Ұлт жұмысы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлт жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сынып қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мұғалімнің аты-жөні:

Мамытбекова Ж.Б

Күні

06.11.2023

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 8-сынып

Тарау немесе бөлім атауы:

3-бөлім: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары. Лексика

Сабақтың тақырыбы:

Ұлт жұмысы

Оқу мақсаттары:

8.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;

8.4.3.1 сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.

Сабақ мақсаты:

Мәтіндегі негізгі ойды анықтай отырып, тұрмыстық, әлеуметтік тұрғыдан талдау;

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

5мин


Сәлеметсіңдер ме?



Жаңа сабақ

5мин























7мин

«Ой түрткі»

Өзіңізді болашақта қандай маман иесі ретінде елестетесіздер? Ойланып көріңізші.

Сізге қандай мамандықтар ұнайды?

Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

Ұлт жұмысы дегенді қалай түсінесіңдер?

«Ұлтқа қызмет ету» дегенді қалай түсінесіңдер? Ойланып көріңдерші.









Тапсырмалар

1-тапсырма

49-бет, 1-тапсырма

Жұрт жұмысы құмырсқаның илеуіндей жұмыс сияқты. Құмырсқаша жабыла тынбай істесек өнеді. Билеушілеріміз істеуші болса, оларды көріп өзгелер де істер еді. Сөйтіп, көсемдер көбейсе, ерушілер де көбейер еді. Абақтыдан жайсыз орын жоқ.

Мәтіннен не түсіндіңдер? Негізгі ойы қандай?

Қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықта.

Жұрт-

Құмырсқаша-

Істеуші-

Көсем-

Абақты-

Мамандық- жауапкершілікті, дайындықты қажет ететін, алайда қарапайым ғана өмір сүруге болатын қызметтің бір бөлігі. Өз мамандығын дұрыс таңдаған адам жақсы жетістіктерге жетеді. «Адам өмірінде екі нәрседен қателеспеуі керек: біріншісі- жар таңдауда, екіншісі- мамандық таңдауда» деп, ақын М.Мақатаев атамыз да айтып кеткен.

Мамандық- кез келген адамның өмір бойы өзіне қызмет ететін, өзі ұнатып істейтін кәсібі. Адам мамандық таңдауда қателеспегені дұрыс. Мамандықты өзі таңдау, әрі дұрыс таңдау- жарқын болашақтың кепілі. Сондықтан кейін өкінбейтіндей, адам өз мүмкіншілігі мен бейіміне қарай таңдағаны дұрыс.







Өзіңді тексер!

Жұрт- халық

Құмырсқаша- құмырсқа сияқты

Істеуші- жасаушы

Көсем- елеулі жағдайларда шешім қабылдайтын құқы бар қарым-қатынасты реттейтін ең беделді тұлға

Абақты- қылмыс жасаған адамды уақытша қамауға алатын орын


Дескриптор;

-ойтүрткі сұрақтарына жауап береді.























Дескрипторы:

-Сөздердің мағынасын анықтай алады

-Мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады



3мин

2-тапсырма

Сөйлем

Ш

Ж

Жұрт жұмысы- құстың ұясындай қиын жұмыс

+


Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет етемін деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенінше қарап тұрмай кірісіп істей берсе, ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы.

+


Жұртқа керегін білетіндер аз, істейтіндер көп

+


Ісімізді істеушілер, жоғымызды іздеушілер көбейсе, ойлаған пікір, көздеген мақсат жан бітіп тірілмекші.

+


Білімді болуға өнер керек. Бай болуға қызмет керек.


+


Дескрипторы:

-Мәтін мазмұнын біледі

-Сөйлемдердің мағынасын түсінеді

-Шындық пен жалған пікірді ажырата алады.


6 минут

Мәтін мазмұны бойынша алты «Неліктен?» сұрағын құрастыр

Бекіту сұрақтары:

1.Ұлт жұмысы бойынша не түсіндіңдер?

2.Мәтіннің негізгі ойын білдіңіздер

3.Тұрмыстық, әлеуметтік тұрғыдан саралай алдыңдар.

3-тапсырма

. Мысалы, Неліктен жұрт жұмысын құмырсқаның илеуіндей жұмысқа теңейді?





Дескрипторы:

-Сөздерді орынды қолданады

-Жүйелі, тақырыпқа сай сұрақ құрастыра алады



5 минут

Сөздік қор деген не?

Сөздік құрам деген не?

«Керек дерек» мәтінін оқу, түсіну.

Мәтінді оқып мысал келтіре алады.





5мин

Қосымша тапсырма:

Сөздік қорға 5 мысал келтіріп, сөйлем құраңдар.

Сөздік қорға байланысты 5 мысал келтіреді.

Дескриптор:

-сөздік қорға мысал келтіреді



Кері байла

ныс

4мин

«Дейін-кейін» әдісі арқылы бүгінгі сабақ бойынша не түсінгендерін қорытындылайды





Үй тапсырмасы 4-тапсырма, 52 -бет

Өз ойларын айтады

1-10 дейінгі бағалау жүргізеді.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2025
81
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі