Материалдар / "Ұл бала мен қыз бала сыйластығы"

"Ұл бала мен қыз бала сыйластығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Айдархан жалпы орта білім беретін мектебі















Тәрбие сағаты



Тақырыбы:

«Ұл бала мен қыз бала сыйластығы»







Сыныбы: 7

Сынып жетекшісі: Малкесова А.С









Жаңажол ауылы

2020-2021 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Ұл бала мен қыз бала сыйластығы»
Сабақтың мақсаты:

  • ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық туралы түсінік қалыптастыру;

  • оқушылардың өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту;

  • оқушыларды инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;
    Көрнекі құралдар: Үнтаспа, дәптер, оқулық, екі плакат, маркер.
    Шаттық шеңбері: Балалар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі, бірге ән салады.
    Біз - туған ел баласы
    Сөзін жазған: Қ. Ыдырысов
    Әнін жазған: К. Қуатбаев
    Асыр салған таласып, Отаным кең көсілген,
    Біз - туған ел баласы Төсінде ырыс төгілген.
    Қандай байтақ Отаным, Қаптаған мал, алып дән,
    Жан - жағыңа қарашы. Бәрі менің несібем.
    Бәрін көріп келеміз,
    Болашаққа сенеміз.
    Жақсы оқумен, еңбекпен,
    Біздер жауап береміз.


Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- Өткен тақырыптарды қайталау


  • Әңгімелесу:
    - Ұл бала мен қыз баланың бойында қандай қасиеттер болуы керек?
    - Ұл бала мен қыз бала арасындағы достық дегенді қалай түсінесіңдер?
    Жағдаяттарды талдау:
    1 - жағдаят: Санжар мен Самал сыныпта қатар отырады. Сөзге таласып қалған Санжар Самалға дөрекі сөз айтты. Самал жылап жіберді.
    - Санжардың әрекеті туралы өз пікірлеріңді білдіріңдер.
    2 - жағдаят: Сынып жетекшісі оқушыларға сынып бөлмесін жуып, тазалау керектігін айтып, тапсырма берді. Сұлтан:- Бөлмені жуу қыздардың жұмысы емес пе?! Мен істемеймін.- деді.
    - Сұлтанның орнында болсаңдар, сендер не істеген болар едіңдер?
    3 - жағдаят: Әлияны жүгіріп келе жатқан Ғалым байқамай қағып, тоқтамай өте берді. Ыза болған Әлия Ғалымды итеріп жіберді, отыра қалып жіберді.
    - Әлия мен Ғалымның орнында болсаңдар, қандай шешім қабылдар едіңдер?
    4 - жағдаят: Жәния ауыр орындығын әрең дегенде көтеріп келе жатты. Сәкен оған жәрдемдесті. Жәния үндемеген күйі сыныптан шығып кетті.
    - Сәкен мен Жәнияның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
    - Оқушылар, өз ойларыңды еркін жеткізе алғандарыңа мен қуаныштымын. Сыныптас досыңа, ол ұл болсын, не қыз бала болсын дөрекі сөз айту, мынау қыздың жұмысы, мынау ұлдың жұмысы деп бөлу, ол қыз ғой немесе ол ұл ғой деп, кешірім сұрамау әдептілікке жатпайды.
    Мәтінмен жұмыс: «Кімнің жұмысы» Т. Дәуренбеков
    Оқушы оқып шығады. Мұғалім сұрақтар қою арқылы балалардың білімін байқайды.
    - Қыз бала мен ұл бала өзара сыйластыққа қалай қол жеткізді?
    - Осы әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
    - Қыз бала мен баланың өзара сыйластығы туралы не айта аласыңдар?
    - Ұл бала мен қыз баланың достығы дегенде нені түсінесіңдер?
    - Дұрыс айтасыңдар. Мектепте қыздар да, ұлдар да бірдей білім, тәрбие алады, «оқушы» мәртебесі бәріңе ортақ. Сыныпта тату - тәтті болып, сыйластықты қарым - қатынас жасай білу - әдептіліктің бір белгісі. Тек мектепте ғана емес, аулада да көршілеріңмен ұл, қыз болып сыйласып, дос бола білген жөн.

    Шығармашылық жұмыс:
    Оқушылардың ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық қарым - қатынастарын дамыту мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.
    Ұлдарға: «Қыз баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
    Қыздарға: «Ұл баланың бойынан қандай жақсы қасиеттерді көргің келеді?»
    Мысалы: Қыз бала: әдепті, сұлу, нәзік инабатты, ақылды, әдемі, мейірімді, ұқыпты т. б Ұл бала: әдепті, батыл, ержүрек, қайратты, шыдамды, әділ, ақылды, бір сөзді т. б

    Дәйексөз:
    «Ел ұлымен берік, қызымен көрік» яғни қазақ халқы ұл дүниеге келгенде ел қорғайтын азамат туды деп мақтанып, масаттанады. Сондықтан да ұл баланы асқар тауға, алынбас қамалға, алмас қылышқа, қайратты бүркітке теңейді. Батырлардың көпшілігі ұлдардан шыққан. Қобыланды батыр, Алпамыс, Райымбек, Абылай, Сырым және т. б. Қыздардан шыққан батыр болса, халық оларды ер мінезді дейді. Ал қыз дүниеге келгенде елге, өмірге көрік берер қыз туды, деп мәз - мейрам болады. Өйткені қыз бала тән сұлулығымен ғана емес жан сұлулығының байлығымен өмірді мәнді де, сәнді етеді. Оларды гүлге, күнге, айға теңейді. Даналықтары ерлерден кем түспеген қыздар да жоқ емес. Мыс: Ұлдай хан, Қарашаш сұлу, Айша бибі, Домалақ ана және т. б

    Ойын:
    Ұлдардың қыздар туралы, қыздардың ұлдар туралы жақсы ойларын білу мақсатында «Егер ұл болсам....., егер қыз болсам...» атты ойын ұйымдастырылады.
    Оқушылар кезектесіп ұл болса «егер мен қыз болсам» дегенді жалғастырып айтады, қыз болса «егер мен ұл болсам..»дегенді өз ойымен жалғастырып айтады. Айта алмай қалған оқушы айып тартады.


Күтілетін жауаптар:
Еген мен ұл болсам елімді қорғаймын, қыздарға көмектесемін, қыздарды ешқашан ренжітпеймін, қыздарға ауыр сөз айтпаймын және т. б
Егер мен қыз болсам өте таза жүремін, дөрекі сөз айтпаймын, дауысымды көтеріп сөйлемеймін, адамдардың бәріне қуаныш сыйлаймын, бәріне мейіріммен қараймын, ұлдарға көмектесемін, ұлдармен қыз баламен достасқандай достаса аламын, ұлдарды сыйлаймын және т. б

Дәптермен жұмыс:
Тапсырма: Дәптерде берілген ұл бала (Алпамыс) пен қыз баланың (Махаббат) суреттерінің жан - жағына «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап жазыңдар.

Мыс: сүйкімді, көрікті, ұқыпты, батыл, көпшіл, мейірімді, әдепті, шыншыл, нәзік және т. б
Жүректен - жүрекке
Бір ұл, бір қыз болып араласып шеңбер құрып тұрады. Қатар тұрған көршісіне «Мен сені сыйлаймын, сенімен достасқым келеді»деп, оның қолын қысады. Соңғы оқушыға жеткенше осылайша жалғасады.
Қорытынды: Е. Өтетілеуовтің «Ұл бала мен қыз бала» атты өлеңін бәрі бірге айтады.
Ұл бала мен қыз бала
Үйге бірге қайтады
Бір мектепте оқиды.
Бар сырларын аз ғана
Ұлға да ортақ, қызға да
Бір - біріне айтады.
Білімді ойға тоқиды.
Ұл бала мен қыз бала
Ұл бала мен қыз бала
Түсіністі, достасты.































Кімнің жұмысы?


Алтай соңғы кезде «Мынау қыздың, мынау ұлдың жұмысы» дегенді шығарып алды. Құндыз жұмсай қалса, соны сылтауратып безеріп отырып алатын болды.

Міне, бүгінде сол қыңырлығына басып отыр. Таңертең шәйден кейін Құндыз:

Үстел үстін жинай салшы, мен сабағымды даярлайын, – деп еді.

Иә, саған! Мені қыз дейсің бе? Өзің жина, – деп, далаға шығуға бет алды.

Ешқайда бармайсың! – деді Құндыз оның алдын кес-кестеп.

Сабағыңды оқыдың ба өзің?

Оқыдым. Кеше оқыдым. Тек еңбек сабағын орындаған жоқпын.

Неге?

Қалай орындаймын? Апай балаларға да қыздар істейтін жұмыс тапсырды.

Не тапсырып еді?

Ей, қойшы. Қыздар тігіп апарса да болмай ма? Ұл бала кесте тіге ме екен, айтшы өзің?

Тіксе қайтеді? Қане, көрсетші? – деді Құндыз.

Алтай сәл ойланып тұрды да:

Мен қалай тігем? Ұл кесте тікпейді. Әкемнің кесте тіккенін көрдің бе? – деді.

Көрдім. Кесте тікпесе, түймесін өзі қадап, киімін өзі өтектеп алады. Өтірік деші, кәне? Киім тігетін де әкелер бар. Оны қыздың жұмысы деп шығарып жүрген сен.

Құндыз үстел үстін жинастыра бастады. Алтай не істерін білмей, қипақтап сәл тұрды да, оған көмектесуге кірісті. Ыдыс-аяқтарды ас үйге тасып жүр. Стол жиналып болған сон, Алтай Құндыздың жанына отырып алып, тағы қыңқылдады:

Құндыз, мен де саған жәрдемдестім ғой... Кестені тігуге көмектесші.

Әкеле ғой, – деді бір кезде Құндыз да. Алтай қуана күлімдеп, оның қолына кестелейтін шүберегін ұстата салды.

Құндыз жібек жіп сабақтап алды да, ақ шүберекке қаламмен салынған гүл суретінің үстін бастыра тіге бастады.

Міне, былай, – деді ол Алтайға, – көрдің бе? Инені былай ұстайсың. Байқап отыр. Сонан соң мына сызықтың үстімен тіге бересің. Түк қиындығы жоқ. Мә, енді өзің тігіп көрші.

Алтай инені алып, амалсыз тіге бастады.

Ал, – деді Құндыз оған көрсете отырып, – не қиындығы бар екен? Осылай тіге бер. Үйреніп кетесің. Алтай мәз-мейрам. Тігіп отырған кестесі, шынында да, гүл болып келе жатқан сияқты. Бұлардың үстіне мамасы да келіп қалды.

Мама, – деді Алтай орнынан ұшып тұра келіп. – Міне, қарашы, кесте тіктім!

Өте жақсы, – деді мамасы оған. – Мынау ұлдың, мынау қыздың жұмысы дейтіні жоқ. Білгеннің пайдасы болмаса, зияны болмайды, балам. Бәрі еңбек.


Авторы: Танаш Дәуренбеков











Мен сені сыйлаймын! Сенімен достасқым келеді.


ЖИ арқылы жасау
28 Қазан 2020
17556
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі