Үлкенге құрмет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үлкенге құрмет

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Үлкенге құрмет»




Бекенова Гулим Жулжанқызы,

Ақтөбе облысы, Алға ауданы,

Бестамақ «Болашақ» балабақшасының

ІІ санатты тәрбиешісі.


Мақсаты: Балаларға « үлкенге құрмет»   ұғымының  мағынасына түсінік бере отырып, тіл байлығын арттыру. Балалардың әдептілік, мәдениеттілік туралы білімін кеңейту.Бала бойында әдептілік дағдыларын қалыптастыру.Үлкендерді сыйлай, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: нақыл сөздер,суреттер,слайд,видео.


Жылулық шеңбері

Үлкенге де сіз, 
Кішіге де сіз, 
Ата - ананы құрметтеп, 
Бас иеміз біз. 
Good morning good morning 
Good morning to you 
Good morning dear teacher 
I am glad to see you

- Бүгін бізде ерекше тақырып балалардың үлкендерге құрмет көрсетуіне арналады.

Сурет бойынша әңгіме: Балалар бұл суреттен кімдерді көріп тұрмыз? Ал сіздердің ойыңызша үлкендер деген кімдер,атап айтайықшы. Адам бойында жақсы–жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді.Жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау-жастарымыз үшін бұлжымас заң.Балалар,құрмет деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауабы:Үлкен кісіге орын беріп,төрге шығару

Жасы үлкен кісілерге көмектесу.

Бөлмеде,қоғамдық көлікте үлкендер мен қыздарға орын беру.

Қарсы келіп қалған үлкен кісіге,қыз балаға жол беру

Бейне баян : "Мысықтар үлкенді құрметтеуді қалай үйренді?"

Ой қозғау сұрақтары: «Үлкенге -құрмет, кішіге- ізет»

 1. Автобус ішінде бала отырады. Бір кезде үлкен қарт әже кіреді. Бала не істеу керек еді? 

2.Қарт әжей дүкенге келе жатты. Қолында ауыр заты бар. Балалар ойнап жүрді.   

3. Балабақшадан үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? – Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

4. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.

5. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек? – Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

Мирас:  Атаменен әжемнің

                          Айтқан тілін аламын

                          Үлкен кісі жұмсаса

                           Қайда болса барамын.

Арайлым:  Кім үлкенді тыңдаса,

                Кім үлкенді сыйласа

                Үлкен болған кезінде

                Сыйлы болмақ өзі де.

 Мерлан:Көшелерден біз өткен,

Ата көрсем жақын кеп,

Сәлем берем ізетпен:

«Ассалаумағалейкүм!» - деп.

Көркем:

Алдан әже жолықса,

Бөгелем де әдейілеп,

Сәлемдесем сол тұста:

«Есенсіз бе, әжей?» - деп

Арман:

Кім кезіксе көшеде,

Таныс емес демеймін,

«Аға, тәте,көкеге,

Сәлеметсіз бе?» - деймін.

Нұрдаулет:

Көп жасаған қария,

Ақылы теңіз – дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі соқпақ, өзі нәр.

Ата салты – ардақты

Сол сөздерді ұқпасақ,

Тістерсің бір күн бармақты.

Көрініс: "Күшіктің әдептілікті үйренуі"

Ойын «Біз де»
Шарты:Мен қазір қайырымдылықты білдіретін және оған керісінше әрекеттерді атаймын. Қайырымдылықты білдіретін әрекеттер айтылғанда балалар «біз де» деп жауап бересіңдер. Ал қайырымдылықты білдірмейтін әрекеттер айтылғанда, үндемей қалады, ал ондай жағдайда «біз де» деп айтқан болса айып төлейді. Айыпқа тақпақ, не жұмбақ айтады.
Ал бастаймыз.
- Жолда өте алмай жатқан қарияны сүйеп өткіздім.
- Біз де
- Сырқат әжейге дәрі бердім.
- Біз де
- Жылап тұрған баланы жұбатпадым
-?
- Қиналып тұрған жолаушының сөмкесін көтерістім.
- Біз де
- Мен інімді ренжіттім
-?
- Көрші атаға күнде азық - түлік әкеліп тұрамын
- Біз де
- Атамның сөзін тыңдамадым
-?
Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар, енді үлкендер туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Інжу Ж: Жақсы сөз жарым ырыс.

             Әжеден- ақыл, анадан мейір.

Айбар: Ата сөзі-бата сөзі, ата сөзі-ақылдың көзі. 

Мұзафар: Әдептілік, ар-ұят адалдықтың белгісі.

 Азизхан:«Үлкенге құрмет, кішіге ізет»

Мансұр:«Ағадан – ақыл, атадан — нақыл»

Азамат:«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер»

Дастан: Әдепті бала - арлы бала,әдепсіз бала - сорлы бала.

"Күннің шуақтары" ойыны

Телефон шырылдайды. Тәрбиеші телефонды көтеріп: - Алло, сәлеметсізбе! Кім екен?

- Бұл мен , сіздердің мейірімді достарың Күнмін.Күнде мен сіздердің топтарыңа терезеден қарап тұрамын. Сіздің топта әдепті, мейірімді балалар көп екен. Мен де олармен танысқым келеді. Шуақтарыма жан бітіріп,өздерінің қандай балалар екенін айтып берсінші.

- Жарайды, Алтын күн.Қазір менің балаларым өздерінің қандай бала екенін айтып сізбен танысады.

1. Әдепті бала
2. Мейірімді бала
3. Кішіпейіл бала
4. Қамқоршы бала
5. Тәртіпті бала
6. Инабатты бала
7. Қайырымды бала

Іңкәр:Құрметтеп ата - анамды,
Ардақтап әпке, ағамды,
Қамқор боп сіңлі - ініме,
Сыйлымын үлкен - кішіге
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін,
Санжар:Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан

Ұлағат:Атам келді, алақай!

Әжем келді, алақай!

Қолтығынан демейін

Көрпе төсеп берейін

Тынығып ата- әже серігіңіз

Ертек айтып беріңіз

Қарттарды сүйген баламыз

Сіздерден тәлім аламыз

Гүлім:Анам маған: -Үлкенді сыйла, - деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Көрініс: "Жай ғана әжей"

Ойын: "Жақсы-жаман"

Шарты: суреттердегі жақсы жаман қылықтарды ажыратып, смайликтер арқылы көрсету.

Тыйым сөздер:Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі - тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің белгісі екенін білеміз, осындай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.

- Үлкеннен бұрын сөйлеме.
-
Үлкенге үнемі сәлем бер.
-Үлкенге қарсы шықпа
-Үлкеннің батасын қабыл ал.
-Үлкен кісіні ренжітпе.
Ән: " Не деу керек? "






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2018
747
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі