"Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. Ғылыми стиль." 11-сынып. Қазақ тілі пәнінің тірек-конспектісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. Ғылыми стиль." 11-сынып. Қазақ тілі пәнінің тірек-конспектісі

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қазақ тілі пәні бойынша 11- сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

I тоқсан. 2020-2021 оқу жылы.

І тарау. Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер. Орфография және пунктуация. Ғылыми стиль.

Сабақтың нөмірі: 1

Сабақтың тақырыбы: §1. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. Ғылыми стиль.

Оқу мақсаты: 11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);

11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;

Ақпарат көзі: Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыты 11-сынып оқулығы. Алматы. «Мектеп» баспасы. 2020 ж. Б.Қапалбек, Ш.Ерхожина, М.Жолшаева.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, тірек сөздерді теріп жазыңдар. Тірек сөздерге сүйене отырып, мәтінді мазмұнына қарай екі бөлікке бөліңдер. Әр бөлікке ат қойыңдар. (5-бет).

А) Мәтіннен термин сөздерді теріп жазып, сөздіктің көмегімен мағынасын түсіндіріңдер.

Ә) Мәтінде не туралы айтылғанын аннотация түрінде жинақтап жазыңдар.

2-тапсырма. https://ppt-online.org/375617 сілтемесінде ұсынылған таныстырым негізінде стиль түрлерін қайталай отырып, ғылыми стиль туралы білімдеріңді толықтырыңдар.

3-тапсырма. Грамматикалық материалда берілген теориялық мәліметтерді кестедегі бос орындарды толтыру арқылы толықтырыңдар. (6-бет).

Ғылыми стильдің түрі

Ғылыми стильдің мақсаты

Ғылыми стильдің жанрлық түрі



монография, диссертация

ғылыми-көпшілік стиль




нақты бір ғылым саласы бойынша ғылыми түсінік қалыптастыру


4-тапсырма . Ғылыми мәтіннің түрін анықтаңдар. (6-бет).

Дескриптор:

1.Мәтіннен тірек сөздерді теріп жазып, сөздіктің көмегімен мағынасын түсіндіреді.

2. Мәтінде не туралы айтылғанын аннотация түрінде жинақтап жазады.

3. Грамматикалық материалда берілген теориялық мәліметтерді кестедегі бос орындарды толтыру арқылы толықтырады.

4. Ғылыми мәтіннің түрін анықтайды.

2.Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.


Әзірлеуші: Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы. №74 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Алматы қаласы Білім Басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.00.2020
8752
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі