"Ұлттық аспаптар сыр шертеді" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлттық аспаптар сыр шертеді" ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
Аспаптар туралы түсінік береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Музыка жетекшісі: Шандыров Еркебұлан Хайырболатұлы

Күні, айы, жылы: 02.12.2020

Тобы: «Еркемай» ортаңғы тобы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Ұлттық аспаптар сыр шертеді»

Мақсаты: Табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. Әнді сезіну арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балалармен қалалар, туған жер, ауыл туралы әңгімелесу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, үйрету, орындау, көрсету, сұрақ-жауап, әңгіме.

Қажетті көрнекі құралдар: Қазақстан рәміздерінің суреті, сәулетті қалалар суреттері.

Билингвалдық компонент: Менің Отаным – моя Родина - my Native land, қала-город- city, астана-столица- capital.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі






«Марш» әуені ойнатылып, балалар залға жалаушалармен ішке кіреді. Тізені жоғары көтере нық басып, арқаларын түзу ұстаулары қадағаланады.

Маршпен адымдап жүреміз,

Ержетіп, өсіп келеміз! деп марш екпінімен жүріп келіп, орындарына отыруларын сұралады.

Бір, екі, үш!

Бойға жинап күш.

Шынығамыз таңертең,

Ағалардай Отанға,

Ұлан болам мен ертең!

  • Сәлеметсіздер ме!

  • Здравствуйете!

  • Good moning!

-Амансыңдар ма, достарым?

-Сендерді көргеніме қуаныштымын!

-Біздің еліміз өз елтаңбасы, туы, гимні бар егеменді ел.

(Рәміздердің суреттері көрсетіледі.)

Рәміздер туралы түсінік беріліп, өлеңдер оқылады.

Көк аспанда, көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек-

Елдің ашық қабағы.

(Тудың суреті көрсетіледі.)

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада-аспан әлемі.

(Елтаңбаның суреті көрсетіледі.)

Әуен екпінімен нық басып, ырғақты сезіне жүруге талпынады.


Тізелерін көтере, мақтанышпен жүріп, өлең жолдарын қосыла айтады.





  • Балалар үш тілде амандасады.




Рәміздердің суреттерін көріп, ту, елтаңба, гимн туралы тыңдап, әңгімелейді.


Ұйымдас-тырушылық ізденіс кезеңі


















-Біздің Қазақстанымыз кең байтақ жері бар өте үлкен мемлекет. Әдемі қалалары бар, табиғаты сұлу, таулары, өзендері көрікті. (Табиғаттың суреттері көрсетіледі.)

Балаларды суретке қарап әңгімелеуге, ойларын толық жеткізуге дағдыландырылады.

Жайнаған сансыз қаласы,

Жайқалған жомарт даласы,

Ел-Отан біздің кең-байтақ

Отанның біздер баласы.

(Қ.Шаңғытбаев)

-Кең-байтақ Отанымыз туралы ақын ағаларымыз осылай жырлайды екен.

-Балалар, сендер Отан, туған жер туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

(Балалардан тақпақтар сұралады).

-Жарайсыңдар балалар, сендер Отан, туған жер туралы көп өлең, тақпақтар біледі екенсіңдер.

Менің Отаным – моя Родина - my Native land.

-Ендеше, тақпақтарымызды айтып болсақ, біз әрі қарай Отан туралы музыка тыңдайық.

Ән тыңдағанда дұрыс отыру ережелері қадағаланады.

Музыка тыңдау: «Отан»

(Мукашева Салтанат «Отан» әнін орындап береді)

-Бұл әннің көңіл күйі қандай?

-Ән мазмұнында не туралы айтылады?

-Сендер өз Отаныңызды жақсы көресіңдер ме?

Сергіту сәті: «Бір оңға, бір солға»

Даусымызды әдемі,

Шықсын созыла.

Әндетейік енді біз.

Бірге қосыла!

Дауыс жаттықтыру:

Біз ән айтамыз, жақсы айтамыз.

-Ендеше, бойымызды сергітіп болсақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындаймыз.

-Сендерді Қазақстанымызды аралап, танысуға саяхатқа шақырамын. Пойыз болып, вагондардан орын алу ұсынылады.

Паравозға машинист тағайындалады.

Әуен қосылып, әуеннің ырғағымен вагондар қозғалады.

Мен, паровоз, от алам,

Астанаға бет алам.

Пуп-пуп, пыш-пыш.

-Біз Орал қаласына жақындап келеміз. (Орал қаласының суреті көрсетіледі.)

Орал-жасыл желекті әдемі қала.

Қала-город- city.

-Пойыздан түсіп, демалып, көңіл көтерейік. Көңілді ән айтайық.

Ән: «Елтаңбасы елімнің» орындалады.

-Саяхатымызды жалғастырамыз,-деп пойызға қайта отыру ұйымдастырылады.

Бірте-бірте тездейміз,

Тез жетуді көздейміз.

Пуп-пуп, пыш-пыш.

-Келесі станса Алматы қаласы!-деп хабарланады. (Үнтаспадан Алматы туралы әуен естіледі.)

Балаларға қала суретін тамашалауды ұсынылады.

Қаладан көп өтеміз,

Астанаға жетеміз.

Пуп-пуп, пыш-пыш.

Саяхат әрі қарай жалғасады.

-Міне, Астанаға да жеттік (суреттер көрсетіледі).

-Көшелері қандай әдемі! Биік үйлер көп екен. Ал мынау жарқырап тұрған-«Бәйтерек» кешені,-деп таныстырылады.

Астана-столица- capital.

Біз көңілді баламыз,

Ойнап асыр саламыз.

Ән де айтып, көңілді,

Би де билей аламыз.

Ән: «Астанамыз - Астана» орындалады.

-Балалар, ойын ойнағыларың келе ме?

Ойын: «Мен күйшімін».

Балаларды шеңберге тұрғызып, бастаушы баланың қолына домбыра беріледі. Бастаушы үнтаспадан берілген күйге шеңбер ішімен айнала билеп жүреді, балалар бір орнында билеп тұрады. Күй тоқтағанда бастаушы өзі қалаған екі баланың ортасына тұра қалады, оң жақтағы бала оңға қарай, сол жақтағы бала солға қарай шеңбердің сыртымен жүгіріп келіп, орындарына бірінші болып келулері керек, қалып қойған бала бастаушы болады. Ойын әрі қарай жалғасады.

Балаларға жалаушалар таратылады.

Әуенді қимыл:

«Жалаушамен жаттығу»

Би қимылдары көрсетіліп, жалаушаны бірдей қозғап, бірге қозғалулары қадағаланады.


Суреттерді тамашалап, қызығушылықтары артады.


Әңгімені қызыға тыңдайды.









Балалар жатқа білетін тақпақ, өлеңдерін жарыса айтады. Бір-біріне қошемет көрсетіп, қол шапалақтайды.



Әнді ықыласпен тыңдап, әсерленеді.




Ән мазмұнын әңгімелеп беруге әрекеттенеді.




Балалар әуенге қосылып бірге айтып, қимылдарды қайталайды.


Дауыстарына жеңіл жаттығу жасайды.


Гимнді орындайды

Көңілді пойызға жайғасады. Көңілдері көтеріліп, шаттанады.

Әнді тыңдап, ырғағымен қимылдарды көрсетуге талпынады.

Қала суретін тамашалайды.

Пойыздан түсіп кілемге жайғасып отырады, демалады.



Пойызға қайтадан отырып, сапарларын жалғастырады.



Алматы қаласының суретін көріп, тамашалайды.

Әнді тыңдап әсерленеді.


Көңілді пойызбен саяхаттарын жалғастырады.

Балалар жарқын дауыспен паровоз даусын қуана салады.


Астананың сәулетті көшелерінің суреттеріне таңырқай қарайды, қуанады.


-Ия, ойнаймыз.

Балалар ойынға қызыға қатысып, бәрі де күйші болып, домбыра аспабын ұстауға тырысады.

Домбырамен билеп келіп, шартты бұзбауға талпынады.







Жалаушаларды ұстап, 4-5 қатарға тұрады.

Көрсетілген би қимылдарын қайталайды. Жалаушаны желбірете жоғары көтереді, оңға, солға бұрылып, бірге қимылдауға тырысады.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі










Балаларға шеңбер бойымен жайғасып отыру ұсынылады.

-Қай мемлекетте тұрасыңдар?

- ҚР рәміздерін атап беріңдерші?

-Қай ауылда тұрасыңдар?

-Қандай қалаларға бардық?

Балаларға сұрақтар қойып, оқу іс-әрекетін бекітіледі.

Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?

Бәрің жақсы қатыстыңдар!

Жарайсыңдар, балалар!

Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды, сау болыңдар!

Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

Балалар естіп білгендерін, көргендерін айтып жауап береді.


-Ия, ұнады.

Қызығушылықтары артып, көтеріңкі көңіл күймен қоштасады.

-Сау болыңыз!


Күтілетін нәтиже:

Нені білді: Әнді сезіне тыңдауды, мәтінін әңгімелей білуді, әуеннің тембірін ажыратуды біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Мемлекеттік рәміздермен танысып, Қазақстан туралы мәліметтерді игерді.

Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: Әуен ырғағымен жалаушаларды ұстап билеуді, әнді әуенмен айтуды, ойын саяхатына белсене қатысуды меңгерді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2021
361
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі