Тәрбие сағаты «Ұлт бұғауды бұзған күн»
Мақсаты: Оқушылардыв елін, жерін құрметтеуге, Отанын сүюге, қазақстандық патриотизмді бойларына дарытуға, сөздік қорын байытып, тіл байлығын арттыруға, ел тарихын дәріптеуге, танымдық қызығушылығын арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тәуелсіздік туралы нақыл сөздер, слайдтар.
Сабақ барысы
Зал безендірілген, күй ойнап тұр.
1 жүргізуші: Армысыңдар құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі кешімізді еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерейтойына арнаймыз. Халқымыз сан ғасырлар тәуелсіздікті аңсап, армандап өткен. Тәуелсіздік жолында құрбан болған ата – бабаларымыздың рухына бүгінгі кеш арналады.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
2 жүргізуші: Отаным аялаған алтын бесік,
Тұрасың нұрлы өмірге ашып есік.
Еңбектің өрісі кең, шалқып өсіп
Күміс күй күмбірлейді әуен есіп.
Ойымда мұқтаждық жоқ менде ешбір.
Тәуелді сыртқы жұртқа пенде емеспін.
Жерұйық баға жетпес алтын ордам
Өзіңді бар ғаламға теңгермеспін.
1 жүргізуші: Биыл Тәуелсіздікке 25 жыл толып отыр. Бұл көп те, аз да мерзім емес. Бірақ бұл жылдардың әрбір сағаты, әрбір күні тарихтан өз орнын алды. Қазақ халқы бұрыңғы саясаттан, құқықтық өмірден бас тартып, жаңа қоғамдық жүйеге енді. Тәуелсіздік ата – бабамыздың аңсаған арманы еді. Сан ғасырлар бойы «найзаның ұшымен, білектің күшімен» ұлан – байтақ жерін ата – бабаларымыз қорғап келді.
2 жүргізуші: Тарихқа үңілсек, ұлан – ғайыр жерімізге кешегі Қазақ хандығынан бастап шерлі Желтоқсанға дейін қаншама қырғындар болды. Елін, жерін қорғаған қаншама хандар мен батырлар бейбіт өмірді, тәуелсіз ел болуды армандап өтті. Бостандық үшін күрескен белгілі адамдарды: Сырым, Махамбет, Исатай, Кенесары, Абылайхан, Әлихан, Мұстафаның ерліктерін кім ұмытар.
Оқушы: Аңсағаны – азат таңның іреңі,
Арнағаны – елге аппақ тілегі.
«Алашым!» - деп тулап соққан әрдайым
Тәуелсіздік – бабалардың жүрегі.
Сырын алып бейбіт жұрттың әуелі,
Тап бергенде өлкемізге жау елі
Ақтабан боп, шұбырған ел сыңсыған
Тәуелсізді – «Елім – айдың» әуені.
Оқушы: Арайланып атса екен деп таңдары,
Алауланып жанса екен деп ел шаңы
Басын қоспақ болған кеше Үш Жүздің
Тәуелсіздік – Абылайхан арманы.
Сыр қозғайын және де бір тыңдағын,
Атойынан дүр сілкінген құм – Нарын.
Әрбір сөзі жау түсірген жебе боп
Тәуелсіздік – Махамбеттің жырлары.
Оқушы: Талай жауыз момын елді биледі,
Табанға сап, тері қылып иледі.
Дабыл қағып, азаттыққа шақырған
Тәуелсіздік – Құрманғазы күйлері.
Бір – біріне Құдай санап бейне өздерін,
Түсінбеген елдің надан, ездері.
Іші – алтын, сырты – күміс, өзі – дүр,
Тәуелсіздік – ұлы Абайдың сөздері.
Оқушы: Алашына әпермек боп есені,
Ахметтей бастап елді көсемі.
Бірі қалмай құрбан болған ел үшін
Тәуелсіздік – «Алашорда» кешегі.
Естіген жан есі кетіп тыңдаған,
Ардақтысы болған жанның мыңдаған
Тәуелсіздік – Мағжан ақын өлеңі.
Азаттықты арман етіп жырлаған.
«Қазақ ұлты басқа ұлттан кем бе еді,
Ұлтты қорлау осылайша жөн бе еді?»
Деп намыспен бой көтерген алаңда
Тәуелсіздік – «Желтоқсанның» ерлері.
1 жүргізуші: Жалғанның жартысындай қазақ елі,
Алғандай көздің жауын сұлу жері.
Ақ пейіл, дархан көңіл халқымыз бар
Болғанда бірі – батыр, бірі – сері.
Әз бабам азаттықты аңсап өткен,
Ел үшін саңлағы шаһид кеткен
Солардың құдіреті, ой – арманы,
Таңы боп тәуелсіздік бізге жеткен.
2 жүргізуші: Атыңнан айналайын Ордабасы ,
Жиналған Үш қазақтың ер данасы.
Егер де олар солай жиналмаса,
Елдің де қалар еді жерде басы.
Осы жер – намыс туын көтерген жер,
Елім деп ер өзегі өрттенген жер.
Осы жерде –Үш арыстан бас қосып,
Жоңғарға жолбарыстар жөңкілген жер.
Көрініс: «Үш бидің кездесуі»
1 жүргізуші: Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ердің ерлігін соңғы рет сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалу үшін данышпан билеріміз батырларымызды батылдыққа, елді ерлікке шақырды.
(Ортаға үш би, қазақ батырлары, хандары шығады).
Төле би: Уа, халайық! Аттың күші – атқарған тірлігінде
Ағайынның күші – топтасқан бірлігінде
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, - дегендей, жоңғарларға қарсы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірге аттанатын уақыт жетті. Ол үшін барлық қазақ жасағын басқаруға бас сардар етіп Кіші жүз ханы Әбілхайырды бекітейік. Бұған қалай қарайсыздар?
Қазыбек би: Дұрыс айтасың, төбе биім,
Өркенің өссін десең, кекшіл болма.
Кесапаты тиер еліңе
Елім өссін десең, өршіл болма
Өскеніңді өшіресің.
Әйтеке би: Жөн сөз. Бірі – өрге, бірі – белге, бірі – ойпаң жерге тартса, күніміз түн, түніміз түнек болмай ма? Жоқ, ондай тірліктен, топтасып жүрген бірлік артық!
Әумин!
2 жүргізуші: Осылайша, Үш Жүз Кіші жүз ханы Әбілхайырды бас сардар етіп бекітіп, жоңғарларға қарсы бірігіп күресуге бел буды.
1 жүргізуші: Әуезді десең тілдері,
Тыңдаған сөзін Үш бидің
Жаныңа дауа, кіл дәрі,
Рухтанып содан күш жиды – деп қазақ халқы жаңа күшпен, болашаққа сеніммен қарады. Содан кейін де қазақ халқының тарихында көптеген қақтығыстар болды. Әр кезде де халықтың ойынан тәуелсіздік ұраны, дербес мемлекет болу арманы шықпады. Сол арманға халқымыз 1991 жылы жетті.
2 жүргізуші: 1986 жылы 16-17 желтоқсанда тәуелсіздік аңсаған қазақ жастары Алматы қаласындағы Брежнев алаңына шықты. Солақай саясатқа қарсы шыққан қазақ жастарын мұздай қаруланған солдаттар қарсы алды. Бұл күндері ұлттық көтеріліске 10 мыңдай адам қатысты. Оларды басу үшін Ресейден 70 мың солдат әкелінді. Желтоқсанның ақ қары қызыл қанға боялды. Сонда ерлік көрсеткен қазақ жастары: Қайрат Рысқұлбековты, Ербол Сыпатаевты, Ләззат Асанованы, Сәбира Мұхамеджановты ешбір қазақ азаматы ұмытуы мүмкін емес.
Көрініс.
Тергеуші: Рысқұлбеков, ақтық сөзіңді айт! Савицкийді сен өлтірдің бе?
Қайрат: Жоқ, мен ешкімді де өлтірген жоқпын.
Тергеуші: Үкім: Қайрат Рысқұлбеков «қылмывсты» деп табылып, Қазақ Социалистік Республикасы Қылмыстық кодексінің 173 бабының 1 тармағы бойынша өлім жазасына – атуға кесілсін!
Қайрат: Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Еркек тоқты – құрбандық
Атам десең, атыңдар!
Оқушы: Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге мұны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат, Ерболдың,
Тас көшеде, тас – талқан болып өлкені
Шала - жансар қар астына көмгені,
Тәуелсіздік ата – баба арманы.
Қандай елмін бүгін міне, көр мені
Алаулайды мүмкін емес сөнбегі.
1 жүргізуші: Сонымен талай ғасырлар армандаған тәуелсіздікке қазақ халқы 1991 жылы 16 желтоқсанда қол жетті. Содан бері 25 жыл ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев қазақ жерінде тұрып жатқан 130-дан астам ұлт өкілдерін татулық пен бірлік идеясында берік ұстап отыр.
2 жүргізуші: Қабыл болып аңсаған ел тілегі,
Көңілдерден айықты шер түнегі.
Азаттықтың шыңына нұрлы жолмен
Бастап шықты халқының ер түлегі.
Кеңейіпті әлемдік өрісің де
Әділеттің ізі бар әр ісінде
Өз Отаны санайды барлық ұлтың
Орыс, неміс, полягың, кәрісің де.
Оқушы: Вновь, словно феникс, воскрешаешь,
От унижений, тяжких ран.
С колен встаешь и процветаешь6
Мой многоликий Казахстан
Из разных собранных народов
Теперь единый твой народ
Прошел, как мог, по всем невзгодам
Прожил, страдая каждый год.
Не счесть ушедших испатаний,
Не прошлым – будущим – живем,
Да будем помнить о страданиях,
Но песни новому поем
Мы, твои дети, свято верим,
Что гордый казахстанский стяг
Достойно представляет миру
И славит общий шанырак.
1 жүргізуші: Тәелсіздіктің жемісі: Алғашқы Президент Н. Ә. Назаобаев, Ұлттық брлік, Мемлекеттік нышандар – Елтаңба, Әнұран, Ту, Ұлттық валюта – теңге, Ата заң – Конституция, Қазақстанның Қарулы Күштері, Елорда – Астана; (слайдтар).
Оқушы: Әр сызығы сырға толы өрнекті,
Бейнеленген бейбіт өмір, еңбекті.
Шаңырағынан алтын шапақ күн өрген
Тәуелсіздік – Елтаңбамыз көрнекті.
Хас тұлпардай бәйгедегі дүбірлі
Асқақтатар рухыңды да, үніңді.
Елдігің мен ерлігіңді паш еткен
Тәуелсіздік – Әнұраным бүгінгі.
Оқушы: Ел тағдырын жаңа тапты таңдаған,
Бейбіт күннен шуақ алды кең далам.
Тәуелсіздік – аспан түстес Туымыз
Күн астында қайсар қыран самғаған.
Орнаған Сарыврқаның кіндігінде,
Нұр ойнап жаңа Астана түндігінде
Желбіре тәуелсіздік көк байрағы
Күш – қуат халқымыздың бірлігінде.
Оқушы: Казахстан, ты - моя Родина
Ты надежда моя и отрада.
Тебя я люблю всей душой
Ты все, что для счастья мне дано
Я горда за бескрайность полей
За хлеба, за колосья пшеницы
Я уверена, нет ничего красивей,
Чем пейзажи нашей столицы.
Оқушы: Я восхищаюсь твоей красотой,
Когда весною цветы зацветают.
Казахстан, ни что не сравнимо с тобой
Все казахстанцы, об этом знают.
Я люблю тебя, Казахстан,
Потому что тебя нет краше
И из всех замечательных стран
Для меня ты – лучший на свете.
2 жүргізуші: Нұрсұлтандай азаматым басқарған,
Қазақстан, көріне бер асқардан.
Әлем халқы аузын ашып таңдансын,
Мемлекетке күннен күнге жақсарған.
Тұлғасына көрген адам тамсанған.
Абылай атам осы күнді аңсаған
Ұлылардың тілектері қабыл боп,
Тәуелсіз ел болдық деп жар салам.
Оқушы: Тәуелсіздік берді жалын, от маған
Енді тоқтау, шегінер жоқ маған.
Келер күнге нық сеніммен қараймын
Елбасыммен бірге болып, топтанам.
Ашық болсын деп жүрміз аспанымыз
Біздің тату – тәтті ғой достарымыз
Кірпіш болып қоғамға қаланайық
Еліміздің болашағы, жастары – біз!
1 жүргізуші: Тәуелсіздік - қасиетті ұғым. Осы ұғымды қастерлей білейік! Қанша ғасыр армандаған Тәуелсіздік туын құлатпай жоғары көтеріп ұстау – біз – жастардың міндеті. Осы міндетті абыроймен атқарайық, жас достар! Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Еліміз күннен – күнге құлпырып, жайнай берсін! Қеле жатқан мерек бәрімізге құтты болсын!
2 жүргізуші: Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Жеңіл музыка ойнап тұрады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлт бұғауды бұзған күн

шағым қалдыра аласыз