"Ұлттық киімдер" оқу қызметі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлттық киімдер" оқу қызметі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Ұлттық киімдер

Мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат беру.Балалардың сөздік қорын молайту,ұлттық сана-сезімін ояту,ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту

Қажетті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: шапан,қоржын,ұлттық киімдер үлгісі және суреттері

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,әңгімелесу

Билингвальды компонент: Ұлттық-национальная,киім-одежда

Сөздік жұмыс: шапан,ішік,камзол,кимешек

Оқу қызметінің

кезеңдері

Педагогтың қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық

Сәлеметсіздер ме,балалар!Бәріміз бір-бірімізді қолымыздан ұстап ,үлкен шеңбер жасап тұрайық.Балалар,біз таңертеңгісін ұйқыдан тұрғанда алдымен қай жаққа қараймыз?Онда нені көреміз?

-Дұрыс айтасыздар?

-Егер ол жарқырап нұрын шашып тұрса,қалай қуанамыз?

-Олай болай ,балалар,бәріміз қуанып, жаңа күнді қарсы алып,шеңбер жасап отырайықшы.

Күніміз жарық болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Күніміз сәтті болсын!

Деніміз сау болсын!

Көп жасаңдар.Айтқан тілек-сөздерің қабыл болсын,ниеттеріңе жетіңдер!








-Терезеге қараймыз


-Күннің нұрын,күнді көреміз


Алақай деп қолдарын шапалақтайды

Ұйы Ұйымдасты Ұйымдастырушылық-ізденістік


Балалар ,мен бүгін балабақшаға бір қоржын алып келдім,ашып көреміз бе?

Қане,балалар,кім айтады,мынау қандай зат?

Дұрыс,біз бүгін қазақтың ұлттық киімі-шапанмен таныс боламыз.Жыл мезгіліне байланысты шапанның бірнеше түрі болады.

Шолақ жеңді,ұзын жеңді шапан ,ал қыс кезінде киетін қалыңдау түрін-шекпен деп атайды.Шапанның ұзын да,қысқа да түрлері болады.

Балалар,шапанды ұстап көріңдерші ,неден жасалады екен?

Шапанның түсі қандай екен?

Шапанның шеті немен безендірілген?

Шапанды біз қандай мерекеде киеміз?

Шапанды кімдер киеді?

Ұлттық киімдер екіге бөлінеді екен:әйелдер және ерлер киетін болып.

Ер адам киімі:

Ішік-әр түрлі аң түрлерінен тігеді.Оны қыстың күні далаға киеді екен.Ол өте жылы болады.

Шалбар-барқыт,пүліш,шұға,шибарқыт сияқты ширақы материалдардан ,қой-ешкі терілерінен тігіледі.Оны кең қылып тігеді екен,себебі;атқа мініп-тұруғ ,малдас құрып отыруға өте ыңғайлы болған.Еркектер көбінесе сырт киімдерін түймесіз,тек белбеумен ғана киген,белбеуді бірнеше метр матадан ораған.

Әйел киімі:

Көйлек-ол кең етекті,ұзын болған екен.Оны матадан тігетін болған.



















-ия

-ұлттық киім - шапан










-матадан


-көк

-оюмен

-наурыз


Кимешек-әжелеріміз басына киетін болған.

Камзол-казақша көйлектің сыртынан киетін оюлы жеңі қысқа киім.

Сондай-ақ аналар,қыздар,әжелер киетін бас киімдердің көптеген түрі:жаулық,сәукеле,тақия,бөрік болған екен.(суреттері көрсетіледі)

Сергіту сәті:«Менің киімдерім» санамағы

1 дегенім-бөрік

Кисең бойға көрік.

2 дегенім-етік

Киер сәнді етіп

3 дегенім-ішік

Теріден тігер пішіп.

4 дегенім-тымақ,

Қыста кисең жылы-ақ

5 дегені байпақ

Іші жылы тайпақ.











Тәрбиеші нұсқауымен санамақ санайды

Рефлексиялық-түзетушілік

-Балалар,біздің бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы қандай болды?

-Біз енді ұлттық киім мен күнделікті киімді ажырата білеміз бе?

-ұлттық киімдер



-ия



Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: ұлттық киімдердің қандай болатынын

Түсінеді: ұлттық киім түрлері қандай болатынын

Қолданады: ұлттық киім мен жай күнделікті киімнің қандай болатынын ажыратады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.08.2018
1495
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі