400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлдар тәрбиесіне байланысты мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әкеге қарап ұл өсер…»

Кейінгі жылдары ұлдар арасында тым жұмсақ мінезділер де кездеседі. Мамандар мұны ер-азаматтардың ұрпақ тәрбиесінен мүлде сырт қалуының салдары дейді. Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Мектептерде де әйел мұғалімдердің көп екендігі баршаға аян. Жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде ұлды тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі керек.
«Атадан тағылым алмаған ұл жаман», «Атасыз ұл ақылға жарымас», «Бала тәрбиесі – бесіктен» деп түйіндей отырып, алдағы уақытта арнайы тәрбие бағдарламалары жасалуға тиіс. Өйткені, ер баланың дұрыс тағылым-тәрбие алуы, дүниенің сырын танып білуі отбасындағы ата-аналардың ақыл-кеңесі мен үлгі-өнеге көрсетуіне байланысты. Ұлттық тәрбиенің бұрынғы әдістерін бүгінгі күн талабымен жаңаша қарастырған жөн. Ата-бабамыз жасап, сомдап кеткен жігіттің моделін одан әрі, бүгінгі күннің талабына сай жетілдіріп өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың бойына дарыту, тағдырдың қандай тәлкегін көрсе де, қайсарлығы мен тектілігін жоғалтпаған дана халықтың ұрпағы екендігін ұғындыру, олардың бойына мақтаныш сезімін туғызу ата-ананың бірден-бір міндеті.

– Қазақ ұлын 4-5 жасында атқа отырғызған күннен бастап «сен ер жігітсің, еліңді қорғайсың, бізді асырайсың» деп балаға таудай жауапкершілік артқан. Тарихта осындай тәрбие алған балалардан нар мінезді, бір сөзді, байсалды, жаны да, қолы да жомарт бәрінен намысты жоғары қоятын жайсаң жігіттер өсті. Біздің бабалар ұлын ежелден батыр, ел тұтқасы болуға лайықты етіп тәрбиеледі. Қазір қазақтардың әрбір төртінші отбасының ұл-қызы әкесіз өсіп келеді. Олар кімдер? Ажырасқандар, әкесі қайтыс болғандар, аналары өзі үшін некесіз туған балалар мен абақтыда жазасын өтеуші ер-азаматтардың балалары. Алдымен, әкелердің басым көпшілігі асыраушылар мәртебесінен айырылып қалды. Басты себеп қоғамдағы жұмыссыздық, құмарлық, нәпсіге ерік беру, дінсіздік, араққа салыну секілді қауіпті індет меңдеп барады. Қазақтар өзгелерге еліктеймін деп ұлттық тұтастықты ұл-қыз тәрбиесіндегі салт-дәстүрлерден уысынан шығарып алды. Ал қазіргі күні шөп басын сындыруға да, ешбір шаруаға да икемсіз ұлдардың қатары көп. Осы жайды әрбір отбасы қатты ойланғаны жөн.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі