Ұжымға арналған тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұжымға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұжымға арналған тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы











Shape1






Тренинг мақсаты:

  • Ұжымның қарым-қатынасың нығайту, тиімді қарым-қатынас орнату


Тренинг міндеттері:

  • Тобтың біріктіретін жалпы командалық рухты қалыптастыру және нығайту;

  • ортақ проблемаларды шешуде әрбір қатысушының жауапкершілігі мен жарналарын дамыту;

  • ауызбіршілікті дамыту;


Тренинг мазмұны

Танысу

Сәлеметсіз бе, құрметті әріптестер, бүгін біз «мен+сен=біз» атты тренинге қатысамыз. Тренинг мақсаты ұжымның қарым-қатынасың нығайту, тиімді қарым-қатынас орнату.

Әрбір тренингте өзінің ережелері бар. Сізбен біз болып өзіміздің ережелерің жасап көрейік. Осында дәл қазір (тренинг барысында, біз тек дәл қазір баршамызды толғандыратын әңгіме, және бізге не болып жатқанын талқылаймыз).

  • Өзім үшін жауап берем.

  • Зейін қойып тындау.

  • Айтып жатқан кісінің сөзін бөлмеу.

  • Бір-бірінің пікірін құрметтеу.

  • Әр адамның шешімін бағалап сөз жасамау.

  • Белсенділік.

  • Құпиялық

«Менің атым мен былай жасаймын…»

Мақсаты: танысу, аты-жөнін есте сақтауға көмектеседі.

Тапсырманы отырып, болмаса тұрып жасауға болады. Әр қатысушы айналдыра өзінің атын атап бір қимыл, іс-әрекет жасау тиіс. «Менің атым… мен былай жасаймын…». Әр қатысушы бірінші аталып кеткен есімдерді мен қимылдарды орындайды сосын барып өзінің атын атап өзінің қимылын көрсетеді. Осылайша соңғы қатысушы барлық аталып кеткен есімдерді мен қимылдарды орындайды.

«Атоммен-молекулалар»

Мақсаты: қатысушылардың жұмысқабілеттілігін жақсарту.

Жетекші: «Атомдар». Барлық ойыншылар кездейсоқ жүріп бастайды. «молекулдар үш-үштен» деген сөзден кейін ойыншылар 3 адамнан тұратын топ құру керек. Кім топқа кіріп үлгермейді сол ойыннан шығады. Ойынды қиындатуға болады: атом дегенде көзді жұмып жүру керек.

«Менің қасиеттерім»

Мақсаты: өзін -өзі нығайту, тобында оң көзқарасын қалыптастыру, бір-бірімен қатысушыларды толық енгізу.

Сипаттама: дөңгелене отырған қатысушылар, бір-біріне доп лақтырады. Кімде-кім, оны ұстап алса, өзінің 3 қасиеттерің болмаса, кушті жақтарын атайды, сосын басқа қатысушыға лақтырады. Ол сондай-ақ, озінің 3-қасиеттерін атайды т.б. доп дейін әркімнің қолында болуы тиіс.

«Шатыс»

Мақсаты: Топтың топтасуын дәрежесін анықтау. Өзара іс-қимыл қатысушылардың көңіл-күйі.

Қатысушылар шеңбер құрып, шеңбер ортасына қарай оң қолын созады. Сигнал бойынша әр қатысушы өзара. Содан кейін барлық қатысушылар көздерін жұмып сол қолын беріп қол алысады. Ал енді қатысушылардың міндеті, алысқан қолдарын ажырату

Талқылау:

не жеңіл болды, не қиын?

«Геометриялық пішін»

Мақсаты:

Цель: бірлескен іс-қимыл үйлестіру, тобында рөлдердің бөлу.

Екі топқа бөлініп мен айтқан геометриялық пішінді құрастыру, және үнсіз көзді жүмып құрастыру.

Пішіндер:

  • үшбұрыш;

  • ромб;

  • бұрыш;

  • әріп;

  • шеңбер;

  • төртбұрыш.

Талқылау:

  • Тапсырманы орындау қиын болды ма?

  • Орындау үшін не көмектесті?

«Біз сенімен...ұқсаспыз...»

Мақсаты: агрессияны алып тастау.

Нақты бір адамға допты лақтырып атын атап, айтамыз «біз сенімен...ұқсаспыз...» (Мысалы: шашымыз, боймыз, киіміміз ұқсас т.б.)

Талқылау:

  • Жаттығулар кезінде қандай эмоциялар сезіндініз?

«Мені сипаттаңыз»

Сипаттама: Еркін тандалған адам дәлізге шығады, сол кезде қалған қатысушылар оның мінез құлқын сипаттайды. Содан шығып кеткен қатысушы кайтіп кіреді, оның міндеті оны қалай сипаттағаның табу керек.

Талқылау.

«Қоштасу»

«Достар, біз сіздерге тілейміз...» Сабақ соңында психолог барлығына орындарынан тұрып, шеңберге тұруын ұсынады. Әрбір қатысушы барлық қатысушыларға бір сөзбен қандай да бір жақсы тілек айтуы керек. Соңында психолог барлығына сәттілік пен жақсы көңіл-күй тілейді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2018
1351
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі