400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ұлт ұстазы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушылары отаршылдық саясат рухында тəрбиеленуге тиісті болды. Бірақ жасынан зерек Ыбырай бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде қалмай, дүние жүзі əдебиеті мен орыс əдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып нəр алды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлт ұстазы – ұлт үніне құлақ аса білді

Сонау 1850 жылы дала өмірінде көп билікті өз қолында ұстаған Балғожа Ыбырайды Орынбор шекара комиссиясының жанынан ашылған мектепке береді. Бұдан бұлай ел билеу ісі орысша сауатты адамдардың қолына көшеді деп ұққан Балғожа би немересі арқылы кейін де сол ел билеу ісін қолынан шығармау ниетін көздеген. Жаңа ашылған мектепте 30 бала, олардың ішінде 9 жасар Ыбырайда болды.

Мектеп оқушылары отаршылдық саясат рухында тəрбиеленуге тиісті болды. Бірақ жасынан зерек Ыбырай бұл мектептің оқу жүйесі шеңберінде қалмай, дүние жүзі əдебиеті мен орыс əдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып нəр алды. Мектепті бітіргеннен кейін, 1857–1859 жылдар аралығында ол атасы Балғожа бидің хатшысы болды.

Кейін Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштық қызметіне ауысады. 1860 жылы Орынбордан Торғайға ауысып, мұғалімдік қызметке орналасады. Өзінің тікелей күш салуымен 1864 жылы қазақ балаларына арналған тұңғыш мектеп ашады. Осыдан бастап оның ағартушылық жəне педагогикалық қызметі басталады.

1860–1879 жылдар арасында Ы.Алтынсарин мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар, арагідік басқа да қызметтер атқарды: 1868–1874 жылдары Орынбор генерал-губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы; 1876–1879 жылдары Торғай уездік бастығының аға жəрдемшісі болды. Инспекторлық қызметке кіріскен кезден бастап Ыбырай зайырлық мектептер ашуды қолға алды.

Қазірдің өзінде қазақ даласында, ұлтымыздың алғашқы ағартушысы Ыбырай бабамызды білмейтін адам кемде-кем. Оның атына ашылған мектептер, өткізілетін дүбірлі додалар осының айғағы. Ең жақсысы сол, педагогтардың ең мықтысына табысталатын медальдің де аты Ыбырай Алтынсаринмен тікелей байланысты.

Ол өз естеліктерінің бірінде, "Мен отар қойға шапқан аш қасқырдай" балаларға білім беруге ынтық болып, әр қазақтың өнегелі өмірін білім мен ғылымға арнағанын қаласа керек.

Қазақ халқын мəдениетке үндеп, халық ағарту мəселесінде көп еңбек еткен тұңғыш ағартушы 1864 жылдан 1889 жылға дейін жиырма бес жылдық өмірін қазақ балаларына арнап, мектеп ашу, оларды оқыту, тəрбиелеу, оқулықтар, оқу құралдары жəне əдістемелік кітаптар жазу жұмысына арнайды. 1889 жылдың 17 шілдесінде, 48 жасында «Инспектор көлі» жағасында, өз үйінде ұзаққа созылған өкпе ауруынан қайтыс болады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
248
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі