Үлкен,кіші ұғымымен таныстыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үлкен,кіші ұғымымен таныстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Топ: «Жалын»I-ші кіші Тәрбиеші:Сайлаубайқызы.Ш Күні:24.01.2017ж Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Сенсорика Тақырыбы: Үлкен,кіші ұғымымен таныстыру Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық ұғымдар оның ішінде үлкен,кіші ұғымымен таныстыру. Заттарды көлеміне қарай үлкен,кіші атай білу. Қостілділік компанент: үлкен-большой, кіші-мальенкий

Іс –әрекет кезкндері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотиватциялық-қозғаушылық

Балалар кәне барлығымыз орнымыздан тұрып шаттық шеңберге жиналамыз.

Шаттық шеңбер:

1,2,3

Бойға жинап күш,

5-тік баға аламыз,

Қуанып үйге барамыз.

Балалар бүгінгі сабағымызға көп апайлап келіпті .Кәне барлығымыз апайлармен амандасып алайық.

Бүгін сенсорика сабағынан «көп және аз» ұғымымен танысамыз.Жаңа сабақты бастамас бұрын сендерге ертегі айтып берейін. Мұқият тыңдандар.

Ерте-ерте ертеде үлкен аю мен кіші аю дос болыпты.Олар күнде далада ойнағанды жақсы көреді екен.Күндегі әдеттерінше далада ойнайық десе жаңбыр жауып тұр екен. Аюлар жанбырдан қорғану үшін қолдарына үлкен аю өзіне үлкен қолшатыр, кіші аю өзіне кіші қолшатыр алыпты. Үлкен , кіші сөздерін үш-төрт рет қайталату.Жаңбыр басылып олар қолшатырларын жерге қойып доппен ойнайды.Үлкен аю үлкен доп,кішіаю кіші доппен ойнайды.Екеуі доппен ойнап жүріп сыйлық тауып алады. Үлкен аю: мына сыйлықтардың әдемісін ай, кіші аю сен кіші қораптағы сыйлықты ал мен үлкенмін ғой сондықтан үлкен қораптағы сыйлықты алайын деп екі дос әрі қарай жүреді.

Үлкен аю:Балалар сәлеметсіндерме! Ойнап жүріп сендерге қалай жеткенімізді білмей қалыппыз. Тәрбиеші: Сәлеметсіндерме аюлар. Қолдарындағы не?

ҮлкенАю: Бұл сыйлық. Мұны біз жолдан тауып алды.

Тәрбиеші: Сыйлықтарынды көруге бола ма?

Үлкен аю: Әрине болады біз де не бар екенің білгіміз келеді. Тәрбиеші қорапты ашып ішіндегі ойыншықтарды алады.

Тәрбиеші: Қарандаршы балалар үлкен қорапта үлкен ойыншықтар, ал кіші қорапта кіші ойыншықтар бар екен.

Орыс тілінде үлкен-большой, кіші-мальенкий деп айтылады. Балаалрға екі-үш рет қайталату. Аю: жүре-жүре шаршадым сендермен бірге бой сергітіп алмасам.

Сергіту сәті:

Қорбандаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.




Аю: Балалар сендермен бірге бой сергітіп алдық енді қайтайық, достарымыз іздеп қалған болар. Аюлар кетіп бара жатып сыйлықтарын шашып алады.Қайтып сыйлықтарын қораптарына салайын десе сыймай қойады.

Екеуі отырып жылайды.

Тәрбиеші: Аюлар жыламандар сендерге мына отырған достарын көмектеседі. Үлкен ойыншықтарды бөлек, кіші ойыншықтарды бөлек жинап береді.

Ойын: «Топтастыру»


Аю: Рақмет сендерге достарым енді қайтайық.

Аюлар топтан шығып кетеді.

Тәрбиеші: балалар біз бүгін үлкен және кіші ұғымымен таныстық.Мен сендерге сұрақ қоям. –Бізге қандай аюлар келді?

-Мынау қандай қол шатыр?

-Мынау қандай доп?

-Мынау қандай сыйлық?

Балалрдың жауабы.

Бүгінгі сабаққа барлықтарын жақсы қатыстындар барлықтарына жұлдызша.

Шаттық шеңберге жиналады. Тақпақ мазмұнына сай қимылдар жасайды.

















Ертегіні мұқият тыяңдау.







Аюлардың ойнағанына танырқап қарайды.














Аюлармен амандасу.









Қораптан шыққан ойыншықтарды атау.







Орыс тілінде тәрбиешінің соңынан бірнеше рет қайталау.





Тақпақ мазмұнына сай қимылмен көрсетіп айтады.





Аюларға көмектесуге дайын екендерін білдіреді.










Үлкен ойыншықты үлкен қорапқа, кіші ойыншықтарды кіші қорапқа салып береді.


Аюларға сау бол айтып шығарып салады.





Тәрбиешінің сұрақтарын түсініп жауап беру.

Рефлексивті-түзетішілік.

Орнымыздан тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық.

Орындарынан тұрып апайларға сау бол айтады.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Қарапайым математикалық ұғымдарды. Нені игереді:Заттарды көлеміне қарай салыстыру Нені біледі: Үлкен және кіші заттарды ажыратып атайды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2018
1464
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі