Ұлттың ұлы ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттың ұлы ұстазы- Ахмет Байтұрсынұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық қызметі, сіңірген еңбегі, оқулықтары мен өлеңдеру туралы қысқаша эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ-АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

Мусина Альмира Тлеухоровна

Курмин тірек мектебінің (РО) қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Almirchik1983@mail.ru


Қазақ халқында текті туған, ғұмырын ізгілікке арнап, ел дамуы жолында ат салысқан азаматтар жетіп артылады. Шоқтығы биік тұлғалардың бірі – Ахмет Байтұрсынов десек, артық айтпағанымыз болар. Саналы ғұмырын сауат ашуға арнап, қарабайыр халықтың көзін ашуға ұмтылған жан, қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы екені мәлім. Өзінің өткір тілді өлеңдері, жыр-жинақтары арқылы халқының құлағына маса болып ызылдап, ұйықтап жатқан халықты оятуға талпынған, жанды жерінен шағып, болашаққа зер салуды насихаттайды. Қазақ қоғамында оқу саласына ерен еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынов, араб жазуы негізінде жасалған тұңғыш әліпбидің дүниеге келуіне түрткі болды. Өзінің қолға алған жобасы негізінде, топ алдына шығып, баяндама жасаған сәтте, ағартушы ғалым: «Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп айтқан болатын. Кіріктірілген сөздер, әріптердің балаларды оқып, игеруіне қиындық тудыратындықтан, барынша жеңілдетілген, тілге оңай екендігін алға тартып, «Оқу құралы» қазақ әліпбиінің баспада жарияланып, қара домалақ балалардың қолына тиіп, көзін ашуға өз ықпалын тигізді. Аталмыш оқулық әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жоймай, құнды дүниелер ретінде бағалануда. Айта кетейік, қазіргі біздің білім беру жүйесінде талай жылдар бойы қолданыста болып, кейінгі жылдары өзгеріске енген «әліппе» оқулығы да биыл жанданып, қайта шәкірттердің қолына табысталатын болды. Оның алғашқы бетінде, Ахмет Байтұрсыновтың болуы да бекер емес.

Жалпы, өзі жазылған өмірбаянда ол: «...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым», деген болатын. Талай жылдық зерттеу, тынымсыз еңбек, алға қойған мақсаттың арқасында ғалым өзінің тырнақалды туындысын көпшілікке ұсынып, жемісты нәтижесі көп уақыт өтпей-ақ байқала бастады.

«Тіл құрал» қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Ол жерде тек жазылу, оқылу емлесі ғана көрсетіліп қоймай, нақты дәлелдермен анықтамалар, грамматика, терминдер кеңінен қарастырылған. Мысалы, бүгінгі күнге дейін қолданыстан түспей келе жатқан зат есмі, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа, т.б. көптеген терминдерге түсінікті түрде анықтама беріп, сауап ашуға негіз болған. Әрине, бастапқыда балалар үшін бұл ұғымдар құлаққа түрпідей тигенімен, уақыт өте келе, сөйлемдердің құралу барысы, талдау жүйесіне бірізділік қалыптасып, әр бөлшекке мән беру нақты түрде жүзеге асырылды.

Талай жанның өміріне шуақ болып шашылып, талай жанның шамшырағын жағуға ықпал еткен азамат, тек білім саласында орасан тер төгіп қана қоймай, баспа саласының дамуына да үлкен көмегін тигізді. Тұңғыш, жалпыұлттық «Қазақ» газетінің жарыққа шығуына түрткі болған, дәл осы Ахмет Байтұрсынов болатын. Саясаттан хабар-ошар тарапын, халықпен тікелей байланыс орнатқан басылым адамдарды үнемі ілім-білімге де үгіттеп отырды.

Оған қоса, нар тұлға Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі ретінде тарихтан жақсы таныс. Тіпті, отаршылықтың отты лебі оның отбасына да өз кесірін тигізіп, қазақтың текті ұлына жала да жабылды. Әрине, ұлттың ұранын ұлықтаған жанды Патша үкіметі аса жақтыра қоймағаны анық. Алайда, қазақ үшін, Ахмет Байтұрсынов қашан да, биік тұғырдағы, төбемізге көтеретін ұлт ұлы екенін қанша ғасыр өтсе де дәріптеп өтпек.

Тілі таза, намысы өжет, текті тұлға қашан да ұрпақтардың ықыласына бөленіп жүре бермек. Тұңғыш ұстаз, ағартушы, ұлт жанашыры, мемлекет қайраткері, ақын, аудармашы, нар тұлға. Осындай игі қасиеттердің бәрін бір бойына ғана сіңіре білген абзал азамат, Ахмет Байтұсынұлы!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.08.2021
14174
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі