«Ұжымдағы өзара қарым-қатынас» 7сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұжымдағы өзара қарым-қатынас» 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін - өзі тану пәнінен керекті материал. Сабақ құрылымы жақсы құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:________

«____»______2018ж


Мектеп: № 279 Мұғалім: Гулбану Асылбекова Онталаповна

Мерзімі: 9.02.18ж

Сынып: 7б

Өзін – өзі тану мұғалімі

Тақырыбы: 22 сабақ . «Ұжымдағы өзара қарым-қатынас»


Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: жауапкершілік, ізгілік, мейірімділік


Мақсаты: Оқушыларға ұжымдағы қарым-қатынастың адамгершілікке негізделуі керектігін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • оқушыларды ұжымдағы тұтастық, жауапкершілік, сүйіспеншілік құндылығына негіздеуге үйрету;

  • оқушылары айналасындағыларға риясыз қарым-қатынас жасауға баулу;

  • оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, риясыздыққа тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру кезеңі

5 т ережесі бойынша Тәртіп, талап, тазалық, тыныштық, татулық

І. Тыныштық сәті Тыныс алу жаттығуы

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 6-8 рет)

Рахмет.

Ресурстар:

Оқулық, оқушы дәптері,

ІІ. Үй тапсырмасы:

Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар»повестен үзінді

1.Бірлік, сыйластық,ұжымшылдық, ұйымшылдық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

2.Сапар неліктен сыныптан оқшауланып қалды? Оған кім кінәлі?

3.Мақсатына жету үшін Сапарға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер?

4.Сапар қайткенде өзі ойлағандай жақсы оқушы болады деп ойлайсыңдар?

5.Сапардың бойынан қандай қасиет байқалады? Бұл қандай құндылықтың көрінісі?

ІІІ. Дәйексөз

«Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз – ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу деген сөз»

В. Сухомлинский

Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер?

ІҮ. Әңгімелесу. Адамдар арасындағы қарым-қатынас бейне таспа

1.Адамдар арсында қандай байланыс болды?

2.Қарым-қатынастың адам өмірінде маңызы бар ма?

3.Жақсы қарым-қатынас жасай білу үшін қандай қасиеттер қажет?

Ү. Шығармашылық жұмыс.

1-топ. Көрнекті мемлекет қайраткері А. Линкольннің «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым қатынасы» деген ойын басшылыққа алып, өз сыныбындағы қарым-қатынасты жақсартудың жолдарын ұсына отырып, ой-толғау жазу.

2-топ.Қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері

Ғ. Мүсіреповтің тәлімді ойларының адамдармен ізгі қарым-қатынас жасауға тигізетін пайдасы туралы баяндау.

... «Асылы, адам – өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға , оған ажар түр беруге, оны әшекейлеп, өрнектеуге еңбек етеді».

«Өзің аспанда ойың төменде жүргенше, өзің төменде, ойың аспанда жүрсін. Биік деген немене, төмен деген немене - сонда түсінерсің»

3-топ. Адамгершілік портретін суреттеп жазу.

4-топ.Сенің байқауыңша, сыныптас жолдасың соңғы кезде сабаққа, қоғамдық жұмыстарға самарқау қатысып, томаға-тұйық жүр. Оның сабаққа үлгерімі де төмендеп кетті. Осы жағдайда сен не істейсің?

Қорытынды.

Ғасырлар бойына қалыптасып, халықпен бірге жасасып келе жатқан әдеп «Адам» деген ардақты атқа кір келтірмейтін әр кісіге, ұжымның әрбір мүшесіне ауадай қажет рухани игілік болып табылады.Ұжымдағы жайлы ахуалдың сақталуы әрбір адамның жан дүниесіне, көңіл-күйіне тікелей байланысты.

ҮІ. Топпен ән айту.

Дәрібаевтардың орындауындағы «Өміріңе немқұрайлы қарама» әні

ҮІІ. Үйге тапсырма.

Оқулықтың 91 бетіндегі Ақселеу Сейімбектің әңгімесін оқу.

ҮІІІ. Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабағымызда айтылған жақсы қасиеттерді есімізде сақтап іс жүзіне асырайық.






















Өзін-өзі тану пәні пәнінің 02-12.02.2018ж күндері аралығындағы

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»

атты дәстүрлі онкүндігі аясында 7 «Б» сыныбында өткізілген

«Ұжымдық өзара қарым-қатынас» тақырыбындағы ашық

сабақтың қорытынды

Анықтамасы

Тақырыбы: «Ұжымдық өзара қарым-қатынас»

Уақыты: 9.02.2018ж

Сыныбы:7 «Б»


Тыңдалды:

1. Г. Асылбекова өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Негізгі мақсатым: оқушыларға ұжымдағы қарым-қатынастың адамгершілікке негізделуі керектігін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

оқушыларды ұжымдағы тұтастық, жауапкершілік, сүйіспеншілік құндылығына негіздеуге үйрету, оқушылары айналасындағыларға риясыз қарым-қатынас жасауға баулу;

оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, риясыздыққа тәрбиелеу;

2.Қ. Абдикерова информатика пәнінің мұғалімі

Бүгінгі ашық сабақ барысында мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, сөйлеу қоры, оқушылармен қарым- қатынасы өте жақсы. Сабақтың құрылымы сақталды, дәйексөз тақырыпқа сай етіп алынған, оқушылар түсініп, өз ойларымен түйгендерін жеткізе алды. Сабақта пайдаланған шығармашылық тапсырмаларға қызығушылықпен қатысты және бейне таспа көру арқылы М. Сұлтанбаев, Ж. Қуанышева, Н.Қалижанов, Ы.Еркінбаевтар өз ойларын ашық және өмірмен байланыстыра айтып отырды. Бұл сабақтың тәрбиелік мәні зор және өзге сабақтан айырмашылығы бар сабақ.Сабақты «өте жақсы» деп бағалаймын.

3.З. Даулетова биология пәнінің мұғалімі

Бүгінгі ашық сабақ маған ұнады. Ұйымдастыру барысында оқушылардың назарын сабаққа аудара білді. Сабақ тыныс алу жаттығуымен басталып, үй тапсырмасы сұралды. Үй тапсырмасы бойынша сыныпта жақсы болып көріну үшін айналаңды таң қалдыру міндетті ме? деген сұрақ М. Байназарова, А. Тастыбаев қазіргі кезде әдептіліктің, адамгершіліктің жойылып бара жатқандығы туралы айтып өмірмен байланыстырып отырды. мұғалім шығармашылық тапсырма бойынша әдеп нормаларын сақтаумен ережелерін айтып отырды.мұғалім жан-жақты дайындалып келгені көрініп отырды.Бүгінгі ашық сабақты « өте жақсыға» бағалаймын.

4. Э.Медеуова мектеп психологы, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Бүгінгі ашық сабақ өз мәнінде өтті, сабақ құрлымы жақсы сақталған мұғалім осы пәнге төселгені көрініп тұр. Жақсы дайындықпен келген оқушылар мен қарым –қатынасы байланысы жақсы. Оқушылардың да қызығушылықпен сабаққа қатысып отырды, өмірмен байланыстырып, өз сыныптарындағы, достар арасындағы қарым-қатынас туралы шынайы пікірлерін айтып отырғаны маған ұнады. Қорыта келе ашық сабақты « өте жақсыға» бағалаймын.


Қортынды: 9.02.2018ж 7 «Б» сыныбына өткізілген «Ұжымдағы өзара қарым-қатынас» тақырыбындағы ашық сабақ, қатысушы мұғалімдердің шешімімен 5 «өте жақсы» деп бағаланды.



Анықтама беруші: И. Жусупова


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.05.2018
5441
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі