Ұлттық кітапхана

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық кітапхана

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақ тілі

Сынып: 5

Күні: 19.12.18ж



Сабақ тақырыбы

Ұлттық кітапхана


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.2.5.1 (А5)-берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу

5.5.1.5 (ТБ1) - болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

5.2.6.1 (А6) -тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау.

5.5.1.5 (ТБ1) - болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.



Сабақ мақсаты


  • Оқушылардың барлығы орындай алады:

тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау;

  • Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

  • Оқушылардың кейбірі орындай алады:

Болымды, болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын айта алу


Бағалау критерийі



Тілдік бағдар мақсаты бойынша:

Болымды,болымсыз етістіктерді жазба жұмысында қолдану.


Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор: Кітап қорында, ең ірі, қолға беріледі, мәдени ескерткіш, қорғауында, пайда болған, мемлекет қайраткерлері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Сен тұратын жерде кітапхана бар ма?

  • Қазақ тілінде қандай кітап оқыдың?

  • Мектептегі кітапханада оқырмандар бөлмесі бар ма?


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары

3.Зайырлы қоғам және жоғары руханият

Біздің еліміз әлемдік қауымдастықта рухани әлем мен келісімнің оң үлгісі ретінде қабылданады. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты экономикадағы өрлеудің, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениеттің ұлттық жүйесін табысты дамытудың ең маңызды шарты.


Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет


Алдыңғы білім

Оқушылар бұған дейін суреттер, тірек сөздер арқылы тақырыпты болжауға дағдыланған, қажетті тіркестерді пайдаланып, мәтін құрастыра алады


Сабақтың барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурс тар

ҚБ

Сабақ-тың басы –

8 мин.
































Сабақтың ортасы 28 мин
















  1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал туғызу:

Үлкен  шеңберге  тұрайық,

Қол  ұстасып, кәне біз.

Достасайық  бәріміз,

Қандай  жақсы дос  болу!

(бір-бірімен  амандасып,құшақтасады)

  1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен және бағалау критерийімен таныстыру

Қызығушылықты ояту.

Оқушылардың жауабын тыңдау. Сабақтың тақырыбына болжам жасайды.

Топқа бөлу. «Адасқан сөздер» әдісі Оқушыларға қима қағаздар беріледі. Бұл қима қағаздарда кітапқа қатысты мақал-мәтел берілген. Оқушылар қима қағаздағы мақал-мәтелдің жалғасын дұрыс табу арқылы үш топқа бірігеді.

Мақал-мәтелдер:. /«Кітап – білім бұлағы», «Кітап – алтын қазына», «Кітап – таусылмайтын байлық»/.

Ж. Алдыңғы білімді еске түсіру

Сұрақтар:

  1. Кітапханаға не үшін келеді?

  2. Мектепте кітапхана бар ма?

  3. Сен соңғы рет қашан кітап алдың?

  4. Ол қандай кітап?

Үй тапсырмасын тексеру:

Кітап – бағалы сыйлық

Кері байланыс парақшаларын талдау


«Ой қозғау».әдісі

Кім кітап оқиды?

Кітапты қайдан аласыңдар?

Біздің мектепте қанша кітапхана бар?

Олар қайда орналасқан?

Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?


Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Ұлттық кітапхана».


Сөздікпен жұмыс

Мұғалім тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады,аудармасын айтады. Оқушыларға қайталатады.


Пайда болған – появился басылым – издание

Кітап қорында - книжное хранилище рухани байлық – духовное богатство

Ең ірі – самый крупный ұлттық қойма – национальный склад

Мемлекет қайраткері –государственный деятель

Арнайы жоба – специальный проект

Сәулет өнері – архитектурное искуство

Мәдени ескерткіш – культурный памятник

Қолға беріледі – выдается на руки

ТЖ 1 – тапсырма. Мәтінді мұқият 2 рет тыңдап, тірек сөзді анықтап, мәтіннің тақырыбын болжап, жазыңыз.

Қазақстан Республикасындағы ең ірі кітапхана – ұлттық кітапхана. Ол Алматы қаласында орналасқан.Кітапхана1931жылы ашылған.Кітапханада Қазақстан туралы,қазақ тіліндегі басылымдар жиналған. Оны жинаған бірінші директоры - мемлекет қайраткері Ораз Жандосов.Кітапханаға бір жылда миллионнан астам оқырмандар келеді.Он төрт оқу залы жұмыс істейді.Бұл кітапханада өте бағалы, сирек кездесетін кітаптарды сақтайды.Ұлттық кітапхана мемлекеттік қорғауында.

1-топ. Мәтіннің тақырыбын анықтап, болымды, болымсыз етістіктерді табады.

2-топ. Тірек сөздер сөздерді (әр сөйлемнен бір сөзден)табады,

3-топ. Мәтінге диалог құрастырады.


Дескриптор:

  • Ұлттық кітапхана жайлы біледі.

  • Тірек сөздерді тауып, диалог құрастыра алады

  • Мәтіннің тақырыбын анықтап, етістіктерді таба біледі.

ТЖ 5- тапсырма. Етістіктерге тиісті жұрнақтарды жалғап, болымсыз етістікке айналдыр.

Дескриптор:

Болымсыз етістіктің жұрнақтарын дұрыс қоя алады.
















































































































Сабақ-тың соңы

7 мин

Саралау тапсыр-масы




Сабақты бекіту: «Сиқырлы орындық»

(үстелдердің артында сұрақтары бар стикерлер жапсырылған) АВС деңгейлі

Дескриптор:

-Сұрақтарға жауап бере алады;

-Жауаптарын дәлелдей біледі;

-Шынайы өмірмен байланыстыра алады









Үй тапсырмасы:

7 - тапсырма . 121 бет



Кері байланыс: Білемін. Білдім. Білгім келеді.


Саралау:

  • Оқушылардың барлығы орындай алады:

тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау;

  • Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.

  • Оқушылардың кейбірі орындай алады:

Болымды, болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын айта алу

«Бағдаршам» әдісі

«Бас бармақ» әдісі

«Смайлик» әдісі

Топта жұмыс жасау ережелерін сақтайды

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2018
693
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі