400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Ұлттық ойын. Тоғызқұмалақ ойын ережесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫН НАСИХАТТАУ ЖӘНЕ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫН ОҚУШЫЛАРҒА ОЙНАУ ЕРЕЖЕСІН ҮЙРЕТУ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күнделікті сабақ жоспары

Бекітемін:__________________

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын. Тоғызқұмалақ ойын ережесі.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынындағы тоғызқұмалақ ойнау ережесін тусіндіру, үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау, жылдам есептеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Тоғызқұмалақ тақтасы.

Сыныбы: 11 Күні:


№

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Әдістемелік нұсқаулар

1

I. Кіріспе бөлімі:

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

Тоғызқұмалақ ойынының тарихы

Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғыз-құмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Қырғызстанда мектептерде тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар.


10мин

Ережеге сай орындау


II. Негізгі бөлім:

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ойнау ЕРЕЖЕСІ

  • Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады.

  • Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.

  • Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды.

  • Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.


Тақтаның жалпы құрылысы төмендегідей:


Бұл жерде - №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9 - отаулар

Берілген диаграммада  бастаушының отаулары төменгіжағында,  ал қазандағы құмалақтар  саны жоғарғы жағында орналасқан.

Жүріс жасау ерекшеліктері

Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі.Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесеқарсыластардың келісімімен анықталады.

1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз.

  • Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.

  • Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.

  2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.

3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.


  • Отау атаулары

Отау нөмірлері

Қазақша атауы

№ 9 отау

маңдай

№ 8 отау

көкмойын

№ 7 отау

қандықақпан

№ 6 отау

белбасар

№ 5 отау

бел

№ 4 отау

атсыратар

№ 3 отау

атөтпес

№ 2 отау

тектұрмас

№ 1 отау

арт




25минут



Дұрыс тыңдап отыруларын

қадағалау.


III. Қорытынды бөлім

1. Сабақты қорытындылау.

3. Үйге тапсырма беру.


5 минут

Жаттығуды орындау.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1273
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі