400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлт ұстазы. Ахмет Байтұрсынов. Мақала. Эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал Ахмет Байтұрсынұлы туралы мақала. Оқушылар мен ұстаздарға көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттың ұлы ұстазы


Қазақ даласы қашан да халқының тұрмыс тіршілігіне бей-жай қарамайтын, ұлт мүддесін үнемі жоғары қоятын, елі үшін ерен еңбек еткен жандарға толы. Солардың бірі де бірегейі, ұлтымыздың ұлы ұстазына айналған Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толып отыр.

Қазақ халқы біртуар перзентін қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы ретінде жақсы біледі. Осыншама қабілет пен қызметті ұлтының болашағы үшін сарп еткен. Қазақ халқының болашағының жарқын болуы жолында басын бәйгеге тікті. Ресей үкіметі оны бұл бетінен тайдыра алмады. Күрес жолындағы кездескен кез-келген қиындық, жазықсыз қамау, түрмедегі тіршілік ұлы ұстаздың қазақты қалай да надандықтан арылтамын деген мақсатын одан әрі жігерлендіре түсті. Нағыз отаншыл азамат үшін халқының көзі ашық және азат болғанынан артық бақ болмаған еді.

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа немді алар өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары – көр,
Мен жоқ болам көміліп тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес еткем ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін.

-деген ұстаздың өлең жолдары неткен жанды, неткен әсерлі еді. Шынында да тәні қара жерге тапсырылса да, болашақ ұрпақ үшін жасаған еңбегі ешқашан ұмытылмақ емес. Ел ертеңін ойлаған ер есімі мәңгілік. Мұндай отанға, ұлтқа деген шынайы һәм өшпес махаббатты кез-келген азамат сақтай алмасы анық. Бүгінгі ұрпақ үшін жасалған жауһар жұмыстарды бағалау, оны келер ұрпаққа қаймағын бұзбай қалдыру ендігі біздің міндет. Аманатымызға адал болайық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қыркүйек
186
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі