Ұлттық киім-ұлттың сәні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық киім-ұлттың сәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық киімді мектеп талабына сай күнделікті киіп жүру үлгісін көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық киім - ұлттың сәні



Базарбаева Гүлсара Қантөреқызы,

172 мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі,

Алматы қаласы



«Наурызнаманың» 5-күні, яғни 18 наурыз Ұлттық киім күніне арналады. Осыған байланысты елде бірқатар ұйымның қызметкерлері, студенттер мен оқушылар заманауи стильдегі ұлттық костюмдер киіп, мерекені жаңа форматта атап өтуде. Бұған Ұлттық сезім жобасының үлесі зор. 2023 жылдың желтоқсан айынан бастау алған жоба, ел аумағында ұлттық киімнің сән-салтанатына арналып, қазақ мәдениетін насихаттауға бағытталған флешмоб өткізіп келеді. Оның басты мақсаты салт-дәстүр мен мәдени мұраны сақтап, ұлттық киім қолөнері мен нарығын дамыту, сондай-ақ салада жұмыс істейтін жас дизайнерлерге қолдау көрсету.

Қазақтың ұлттық киімін, дәстүрін дәріптеп ұлт болашағы үшін жарқын бейне қалыптастыру деп білеміз. Осы орайда №172 мектеп-гимназиясының шәкірттері мен ұстаздары ұлттық киімді осыдан бірнеше жыл бұрын қолға алынған еді. Оның мақсаты осы бір асыл жаухарымызды, тек наурыз мерекесінде ғана емес, әрдайым сәнді киім үлгісі ретінде, мектеп талабына сай қазақ ұлттық оюларын үйлесімді байланыстырып, жас жеткіншек санасын сіңіру болатын. Бейбіт заманда, көздің жауын алатын ұлттық киім кию қандай бақыт?!

Бүгінгі таңда 4«а» сынып оқушылары осы үрдіспен әдемі қазақи камзолдар мен сәнді тақияларын киюді әдетке айналдырған. Осы бастамаға қолдау білдірген ата-ана еңбегі зор.



Қазақ еліне аса маңызды осындай күнде, оқушылар, мұғалімдер ұлттық стильде әртүрлі көркемделген барқыт камзол, шапан, сырма кеудеше, ұзын кәжекей, ұлттық  бас киім және ұлттық ою-өрнекпен безендірілген білезік, сырға тағып өздерінің патриоттық сеімін осылай білдіруде. Бұл жас ұрпақтың ұлттық әшекейге қызығушылығын арттырып,  тарих пен әлемдік деңгейдегі киім тігу шеберлеріне, яғни дизанерлерге шабыт беретін керемет нәрселер жасаған ата-бабаларымызға құрмет және ұрпақты осыған баулу біздің парыз.

Жас ұрпақтың саналы, білімді, ұлтын сүйуі ұстаздың оларға ұлттық дүние, рухты ұштастыра отырып білім беруінде. Сондықтан ұлттық рухы, мінезі бар бала жарқын Қазақстан болашақ кепілі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.03.2024
179
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі