Ұжымға арналған сауалнама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұжымға арналған сауалнама

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарым қатынастағы басқаларға ұнамдылық, сыйысымдылық көрсетуге икемділікті бағалау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сауалнама

«Адамдармен тез тіл табыса аласыз ба?»

Мақсаты: Қарым қатынастағы басқаларға ұнамдылық, сыйысымдылық көрсетуге икемділікті бағалау.

Орындау ережесі: Төмендегі сұрақтарға “ия” “кейде” немесе “жоқ” деп жауап беріңіз.

  1. Сізді қызмет бабымен кездесу күтіп тұр. Күту сізді шаршатады ма? ------------------------------------------------------------------------------------------------

  2. Баяндама жазу хабарлама жасау сияқты іс шараларды орындау сізге қиындық тудырмайды ма? ---------------------------------------------------------

  3. Өзіңізге таныс емес қалаға іс сапармен баруды ұсынса сіз оған бармаудың барлық әрекетін жасайсыз ба? ? ------------------------------------

  4. Сіз өзіңіздің уайымыңызды басқа адамдармен бөлісуді қалайсыз ба? -----------------------------------------------------------------------------------------------

  5. Көшеде таныс емес адам бір нәрсе сұрағанда ( жол көрсету, уақытты айту) ашуланасыз ба? ---------------------------------------------------------------

  6. Әке және бала” мәселесі барлығына сенесіз бе және әр жас кезеңіндегі адамдардың бір бірін түсінуі қиынба? -----------------------------------------

  7. Осыдан бірнеше ай бұрын 300 теңге алып, оны қайтаруды ұмытқан танысыңыздан ақшаңызды сұрауға ұяласыз ба? --------------------------

  8. Танымайтын адамменен жеке қалғанда онымен сөйлеспейсіз және ол бірінші болып сөйлессе оны жақтырмай қаласыз. Солай ма? --------------

  9. Сізге қай жерде болмасын ( дүкенде, кітапхана, театр кассасында т.б.) ұзақ кезек күту керек болса сіз кезекке тұрудан бас тартасыз ба? -----------------------------------------------------------------------------------------------------

  10. Сізге анық мәселе туралы басқа біреулердің басқаша пікір айтқанын естісеңіз, сіз үндемейсіз бе, жоқ турасын айтасыз ба? -----------------------

  11. Қызметтегі сұрақтар, оқу тапсырмаларын меңгеруде басқа біреулер көмектессе, сіз қысылмайсыз ба? -------------------------------------------------

  12. Сіз өз пікіріңізді (ойыңызды бағалауыңыз) ауызша айтқаннан гөрі жазбаша түрде баяндауды ұнтасыз ба? ------------------------------------------

Бағалау шкаласы.

Ия жауабы -2 балл

Кейде -1 балл

жоқ-0 балл.

Нәтижесін бағалау:

Барлық баллдар қосындысы бойынша қарым қатынаста сіздің мінез құлқыңыз қандай өзгешеліктерге ие екені анықталады.

30-32 балл. Сіз ешкіммен тіл табыса алмайсыз, ешкімді менсінбейсіз, сондықтан оқшауланып жападан жалғыз жүресіз. Көкірек мінезіңіз өзіңізге де, жақын адамдарыңызға да өте қиын жағдай туғызады.Көпшілікпен араласуға және тіл табысуға тырысыңыз, өзіңіөді өзіңіз бағалаңыз.

25-29 балл.Сіз аз сөйлейсіз, томаға тұйықсыз, жалғыз болғанды қалайсыз, сондықтан сіздің достарыңыз аз. Жаңа жұмыс және басқалармен араласу сізді тұйыққа тіремесе де аз уақытқа болса да тыныштығыңызды бұзады. Өзіңіздің осы мінезіңізді білесіз және оған риза емессіз. Сіз мұндай наразылық пен шектелместен бұл мінезіңізді жеңуге күш салыңыз. Оған сіздің күшіңіз жетеді. Кейде жұмысқа беріліп кеткенде ашық жарқын болып, өзгелердің барлығымен тіл табысып кетесіз.Сондықтан тек қана өзіңіз тұйықтығыңызды өзгерту керек.

19-24 балл. Сіз белгілі дәрежеде көпшілсіз, таныс емес ортада өзіңізді емін еркін сезінесіз. Жаңа мәселелер сізді қорқытпайды, оны орындауға шешімді тез қабылдайсыз. Дегенмен жаңа адамдармен араласуға бәсекеге түсуге пікірталастарға түсуге асықпайсыз., өзіңізді жоғары бағалайсыз, сондықтан сіздің сөздеріңізде басқаларды кекетушілік кездеседі. Бұл кемшілікті түзетуге болады.

14-18 балл. Сіз басқалармен қарым қатынасыңызды дұрыс құра аласыз. Сіз өте әуесқой, әңгімешіл адамсыз, басқаларды жақсы тыңдайсыз, қарым қатынаста ұстамдылық көрсетіп, өз пікірлеріңізді көзқарасыңызды асықпай дәлелдейсіз. Жаңа адмдармен тез араласып, тіл табысып кетесіз. Шулы ортаны ұнатасыз. Ойда жоқтағы қылықтарды, көп сөйлегенді жақтырмайсыз.

9-13 балл. Сіз ашық жарқынсыз. Өте әуесқой, сөзшең, әр түрлі сұрақтар туралы ой пікіріңізді басқаларға білдіруге құмар болғандықтан олар туралы көп айтқандығыңызсонша, кейде айналадағылар жалығып кетеді. Жаңа адамдармен танысу сізге қиын емес. Әр уақытта көпшілік ортасында болғанды ұнатасыз, ешкімнің өтініш сұранысына жоқ деп айтпайсыз. Тез ашуланғышсыз, бірақ қайтымыңыз да тез. Егер істі өзіңіз орындағыңыз келсе, алған беттен қайтпайсыз. Жауапты мәселелерді шешуде сізге сабырлылық, батырлық, орындаушылық юетіспейді.

4-8 балл. Сіз өте епшіл көпшіл, білгірсіз.Күрделі тақырыптар басыңызды ауыртса да жарыссөздерге қатысуды ұнатасыз. Қандай да бір сұрақтарды үстіртін білсеңіз де, өз ойыңызды айтпай қалмайсыз. Барлық іс шараларға белсенді қатысып, мойныңызға алған істерді аяғына дейін жеткізе алмаса да оны орындауға белсенділікпен кірісесіз. Сондықтан да сіздің басшыларыңыз бен әріптестеріңіз сізге сенімсіз қарайды. Бұл мәселеге көңіл аударыңыз.

3 балл. Сіз ашық жарқын, көп сөйлейтін адамсыз, басқалармен өте тез тіл табысып кетесіз., бірақ бұл мінезіңізді көпшілік ұнатпайды. Сізге қатысы жоқ істердің барлығына араласып, тиісті емес мәселелердің барлығын сынап мінейсіз, сондықтан саналы және санасыз түрде айналағылардың ұрыс жанжалының себепкері боласыз. Өзіңіз тез ашуланғыш, өкпелегіш, сын көтермейтін болғаныңызға қарамастан өзіңіз кейде ешкімнің көңіліне қарамайсыз.. жауапты жұмыстардан бас тартасыз.Әріптестеріңіздің отбасы мүшелерінің сіздің осы мінездеріңізден өте қиналатын сәттері болады. Сіз өзіңіздің мінезіңіздің жөндеуге үлкен көңіл бөлуіңіз керек. Ең алдымен өзіңізді шыдамды болуға, өзіңізді ұстай білуге адамдарды сыйлауға үйрету қажет. Сонан соң өзіңіздің денсаулығыңызды ойлаңыз, өйткені мұндай мінез құлықтар міндетті түрде із қалдырады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2019
4729
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі