Материалдар / «Үлкенге міндет – кішінге ізет»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Үлкенге міндет – кішінге ізет»

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам өміріндегі игі істің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің»- деген екен даналарымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын сезіндіру, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық борышы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2021
338
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы Талдықорған қаласы Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы КММ-сі

Әлеуметтік педагог Нуркежанов Медет Маратович


Үлкенге міндет – кішінге ізет


Адам өміріндегі игі істің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің»- деген екен даналарымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.

«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын сезіндіру, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық борышы.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы бастамасын орындау мақсатында республика көлемінде «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылып, бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі.

Осындай қайырымдылық акциясы Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясында дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді. Акцияның басты мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім, жартылай жетім балаларға қолдау көрсету, әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке келмей қалуының алдын алу.

Бұл шараға шәкірттері үшін жаны ауыратын мектеп ұжымы да қолдау танытып, өз тұстарынан демеушілік жасап, балалардың оқу құралдарының толық болуын қамтамасыз етті.

Жаңа оқу жылынан бастап жақсы көңіл - күй, жаңа қарқын, ұялатып отырған бұл қайырымдылық қоры әрбір баланың бойына сенім, жанына жігер ұялатты деп ойлаймын.
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде осындай жақсы істермен жалғасын тауып отыр.

Қыркүйек айында мектебімізде жоғарғы сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Үлкенге міндет – кішінге ізет» атты қайырымдылық акциясы өтті. Оқушылар бұл шараны бір-біріне қамқорлық танытып, көмек қолын созу, мейірімділіктің не екенін із басарларына білдіру мақсатында өткізді. Игі істі мектеп ұстаздары да жалғастырып әкетті. Өз қаражаттарынан ақша бөліп, бірқатар оқушыларға мектепке киетін жылы киімдер мен оқу құралдарын табыс етті.

Сонымен қатар жақсылық жасауға жаны құмар қала азаматтары тараптарынан да демеушілік жасалынды.

Мектепте өтетін іс-шаралардың ортасында жүретін Қамқоршылық кеңесі төрайымы Адамбаева Айсәуле жаңа оқу жылының басында оқушыларымызға сыйлық жасап, тағы бір қуантып тастады.

Жақсы іске бастау бола білетін мектеп директоры Айжан Медетқызы: «Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Сондықтан оқушыларға үлгі көрсетіп, айналамызға қайырымды болу біздің міндетіміз» - дейді.  

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу десек, соны ұғынған шәкірттерімізге қарап, қанға сіңген жақсы қасиетіміздің жалғасын тауып келе жатқанына қуанамыз.


Медет Нуркежанов

Ш.Уәлиханов атындағы

10 орта мектеп - гимназиясының

Әлеуметтік педагогы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!