Тәрбие сағаты: «Ұлағатты ұстаз»
Сынып: 6-сынып
Сабақтың мақсаты: Ұстаздарды мерекелерімен құттықтау, оқушылардың ұстаздарға деген жылы лебіздерін жеткізу .
Сабақтың түрі: Әдеби- музыкалық бағдарлама .
Әдіс-тәсілі: Өлең оқу, ән айту, күй шерту.
Көрнекілігі: Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер, өлеңдер, оқушылар мен ұстаздар суреттері.
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, 6-сыныптар ұйымдастырған «Ұлағатты ұстаз» атты мерекелік тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Сіздерді келіп жеткен төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. Жұмыстарыңыз табысты әрі жемісті болсын. Шәкірттеріңіз тек қана сіздерді қуантып жүре берсін.
Мерекелік кешімізді «Ұстаздар» әнімен ашамыз.
1-жүргізші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін біз мұғалімдер мерекесіне жиналып отырмыз.
2-жүргізуші: Осынау ерекше есте қалатын жаңа оқу жылында қадірлі ұстаздар сіздерге зор денсаулық,баянды бақыт,отбасыларыңызға береке,шығармашылық табыстар тілейміз.
1-жүргізуші: Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек. Сондықтан да, жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер!
1-2-жүргізуші бірге:
Құрметіне ұстаздардың тік тұрайық
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық
Аяулы ұстаздардың мерекесін
Барлығымыз қуанып қарсы алайық!
2-жүргізуші: Халқымыздың батыр ұлы Б.Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет,себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді» деп бекер айтпаған.
1-жүргізуші: Мектептің басты тұлғасы, жүрегі –мұғалім.
Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін,
Ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтар тәрбиелеуде мұғалімнің
Еңбегі орасан екенін баршамыз мойындаймыз.
2-жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың. Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
1-жүргізуші: «Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес»,-деп Мұхтар Әуезов айтқандай, біздің ұстаздар үшін барлық оқушы бірдей.
-
Айналайын, ұстазым!
Үйреттіңіз білімді,
Сабақтан соң алып қап,
Ұғындырдыңыз білімді.
Сөзіңізді тыңдаймын,
Тәлім-тәрбие алайын,
Артыңыздан ілесіп,
Арман-шыңға шығайын.
-
Көзімдегі шырағым
Ол – өзіңсің мұғалім
Сенен жиған білім-нәр
Нәрсені мол ұғамын.
Зәулім де асқақ шынарым
Жүрек жылы жыр-әнім.
-
Оқушылар хормен: «Мұғалім ғазиз,мұғалім» әнін орындайды.
1-жүргізуші:Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мерке. Себебі, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей ұстазға байланысты. Сіздер тәрбиелеген оқушыларыңыздың, сіздерге арнап шығарған өлең жолдарына кезек берейік.
-
Білімді алып,
Сабақты оқып,
Тыңдаймын, мен сізді.
Алғаш рет келіп,
Біліміңізді беріп,
Сабақты айтқанда
Жалықпаймын тыңдауға.
-
Тыңдасан егер мұғалімді,
Аласын көп білімді.
Тыңдасаң егер ұстазыңды,
Танып білесің ғылымды.
Ұстаздарды аяла,
Еңбегі оның саялы.
Келіп алып сабаққа
Бостан босқа отырма!
-
Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,
Сізге ұқсап қудық біз де сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған
Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жаңа берем.
-
«Үйретеді мектепте» әнін орындайды
2-жүргізуші: Достарымызға рақмет, өз өнерлерін көрсеткендері үшін. Енді, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1-жүргізуші: Ал ендеше баста.
2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау».
1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»
2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» Ыбырай Алтынсарин
«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады»
Абай Құнанбаев
«Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін»
Серке Қожамқұлов
«Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз»
Ыбырай Жақаев
2-жүргізуші: "Ұстаз, сенің алдыңда бас июге
рұқсат ет!" - деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті
абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан. Құрметті
Ұстаздар, бүгін сіздердің мерекелеріңіз!
Мына гүл шоқтары сіздерге! Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілеймін.
Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!
2-жүргізуші: Біздің мектебімізде сөзі – маржан, үні – ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
1-жүргізуші: Дұрыс, ұстаздардың болашақ үшін істеп жатқан жұмыстары шеберлік. Енді, ұстаздарымыздың жастық шағын білу үшін «Сыр – сұхбат» айдары арқылы сұрақтарымызға жауап алсақ.
2-жүргізуші: Жақсы, онда сұрақтарымызды бастайық.
Сұрақтар:
-
Ұстаздық жолға қалай келдіңіз?
-
Сіздер оқыған мектеп пен қазіргі заман мектептерінің, ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?
-
«Ұстаз — мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
-
Сабақта оқушы ұйықтап қалса, қандай іс-әрекет жасар едіңіз?
-
Оқушы кезіңізде сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма?
-
Неліктен ұстаз болуды қаладыңыз?
-
Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?
-
Ұстаздық өміріңіздегі есіңізде ерекше қалған кезең туралы айтып берсеңіз.
-
Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме едіңіз?
-
Ұстаз болмағанда, кім болар едіңіз?
1-жүргізуші: Көп рахмет сіздерге, біздің көкейіміздегі сұрақтарға жауап бергендеріңізге дән ризамыз. Олай болса, осы сыр-сұхбаттан қандай әсер алдыңыздар, соны мына «смайликтер» арқылы көрстіп, қайталап берсеңіздер дейміз.
2-жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
Әзіл – қалжың отауы.
ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН. Мектепке баруды бірі ұнатса,
екіншісі тез бітірсем екен деп тілейді. Алайда ұстаз бен шәкірт
туралы жеңіл әзілдер барлығыңызға ұнайды деген
ойдамыз.
-
География сабағында: - Италия картада неге ұқсайды? - Резіңке етікке. - Дұрыс, етікке ұқсайды. Бірақ неге резіңке деп айттың? - Себебі Италияның жан-жағын су қоршап тұр.
-
Ұстаздар мектеп оқушыларына билет сатқызады. Әрқайсысына 20 данадан береді. Осылайша оқушылар үйлерді аралауға кетеді. Арасынан біреуі жылдам қайтып келіп: - Мен барлығын саттым. Барлығын бір үй сатып алды, - деп айтады. - Бұл қолыңнан қалай келді? - Мені сол үйдің иті тістеп алды.
-
Оқушылар бейнелеу өнері сабағында сөйлесіп отыр: - Жарайсың! Суретті керемет салыпсың. Тіпті тәбетім ашылып кетті. - Тәбетім ашылды дейсің бе? Күннің суретінен бе? - Аааа, мен қуырылған жұмыртқаның суреті екен деп ойлап қалсам.
-
- Бір оқушым сабақ үстінде әбден мазамды алады. Шулап, өзгелерге қағаз лақтырып, тақтадағы оқушыны келекетеді. - Оның жағымды қасиеті мүлдем жоқ па? - Өкінішке орай, бар. Ол ешуақытта сабақтан қалмайды.
1-жүргізуші: Тәрбие сағатымызды аяқтай келе, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
2-жүргізуші: Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында жасап жатқан еңбектеріңіз жемісті болсын! Еліміздің болашағы үшін деп тәрбиелеп жатқан шәкірттеріңіз сіздердің үміттеріңізді ақтап, биік шыңдардан көріне берсін. Мың алғыс, сіздерге Ұстаздар!
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
«Өскемен-Достық» білім беру орталығының
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұлағатты ұстаз"

шағым қалдыра аласыз