ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
« БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ
ТАҚЫРЫБЫ: 

« Поэзия әлемі»үйірмесінің жетекшісі: Құралбаева Н
Жетісай 2024ж
Күні:27.05.2024ж
Сағат:10-де
Өтілетін орны: «Еңбек» ж о м
Тақырыбы: Ұл мен қыз ұлт намысы атты тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Нақыл сөздер,
Түрі: тәрбие сағат.
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ҚББП Армысыздар үйірме мүшелері Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында үйірме мүшелерне адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету; Адамгершілік қасиеттерге бағыттай отырып, оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу; Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете білуге тәрбиелеу, имандылыққа, инабаттылыққа баулу.
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Кәмшат бөрік, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің соры болады- деген Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «(Ұл мен қыз ұлт намысы» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.Ибалы ұл мен Ибалы қыз туралы мағлұмат алсақ,ортаға Жұмабек Айарумен Жұмабай Аяулым шақырамыз.
Жұмабай
Аяулым :Ибалы
ұлдар 
Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды.
Абай атамыздың даналығы –адамдықты жақтайды.
Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық бол...,—
Бес нәрсеге асық бол, - деп Абай атамыз
айтқандай, адамның ішкі рухани казынасының молығуы өз
қолында Жұмабек
Айару: Ибалы
қыздар
Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.
ҚББП Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,
Көрінер туған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын кесіп сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
Қыз бала –бойжеткен, келін, ана,
Бәрі де дер кезінде дара тұлға.
Ұрпағыңның ойласаң болашағын,
Қызды сыйла, жамағат, қызды сыйла.дей келе ортаға Жұмабай
Аяулым күй «Қазақ
осы» 
Біз қыз баланың бойынан нені көргіміз келеді: нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті, ақкөңіл қасиеттерді.
Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін көрсетеді.
Қазақта ұл балаға ауыр жұмыстарды, яғни сырттағы жұмыстарды жүктеген.
Ал қыз балаға төсек жинау, үй жинау, ас әзірлеу, шай құю – жалпы үйдің ішіндегі жұмыстарды жүктеген.
Осы істердің барлығын қыз
балаға ерте жастан үйретіп отырған. Олай болса
Ұл мен қыз туралы
мақал-мәтелге кезек берейік
Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі –тәрбие. Ата-ананың міндеті –жас ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамшылық, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген және де қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған.
Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ келіншектерінің бойында ізеттілік, ар – ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкеннің алдын кесе – көлденең кесіп өтпеу, жаны ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші – ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, т.б. жанұяның үй жұмысын үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.
Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, жанұя ұйтқысы деп түсінген халқымыз оның еңбексүйгіш, өнерлі болып өсуімен қатар көрікті болып өсуіне де ерекше көңіл бөлген.
Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі – жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты», «Қаз омырау кеудеге, құлап түссе қос бұрым». Ал ақын Абай атамыз қазақ
қыздарының сұлулығын былай суреттепті:
Білектей арқасында өрген бұрым
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.
Алуа:Қыз сұлу көрінеді қылығымен
Жарыса төгілген қос бұрымымен
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы –
Қыз сұлу көрінеді білімімен
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасымен
Қыз сұлу көрінеді толған айдай
Он бес пен он сегізде жасыменен
Жәния:Қыз сұлу көрінеді өрнегімен
Тізілтіп сөз маржанын тергенімен
Майысып бұратылып, майда басып,
Жаныңа наз қылықпен келгенімен
Дарытқан бар асылды өз елінен
Қыз сұлу көрінеді өрнегімен
Құлпырып қазағымның арулары
Өткендей сұлулықтың елегінен
Ал қазір отбасында ұл бала тәрбиесі қандай?
Ия, кейбір отбасында бұл тәрбие өз мәнін жоғалтқан. Қазіргі қыздардың бойынан қазақ ұлтына жат қылықтар көптеп кездеседі. Мысалға айтатын болсақ: темекі тарту, жеңіл жүрістері, көпшілік ортада өзін - өзі ұстау этикасын білмеу. Міне осындай жан түршігерлік қылықтардың біздің қазақтың қыздарының бойынан табылуы өте өкінішті – ақ.
Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының, дос – жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған.
Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата – ананың қызынан қапы қалма» деген екен.
Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу қазіргі отбасындағы үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт – дәстүрлер
Қазақ халқы «Қыз» деген сөздің өзін әдеміліктің, әдептіліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған.
Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде көптеген ақындарымыз қызға деген керемет суреттемелер берген.
Сондай-ақ қыз баланың
ұқыптылығын, шеберлігін, сүйікімділігін, жанының нәзіктігін, өнер,
білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттері бейнелі
сөздер арқылы ерекше көрсеткен.
Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалық,
сыпайылық,
әдемілік, ұялшақтық, мығымдық,
өнерпаздық, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет,
сүйіспеншілік, махаббат мұратына жетуден талабы, намысы,
қайрат-жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де
қазақ қыздары зор тағылым иесі!
Қыз бала тәрбиесінде ананың орны ерекше. Ана қыз бала тәрбиесінде әкеге қарағанда ерекше қызмет етеді. Қыз бала анаға бір табан жақын ғой. Басқа ұлтқа қарағанда біздің қазақ қыз-келіншектердің бойында ізеттілік, ар-ұят, ұялшақтық, үлкенге қызмет көрсету, үлкен алдын кесе-көлденең кесіп өтпеу, жан ашу қасиеттері басымырақ сияқты. Осындай қыз балаға тән қасиеттерді қызының бойына сіңіретін ең бірінші- ол анасы. Қыз баланы жастайынан үй сыпыруды, яғни үйді таза ұстауға, төсек жинауға, ас пісіру, шәй құю, кесте тігу, тағы басқа жанұяның үй жұмысына үйретуде анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.
Ия, біздің халқымыз ер баланы ертеңгі мұрагер санағанымен, қыз баланы олардан әсте кем көрмеген. Көп жағдайда қыз бала тәрбиесіне айрықша көңіл бөлген, ата-аналар, тіпті ұлдарынан гөрі қыздарын ерекше жақсы көріп, еркелетіп, еркін өсірген. Қазақ отбасында, мысалы ұлды жазалау, шектен шығып бара жатқан әкесінің, яки ағасының ондай тентекке қамшы жұмсап, қайырып алған кездері жиі кездессе, ал қызды жазалау кездеспейтін құбылыс десек те болады. Керісінше, әкесі мен ағалар қыздарды ерекелетіп «Өрісіңді кеңейтеді» деп әлпештеп өсірген.
Қыз баладан басталар өмір-терең.
Ауыл көркі қыз болып, ән айтылып,
Күн болмаған сазды күй төгілмеген.
Әрине, кемшілік те сыналады,
Қыздарым өкпелемей ұғар оны.
Ұлдарға да тағатын мініміз бар,
Көңілге ап жүрмесінші ұлдар
оны.
Қыздар деген қызыл гүл ғой,
Өсіп тұрған бақтағы.
Қыздар деген жігіттердің ,
Асыл арман, ақ таңы.
Қыздар деген әсем ән ғой,
Қыздар деген бақыт құсы-
тәрбие, отбасы туралы мақал – мәтелдеріді жалғастыру, және мағынасын түсіндіру.
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
Қорытынды: Құрметті ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі тәрибе сағатынан соң кейбір оқушылар өз бойындағы кемшіліктен арыла білуі керек, бүл әрбір адам болам, азамат болам деп құлшынған жанның қолынан келер нәрсе. Бүгінгі бозбала –ертеңгі қамқор әке, баланың панасы, әулеттің тірегі, бүгінгі бойжеткен -ертеңгі аяулы ана, ақылшы әже, әулеттің ұйтқысы. Қыздарымыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарымыз ізгі армандарымызды орындай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатын тәмәмдаймыз. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!!!

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұл мен қыз ұлт намысы

шағым қалдыра аласыз