400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ұлттар достастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттар достастығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә.


Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Ұлттар достығы»

Құндылық

Ұлттық мүдде Отан, бірлік, достық, ынтымақтастық туралы нақыл сөздер

Мақсаттары

Оқушыларға ұлттар достығы туралы түсінік беру. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық дәстүрлерін, мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Оқушылардың көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен бірлікпен өмір сүріп жатқаны туралы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар


Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Біздің көшенің тұрғындары» бағдарламасы негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар сабағымызға көптеген қонақтар қатысқалы тұр, сондықтан сабақты жақсы өткізуге ат салысуларыңыз, пікір алысуларыңыз сұралады.
Біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Ұлттар достығы.
«Достық – өмір үшін ең қасиетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық игілікке түгел ие бол тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызда достық, ұлттар достығы жайлы талқылайтын, білетін боламыз.

Біздің көшенің тұрғындары, достық деген не, оны қайсысымыз қалай түсінеміз, соны айырып алайық. Сөз жоқ, достық – егер соны досың шын жүрегімен, жаны ашып істесе. Ал өтірік жаны ашыса, жала жапса қалай болады? Достық алдымен екі адамның бір – біріне адалдығы. Адалдықсыз достық болмайды. Сендер қалай ойлайсыңдар дос деген не? Дос қандай болуы керек?
Оқушылардың ойлары, пікірлері тыңдалады.

Жақсы, балалар. Сендер достық жайлы біраз мақал – мәтелдер де біледі екенсіңдер. Ел арасындағы, ұлт арасындағы достық жайлы естідіңдер ме?
Кең байтақ еліміз – Қазақстанда 120 – дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл деген қазақ халқының ұлылығынан, кеңдігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.


Қазақ осы – айтатұғын елге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы – аңғал – саңғал жабусыз,
Қазақ осы – ағыл – тегіл көл – көсір.
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, ұлы қазақ даласында басқа да ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының қайталанбас діни және материалды мәдениеті, тарихы, салт – дәстүрі бар.


Қорытындылау

Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлт аралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.
1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт – дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір – түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27 республикалық және аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.
Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген.
Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда. Әр ұлттың мәдени орталығынан келген біздің көше тұрғындары не дер екен?





Достық екен өмірде ең керегі,
Достық болып дүние дөңгеледі.
Өзендегі толқындар дос боп ақты,
Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.
Балалар, достық тағы кімдердің арасында болуы мүмкін?
Осы достық, татулық жайлы, ынтымақтастық туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Досы көпті жау алмайды, дау алмайды.
Жаман аттан аяғым артық,
Жаман достан таяғым артық.

 Доссыз өмір тұзсыз ас.
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
Ынтымақ – достықтың бірлігі.
Татулық табылмас байлық.

Дос басқа қарар, дұшпан аяққа қарар


Біз тілейміз бар бөбекке,
Бақытты өмір сүргенін.
Туған елге еркелеп,
Қуанғанын күлгенін.
Сусынымыз қанады,
Өнер – білім нәрімен
Әлемдегі баланың,
Дос боламыз бәрімен.


Таратпа қағаздар







Интерактивті тақта













Бейнеролик








Тәттілер




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.05.2024
215
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі