамдық ықылас, ізгілікті ізет, адамдық қасиет, мейірім шашқан шапағатты бейне, ізгілік пен парасат.

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.

Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Топпен ән айту . «Сәби болғым келеді» Сөзін жазған Мұқағали Мақатаев Әнін жазған Тұрсынғазы Рахимов

Әнді ерекше көңілмен айтады

Үй тапсырмасы: Алғашқы айлар (Повестен үзінді) Мұқан Иманжанов

Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті.


8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.


Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.









Қолданылған әдебиеттер:

  1. Өзін-өзі тану оқулығы.Алматы 2017

https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/28951/









Күні: 13.02.2018ж.

Мектеп: №54 ЖОМ

Сабақтың тақырыбы: Ұжымдағы өзара қарым-қатынас (22 сабақ)

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: татулық, сыйластық, қамқорлық, мейірімділік

Мұғалім: Барлыбаева Г.К.

Сынып: 7-А,Ә,Д,Е,Ж

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ұжым ұғымы, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру.

Дамытушылық: ұжымдағы өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды ұжымын құрметтеуге, татулыққа тәрбиелеу

Ресурстар:Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т»- ны қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беріледі.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» (кітап, дәптер, пенал, күнделік, бейджик) тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Психологиялық дайындық.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы:

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай аламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан - жағым.

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Барлығы:
Шөліркімей гүл тұрсын, (Сол қолын жайып көрсетеді.)

Жерім жайнап құлпырсын. (Оң қолын жайып көрсетеді.)

Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді.)

Көкте мәңгі күн тұрсын. (Екі қолын екі жаққа жаяды.)

Ортақ бізге туыстық, (Екі қолын төбесіне көтереді.)

Нұр сыйлаған күн ыстық. (Қолдарын жаяды.)

Ыстық бізге кең өлке, (Оң жаққа қарайды.)

Ыстық бізге тыныштық. (Сол жаққа қарайды.)

2.Үй тапсырмасын тексеру. Алғашқы айлар (Повестен үзінді) Мұқан Иманжанов

Бірлік, сыйластық, түсіністік, ұйымшылдық, ұжымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

Сапар неліктен сыныптан оқшауланып қалды? Оған кім кінәлі?

Мақсатына жету үшін Сапарға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер? ● Сапар қайткенде өзі ойлағандай «жақсы оқушы» болады деп ойлайсыңдар? ● Сапар айналасын таңғалдыру үшін не істеуі керек?


Дәйексөз «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы» Авраам Линкольн

Ұжымдағы жайлы ахуалдың сақталуы әрбір адамның жан дүниесіне, көңіл-күйіне тікелей байланысты. Адамның жан дүниесі дегеніміз оның ішкі көңіл-күйі, сезімдері, ойлары, арманы, қиялы. Жалпы адамның қолға ұстап, көзбен көруге мүмкін болмайтын күйлері. Бірақ олар сыртқы факторлардың әсерімен әр адамның әртүрлі әрекеттері мен қылықтары арқылы көрініс табады. Сендер мектепте бірлесіп қоғамдық пайдалы іспен шұғылдансаңдар, бір-біріңе көмектессеңдер, ұжымда бірлік, сыйластық болады. Білім алу, өнерге үйрену және өмірді түсіну сияқты ортақ мақсат – сендерді біріктіреді, ұжымда жайлы ахуалдың болуына жағдай туғызады.

Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.

Әңгімелеу. Ағаның хаты

Әбді Шынбатыров

Бір бөлмеде екеуміз ғана тұрамыз. Бір-бірімізден жасыратын сырымыз жоқ. Жасымыз да шамалас. Ол ақ жарқын жігіт, дос дегенде ешнәрсесін аямайтын жан. Мен оның еңбекшілдігіне қайран қаламын, қашан көрсең де том-том кітапты жан-жағына жинастырып қойып, сарылып оқып отырғаны. Кей-кезде өз-өзінен жымиып қояды. Жаны рақат тауып отырғанын сезе қоямын. Сабақтан кешірек келсем Әбен столда қағаз жазып отыр екен. Алғашқыда ыңғайсызданды ма, қағазын қолымен қалқалай берді. Сәлден кейін оқып көрші деді. Өзіміз салдыр-салақ, желе жортып жаза салатын кәдімгі хат. Әбеннің ұқыптылығы сол, оның өзіне ерекше мән беріпті.

Ербол, білесің бе? – дейді ол маған. Өткен жылы әкей қайтыс болғанда қыздың кенжесі Нұрила небары он екіде ғана болатын. Ешкім бетінен қақпай еркелеткендіктен бе, онша ақыл тоқтата қоймағандай көрінуші еді маған. Ал биыл... биыл көп өзгеріпті. Сабағын жақсы оқып, апасына бар шаруада көмектеседі екен. Түсіне қойдым. Бауырға деген мейірім. Хат мынадай еді.

«Айналайын Нұрилаш! Сабағыңды жақсы оқып жүрсің бе? Хатыңды алғанда бауырластық сезімнің ерекше бір толқыны кернеді ме, шалқып кеттім, толқып кеттім. Қысқасын айтқанда, қатты қуандым. ...Көп оқы, ізден. Сонда дүниенің бар тетігін білетін боласың. Өзіңді-өзің тәрбиеле. Өтінерім, аса мақтаншақ болма, бұл өзі өмірдегі өрескел, жарамсыз мінездің бірі. Барынша сабырлы, салмақты, ойлы болғаныңды қалаймын. Үлкенді сыйла, ананы құрметте, жібектей мінез, іскерлік, ақылдылық қашаннан қазақ қыздарына тән. Міне, осылар өміріңе гүл боп өріліп, тал бойыңда жарасымын тауып тұрсын», – депті. Жақсы кітап оқығандай сүйсініп қалдым. Соңында сабағының жақсы екендігін жазыпты. Шынында Әбен факультетте оқу озаты. Хатты өзіне қайтарып бердім. Маған да көп ой салды. Әбен столға қайта отырды да, енді конверттің сыртына адресін жазды. Нұрилаш, хатты алғанда сөз жоқ шаттанасың. Балбұл жанған сол сәттегі жүзіңді, ойлы бейнеңді еш уақытта көрмесем де көз алдыма елестетемін. Бақытты екенсің айналайын, алдыңда ойлылыққа шақырған Әбендей үлгілі ағаң бар. Алыс ауылдағы бауырларымды ойлап, мен де елжіреп кеттім.

Әбеннің Нұрилаға хат жазуының себебі неде?

Әбен Нұрилаға қандай ақыл айтты?

Аға ақылынан қандай үлгі алуға болады?

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

Өзің іні-қарындастарыңа қандай ақыл-кеңес айтып жүрсің?



Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Шығармашылық жұмыс:

Мәтінді оқыңдар. «Әдепті адам қандай болуы тиіс?» тақырыбында ереже құрастырыңдар. «Тәрбиелену үшін, өзім жүрген ортаның деңгейінде болу үшін, күндіз-түні бірдей еңбектену, өмір бойы оқу, жаттығу, қажырлы-қайратты болуым қажет. Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын құрмет тұтады, сондықтан әрқашан кешірімді, биязы, кішіпейіл келеді. Олар ақкөңіл, өтірік айтудан оттан бетер қорқады. Тіпті түкке тұрмайтын нәрселерге байланысты өтірік айту дегенді білмейді. Олар босқа көп сөзге салынбайды, үйінде қандай болса, көшеде де сондай көрінеді». А.П. Чеховтың інісіне жазған хатынан


Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.

Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Топпен ән айту. Не деген керемет күн!

Әнді ерекше көңілмен айтады

Үй тапсырмасы: 90 б. жаттау

Күнделіктеріне жазады.

8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.


Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.






Тексерген:13.02.2018ж.




Қолданылған әдебиеттер:

  1. Өзін-өзі тану оқулығы.Алматы 2017

https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/28951/

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
1566
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі