Материалдар / Ұлттық киімдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық киімдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ұлттық киім тақырыбында ашқ ҰІӘ көрсету
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақтың ұлттық киімдері

Білім беру саласы: Таным. Қатынас. Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты: Ұлттық киім түрлерімен таныстыру. Олардың өзіндік ерекшеліктерімен таныстыра отырып,қазіргі киім түрлерімен салыстыра білуге, әңгімелеп беруге үйрету. Сөздік қорын молайту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсіл: Ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: ұлттық киімдер, суреттер, ою-өрнек түрлері.

Шаттық шеңбер

Аспан түрді түндігін, жерге сауле жайылды

Неткен ашық күн бүгін, қайырлы таң, қайырлы.

Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекет «қазақтың ұлттық киімдері» жайында болмақ.

Әңгімелесу . жалпы киім туралы. Өткен материалдарды естеріне түсіре отырып, ұл бала мен қыз балаға арналған киім түрлері, олардың айырмашылығы, қалың және жұқа киімдер, баскиім, сырткиім және аяқ киім болып бөлінетіндігі туралы айтады.

4.Ойын«Ұл мен қызды киіндіреміз»

5.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Көрмені көрсету.

- Дұрыс айтасыңдар балалар. Киімдердің түрлері көп екен және олар бірнеше топқа бөлінеді. Бүгін біз сондай киімдердің бір түрі қазақтың ұлттық киім түрлерімен танысамыз. Ол үшін арнайы көрмеге барамыз.Балаларға көрмені аралап, киімдерді жақсылап бақылап алуларына мүмкіндік беру. Киімдерді бір бірден таныстыру.

-Үкілі тақияның төбесі дөңгелек болып келеді. Жібек, алтын, күміс, зер жіптерімен кестеленіп, моншақ, асыл тастармен безендіріледі. Үкінің үлпілдек қауырсынын тақияның төбесіне қадайды.Ұлдардың тақиясы жай өрнектермен безендіріледі.

Камзол – жеңсіз жеңіл киім. Қыздарға арналған камзолға кесте тігіліп, ою-өрнек салынады.етегі кең болып келеді.

Тымақ –ұлдардың қыстық бас киімі. Аңның терісінен тігіледі.

Көйлек – әйелдердің киімі. Қос етек көйлекке екі үш етекті қоса тігеді.

Шапанды қалың матадан қазақтың ою өрнегін салып, астарлап сырып тігіді. Шапанды ерлер де, әйелдер де, балалар да киеді. Қыздарға арналған шапанның жаға- жеңіне , етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар ұстайды. Ұл балалардікі ою-өрнектермен безендіріледі.

Күнделікті киетін киімдерді ұлттық киіммен салыстыру.

6. сергіту сәті.

Біздер тату баламыз. Гул-гул жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасайық. Жақсы сергіп қаламыз.

Орнымыздан ұрамыз, қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір, бұрыламыз солға бір

Көбелек болып ұшамыз, орнымызды табамыз.

7. ою – өрнектерді еске түсіру.Балалар біз қандай ұлтық ою- өрнектерді білеміз? Гул, қошқар мүйіз, ирек су, балта ,түие табан, тұмар.

8.Шығармашылық жұмыс. Балалрды таңдауы бойынша үш орталыққа бөлу. Бірінші орталық даиын қиындылардан саукеле жапсырып жасайды. Екінші орталық саукеленің суретін салады. Үшінші орталық мозаикамен саукеле жасайды.

9.Ұлттық оиындарды еске түсіру. Балалар, біз тақиямен ойнайтын қандай ойын білеміз? Басқа да ұлттық ойындарды еске түсіреиік. Суреттерді көрсету

Тақия тастамақ, қыз қуу, асық ату, көкпар ,ат жарыс,білектесу, күрес т.б.

10 Қорытындылау .Бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сурау.Балалардың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру. Мақтап, мадақтау.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұлттық киім түрлерін,ерекшелігі мен ұқсастықары туралы,казіргі киім түрлерімен салыстыра білуді.

Игереді: қыз бала мен ұл баланың тақиясының айырмашылығын.

Меңгереді: ұлттық киім түрлерінің өзара ұқсастықтары мен ерекшелігі және басқа киімдерден айырмашылығын.

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!