400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Үлгермеуші оқушымен жұмыс Қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлгермеуші оқушымен жұмыс Қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үлгермеуші оқушымен жұмыс

Қазақ тілі

Мазмұны

Мерзімі

1

Сөз бен мағына

1

2

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы

1

3

Көп мағыналы сөздер

2

4

Омоним

2

5

Синоним

2

6

Антоним

2

7

Табу

1

8

Эвфемизм

1

9

Дисфемизм

1

10

Тұрақты сөз тіркестері

2

11

Мақал-мәтелдер

2

12

Сөздік қор және сөздік құрам

1

13

Көнерген сөздер

1

14

Жаңа сөздер

1

15

Жалпылама лексика.

1

16

Кәсіби сөздер мен термин сөздер

2

17

Тіл дыбыстары. Қазақ Әліпбиі

1

18

Дауысты дыбыстар

2

19

Дауыссыз дыбыстар

1

20

Буын. Тасымал

1

21

Буын

1

22

Тасымал

1

23

Үндестік заңы. Буын үндестігі

1

24

Дыбыс үндестігі. Орфография мен орфоэфия

1

25

Екпін және оның түрлері

1

26

Сөзжасам

1

1.СӨЗ БЕН МАҒЫНА

1.Лексика ғылымы нені зерттейді?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2.Мағынасын жоғалтқан сөздерді тап.

Алма, дәптер, және, қағаз, сайын, көк, да, алтын.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Мәтінді көшіріп жаз.

Жалқаудың жазасы

Баяғыда бір жалқау болыпты. Ол ештеңе істемейді. Ертеден кешке дейін әке-шешесі оны тамақтандырады. Баланы ешкім жұмсамайды. Жұмсағанда бәрібір жалқау істемейді. Баланы бәрі еркелетіп жүре береді. Жалқау орнынан мүлдем қозғалмайды. Бір орында тамақ ішеді, сол орнында ұйықтайды.

Бір күні баланың ата-анасы бір жаққа қыдырып кетеді. Баласын ертіп апарайын десе, жалқау бала көнбейді. Ол орнынан қозғалуға да ерінеді. Анасы баласына жалынады. Жалқау жүрмейді.

Әкесі мен анасы кетеді. Жалқау су ішкісі келеді. Анасын шақырады. Әкесін шақырады. Ешкім келмейді. Үйде ешкім жоқ еді. Жалқау бала даусымды еститін шығар деп, қатты айғайлайды. Даусы да шықпай қалыпты. Орнынан тұрайын десе, тұра алмайды. Өйткені қол-аяғынан күш кеткен. Денесін май басып кеткен. Өз аяғына күші жетпейді. Міне, жалқау болсаң, осылай қор боласың!

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. СӨЗДІҢ ТУРА ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫ

1.Сөздің тура мағынасын қалай түсінесің?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Мәтіннен ауыспалы мағынада тұрган сөздерді тап.

Қазақ тілі аса бай тіл, икемді тіл. Орамын, бұрамын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады-ау. Бұл тілден май тамады десе де сияр.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Мына сөздерден тура және ауыспалы мағынаны білдіретін сөз тіркестерін құра.

Жаңа, таяз, суық, жылы.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. КӨП МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕР

1.Өлеңнен көп мағыналы сөздерді тап.

Есік алды ор болды,

Үйдің алды жар болды,

Бай бетке қонды,

Кедей шетке қонды.

Етек-жеңім шолақ болды,

Киюге тоным жоқ-ақ болды.

____________________________________________________________________________________________________________________

2. Мына свздердің бастапқы және ауыспалы мағыналарына сөз тіркестерін құра.

Үлкен, жана, жақын, жеңіл.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Мәтінді көшіріп жаз.

Немересін сынау

Ертеде бір данышпан қария болыпты.

Қарт немересінің жолдасын көреді. Немересінің жолдасына әр түрлі тапсырмалар береді.

Сынайды. Қарт немересіне:

–       Жаман жігіт көрінбейсің, – депті. Немересі:

–       Ата, неге олай дейсіз? – деді. Атасы:

–       «Адамды досына қарап таны», – демей ме, халық мақалы.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. КӨП МАҒЫНАЛЫ СӨЗДЕР

1. Мына сөздерден көп мағыналы тіркестер құра.

Жол, ақ, кір.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Өлеңнен көп мағыналы сөздерді тап.

Екі күймек бір жанға әділет пе,

Қаны қара бір жанның жаны жара.

Ашиды жаның, қайнайды қаның,

Мінездерін көргенде... (Абай)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Мәтінді көшіріп жаз.

Екі дос көше бойымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі Ернұр да,

екіншісі Абыз. Абыз аурушаң, көп жүгіре алмайды. Екеуі де сабақты жақсы оқиды.

Алдарынан ит шыға келді. Абыз:

-         Ернұр, қаш, ит келіп қалды, - деп қатты айғайлады.

Ернұр шыбық алып, итке қарсы жүрді. Ашулы ит Ернұрдың шалбарын жыртып тастады.

Үлкендер келіп, Ернұрды құтқарып алды.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

5. ОМОНИМ

1.Омонимнің анықтамасын айт.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
30.10.2023
274
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі