Материалдар / Ұлттық ойын түрлері мен маңызы

Ұлттық ойын түрлері мен маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойын түрлері мен маңызы
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ЖОСПАР


КІРІСПЕ..................................................................................................................3


І. САБАҚТА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

1.1 Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық негізін анықтаудың маңыздылығы...........................................................................................................4

1.2 Ұлттық спорт пен ойындардың педагогикалық негізі.................................14


ІІ. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР – АТА БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ АСА ҚҰНДЫ МӘДЕНИ БАЙЛЫҒЫ

2.1 Қазақстан спорты және бұқаралық дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындар орны........................................................................................................................13

2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық спорт түрлерін басқару жүйесі....27


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................31



























КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады. Қазіргі дене тәрбиесі және спорт саласындағы қолданылып жүрген жаттығулар, ойындар, спорт түрлері бойынша отандық және шетелдік мамандар мен ғалымдар теориялық және педагогикалық бағытта үлкен зерттеулер мен ұсыныстар жасаған. Қазақ халқының көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық ойындары мен спорт түрлері бойынша осы кезге дейін ғылыми ізденістер аз жүргізіліп келді. Қазақстан Егеменді ел болысымен Республикада тұратын халықтардың төл мәдениетінің өркендеуіне үлкен жол ашып отыр. Бұл мүмкіндік 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының әр азаматы тарихи және мәдени құндылықтарды сақтауға және қорғауға міндетті» деп заңмен бекітілген.

Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын пайдалы орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу, алдымен, ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің осы уақытқа дейін толыққанды тәрбие құралы ретінде танылмай жүрген олқылықтарын жоюға, оқу–тәрбие және спорттық жаттықтыру жұмыстарында басқа дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға жол ашады.

Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасында алғашқылардың бірі болып «Дене шынықтыру және спорт Заңын» 1999 жылы қабылдады.

Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдарын ғылыми негіздеу осы жұмыстың өзекті бағыты болып табылады. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуды 2020 жылға дейін 30 пайызға көтеру қажет» деген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр.








І. САБАҚТА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

1.1 Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық негізін анықтаудың маңыздылығы


Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде оның ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің қолайлы тәрбие құралдардың бірі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлері қазіргі егемен Қазақстан халқы үшін атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде. Ұлттық ойындар мен спорт халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін жеткізуші ретінде, ұлттық тілді дамытуда қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың денесін шынықтыру істеріндегі пайдалылығы, салауатты өмір сүруді насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан маңыздылығымен ерекшеленеді.

Қазақстан өзінің егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси- идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды.

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, дер кезінде шет елдердегі, және отанымыздағы көптеген мәдени туындылар анықталынып, ел тарихына өлшеусіз пайдалы істер асырылуда [2006].

Қазіргі ХХІ ғасырда жер бетіндегі адамдар денсаулығының нашарлауы, ауыру түрлерінің көбеюі, қоршаған табиғаттың ластануы күрделі проблема болуда. Осы келеңсіз жағдайларды болдырмау, алдын алу үшін көптеген дәрі-дәрмектер түрлері жасалынып, денсаулықты сақтаудың жолдары қарастырылуда. Осы шаралардың ішінде дене тәрбиесі арқылы денсаулықты сақтау, шынықтыруды ұлттық ойындар мен спортты қолдау арқылы іске асыру өзінің тиімділігімен ерекшеленуде.

Осы маңызды жұмыстарды іске асыру жолында Қазақстан мемлекеті тарапынан көптеген шаралар іске асуда. Қазақстан халқының салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын сақтау жолында дене тәрбиесінің маңызы туралы «Қазақстан -2030» Стратегиялық жоспарында [1998], «Қ.Р. Білім беру салаларында балалар мен жастарды дене тәрбиесі арқылы тәрбиелеу Концепциясында» [2001], «Қ.Р. Дене шынықтыру және спорт Заңында» [1999], «Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында» [2008], «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында» [2010], республика халқын дене тәрбиесі және спорт арқылы салауатты өмір салтына тәрбиелеу, денсаулықтарын шынықтыру шаралары көрсетілген және осы құжаттарда ұлттық спорт түрлеріне де маңызды орын бөлінген.

Дүние жүзін мекендеген халықтардың ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан өзіндік ерекшеліктер болады. Сондықтан да халық арасында қалыптасқан ойындар туралы деректер және құжаттар ғылыми тұрғыдан зерттеу мен талдауды қажет етеді.

Дәстүрлі ұлттық ойындардың тарихы, ел арасында тарауы, қоғамдағы рөлі, ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі сияқты тақырыптар төңірегінде отандық және шет ел ғалымдары көптеген ізденістер жасаған.

Дене тәрбиесі адамның денсаулығы мықты, күшті болуы үшін қолданылады, осыған орай «Қазақ халқының «қазақ» болып аталуы да «мықты», «берік», «жойқын», «ауыспайтын» деген мағананы білдіретіндігі туралы Сібір халықтары сөздерінде, «Шайбанинамеде» - «қазақ» өте қадірлі сөз, мықты, күшті, шабытты көрсетеді. Европа тілінде ондай ұғымды «рыцарь» деп атайды. Демек, «қазақ» сөзінің түбірі «қаз» - тұру, тік тұру, мықты, берік тұруды білдіреді. Кішкене балалар жүруге ұмтылып аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда қазақтар «қаз, қаз», «қаз тұр» деп тікесінен тік тұрғызады. «Қаз» -ға қосып айтылыатын “ақ» сөзі – күшейтілген жалғау. Тоң-Алып (Афрасиабтың) қызының аты да жойқын күшті алып болуы үшін «Қаз» деп атағандығы туралы Махмуд Қашқари айтқан» - деп жазады ғұлама ғалым Ә. Марғұлан [1984].

Жоғарыдағы мысалдарды келтіре отырып, біз қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде адамдар денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойғандығын көреміз. Мұндай үлкен дәрежеде мән беру және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы жүйе болып саналды. Сондықтан қазақ халқының арасында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлел бар.

Дене тәрбиесінде ұтымды тәрбие құралдардың бірі ретінде қолданылып келе жатқан ұлттық ойындар мен спорт түрлері қазіргі Егемен Қазақстан жағдайында өзінің жаңаша даму сатысына көтеріліп және өзінің бұқаралық спортты дамытуда негізгі күш екендігін дәлелдеп келеді.

Қазақстан халқы арасында ұлттық ойындар және спортпен шұғылдануға деген ынта күннен-күнге артып келе жатқандығын анкеталық сұрақ-жауап қорытындысы көрсетіп отыр. Сұрақ-жауапқа қатысқан адамдардың 80% ұлттық ойындармен, спортпен шұғылданудың пайдалы екендігін атап өтеді.

Оған себеп қазіргі кезде ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесімен шұғылдануға, халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін білуге деген ұмтылысы, салауатты өмір сүруге бейімделуге деген дұрыс көзқарастың халық арасында артуымен түсіндіруге болады.

Қазақстан өзінің Егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси-идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алуда. Осы жұмыстар аясына ұлттық ойындар мен спорт түрлері де кіреді.

Кеңестік дәуірдегі педагогикалық ғылым сол кездегі идеологиялық бағытты іске асырушы ретінде «кіші, ұсақ халықтардың» тарихы мен мәдениетін, әсіресе, халықтық дене тәрбиесін жас ұрпақ тәрбиесінде қолдануды шеттетуі болғандығын байқауға болады.

Ұлттық ойындар мен спорттың тарихын Кеңестік уақытта зерттеген ғалым М.Таникеев [1998] «...халықтық педагогика ұлттар арасында рухани байлықты сақтаушы ғана емес, ол әр кезде халқын сүюге, еңбек етуге, шындыққа жетуге шақырады» деп, тәрбие жұмыстарындағы маңызды құрал екендігін көрсетеді.

Ғалым зерттеуші Б. Досқараев [2009] «Историко – педагогические основы становление и развития системы физической культуры в Казахстане» атты докторлық диссертациясында «...К сожалению, многие из физических упражнений древности оказались забытыми или им уделяется недостаточно внимания в наши дни» деп қорытынды жасай келіп, ұлттық ойындар мен спорт түрлерін кеңінен насихаттауды қолға алу керектігін көрсетеді.

Кеңестік уақытта ұлттық тәрбие түрлері балабақшалардан бастап, мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу тәрбие-бағдарламасынан орынсыз қысқартылды. Осының салдарынан көптеген ұлттық тәрбие түрлері ұмыт болды, тіпті көптеген ұлттар мен ұлыстар жойылып кетті.

Қазіргі заманда жер бетіндегі адамдар денсаулығының нашарлауы, қоршаған табиғаттың ластануы барлық елдерді алаңдатуда. Осы келеңсіз жағдайларды болдырмау, алдын алу мақсатында көптеген дәрі-дәрмектер түрлері жасалынып, денсаулықты сақтаудың әртүрлі жолдары қарастырылуда. Осы шаралардың ішінде денсаулықты дене тәрбиесі арқылы шынықтыру, әсіресе, ұлттық ойындарды қолдау арқылы іске асыру өзінің тиімділігімен ерекшеленуде.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы көптеген деректер өз елімізде және шет елдерде зерттеліп ғылыми айналысқа енген жоқ. Тәрбие тұрғысынан ұлттық ойындар мен спорт өскелең ұрпақтың денесін шынықтырып, еңбекке баулуда қолайлы құрал екендігі ғасырлар бойы дәлелденіп келе жатса да, білім беру мен спорт саласында қолданылуы әлі де жеткіліксіз болып отыр.

Қазақстан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық ойындар мен спорт түрлеріне арналып жүргізілген ғылыми зерттеулер төмендегідей бағыттарды қамтығандықтарын көруге болады. Оларға:

- ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің даму тарихы;

- ұлттық ойындарды спорттық оқу - жаттығу жұмыстарында қолдану;

- ұлттық ойындарды патриоттық тәрбие жұмыстарында қолдану;

- ұлттық ойындарды балалардың, оқушылардың, студент жастардың дене шынықтыруында қолдану.

Мамандандырылған 13.00.04 – «Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейiмдеу дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi» бағытындағы мамандандырылған ғылыми диссертациялық кеңесте барлығы 121 педагогика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін қорғалған диссертациялардың ішінде 10 жұмыс ұлттық ойындар мен спортқа арналған, оның ішінде 5-і қазақ тілінде, ал 17 барлық қорғалған докторлық диссертацияның ішінде М.Таникеевтің «Теория и практика взаймовлияния национальных и интернациональных факторов в развитии физического развития и спорта в Казахстане» [1998] және Б. Досқараевтың «Историко – педагогические основы становление и развития системы физической культуры в Казахстане» [2009] атты еңбектері бар. Қазақ тілінде докторлық дәрежеде қорғалған еңбектер жоқ.

Ұлттық ойындар мен спорттың тарихы оның дене тәрбиесіндегі атқаратын рөлі, ойындардың адамдардың достық қарым-қатынастарына жағымды әсері туралы Кеңес Одағында көптеген зерттеулер жүргізген М.Таникеев [2001] «Игры в народной педагогике физического воспитания выполняет важную роль при освоении тех сфер воспитания где существующие профессиональные дисциплины не нашли себя» деп ұлттық ойындардың сол кездегі қолданысы жағдайын анық көрсетеді.

М. Тәнекеев [1961] ұлттық спорт түрлерінің даму тарихын әлем халықтарының және олимпиадалық ойындардың даму барысымен байланыстыра отырып, адамзат тарихындағы ұлттық ойындардың халықтардың тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болғандығын тарихи тұрғыдан негіздеп көрсетеді. Ол өз зерттеулерінде «тоғыз құмалақ», «түйе жарыс», «қыз қуу», «көкпар», «күміс алу», «жаяу жарыс», «жамбы ату», тағы да басқа ойындардың жастар арасындағы тәрбиелік рөлімен қоса, халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуда атқаратын орны туралы да тұжырымдар жасайды.

Б.Доскараевтың [2009] педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін алу үшін қорғаған «Историко-педагогические основы становления и развития системы физической культуры в Казахстане» атты еңбегінде Қазақстан жеріндегі ерте дәуірден бастап, қазіргі Қазақстанның Егеменді ел болған кезең аралығындағы дене тәрбиесінің даму тарихын зерттей келе, ұлттық спорттың дамуына байланысты қазіргі Қазақстан территориясында әр тарихи кезеңдерде өмір сүрген Гүндер, Сақтар, Құшандықтар, Түркілер сияқты үлкен бірлестіктер кезіндегі дене тәрбиесінің ерекшеліктеріне тоқтай келе, қазіргі кездегі ұлттық ойындар мен спорт түрлері туралы «Қазақстан Егеменді ел болғаннан соң ұлттық спорт пен ойындарға деген құлшыныс арта түсті, студенттердің 70% ұлттық спорт түрлерімен шұғылданғысы келетіндіктерін көрсетті» деп атап өтеді.

Көрнекті орыс ғалымы, географ, тарихшы А.И. Левшиннің [1832] қазақтар туралы жазған монографиясы «Описание киргиз-казачьи или киргиз-кайсацких орд и степей» деп аталады. Левшин қазақтар арасында өтетін ат жарыс, теңге алу, қыз қуу, балуан күресіне тоқталып, қазақ балаларының жастайынан қимыл-әрекет дағдысына қалыптасып еңбек ететіндігін айта келіп, ол қазақтардың шыдамды, мықты болып өсетінін суреттей келе: «Халықтың өмірі үнемі мал бағумен, табиғатпен, таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі олардың дене бітімінің зор, күшті болып өсуіне себепкер болған. Сондықтан да олар ыстыққа, суыққа төзімді, көп жасайды, бас ауруы дегендер сирек кездеседі. Олардың көзі қырағы болып келеді. Алыстағы көрінген малдың түсін айнытпай дәл ажыратады. Атқа мініп жүруді балалары жастайынан үйренген. Олар үшін атқа шабу гимнастикалық жаттығудың бір түрі сияқты болып кеткен», - деп жазады.

Қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс ғалымдарының бірі И.С. Паллас [1887] өз зерттеулерінде қазақ халқының тыныс-тіршілігін бақылай келе ұлттық ойындарға сипаттама беріп, қазақ қоғамындағы аңға шығу мен аңшылықты суреттейді.

Ана тілін меңгерген адамның ұзақ мерзімге тіл ортасынан кету кезінде ұмытылу дәрежесін ойынмен салыстырғанда, ойынның адам жадында ұзақ әрі өзгеріссіз сақталатындағын көруге болады. Бұл жағдайдан төмендегідей қорытынды шығаруға болады, яғни адамның есінде қалу, жатталу дәрежесі ойын қимылы арқылы қосымша берілетін болса, ол соғұрлым ұзақ мерізімге созылып адам жадында көп сақталады.

Қазақтың ұлттық ойындарына мән беріп, оны жинақтап, топтап жарыққа шығарған ғалымы А. Диваев [1908] өзінің «Игры киргизских детей» атты еңбегінде автор тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады: бірінші кішкентай балалар ойыны, екінші ересек балалар ойыны, үшінші жігіттер ойыны.

Қазақтың ұлттық ойындарының дамуы қазақ халқының жүріп өткен тарихи жолымен тығыз байланыста екендігі белгілі. Осы кезеңдерде біздің тарихымыз қазіргі зерттеулер бойынша кемінде бес мың жылды қамтиды деп жазады тарихшы Бейімбет Ирмуханов [2006].

Қазақ даласында жыл сайын өткізілетін жәрмеңкелер орыс көпестері мен қазақ халқы арасындағы сауда қатынасын ғана дамытып қоймай, мәдени бағыттардың араласуына, осы жағдай ұлттық ойындар бойынша жарыс сайыстарының көптеп өткізілуіне себепкер болды.

Келесі қазақтардың ұлттық ойындарына тоқталған орыстың ғалымы А. Алекторовтың [1888] жазған «О рождении и воспитании детей киргизов, о правилах и власти родителей» еңбегін атауға болады.

Бұл ізденісінде ғалым көшпенді қазақтардың өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен өсуінде ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы халық ойындарының қажетті жақтарын ашады.

Абай Құнанбаев [1995] халық ойындарының балаларға беретін тәрбиелік мәнін жоғары бағалап халық дәстүрі мен салтын құрметтеп, ойы мен іс-әрекетін қалыптастыруда атқаратын қызметін жоғары бағалайды.

Ш. Уәлиханов [1985] халықтың салт-дәстүрлері мен діні, наным-сенімдерін зерттей отырып, қазақ мәдениетін өзбек, қырғыз, түрікмен, қарақалпақтардың өмір сүру әдісімен байланысты қарастырып, олардың бір-біріне тигізетін әсерін жан-жақты сөз еткен. Ол қай халықтың болмасын жалғыз өзіне ғана тән салт-дәстүрінің болмайтынын, шаруашылық кәсібі мен мәдени тұрмыс-тіршілігі аралас елдердің бір-біріне тигізер әсерінің сөзсіз болатынын дәлелдеген.

Этнограф М. Гуннер мен М. Рахимгуловтың [1949] «Краткий сборник казахских народно-национальных видов спорта» атты еңбектерінде социализмнің жетістіктері арқасында ұлттық мәдениет оның ішінде ұлттық ойындардың дамуына жол ашылды, қазіргі мәдени жетістіктердің барлығы ұлттық формада болғанымен, мазмұны социалистік болуы керек дей келе, қазақтың ұлттық ойындарын төмендегідей топтарға бөледі: 1-і жалпы ойындар, 2-і қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар, 3-і ашық алаңқайдағы ойындар, 4-і қыс мезгіліндегі ойындар, 5-ші демалыс ойындары, 6-ы ат үстіндегі ойындар, 7-і аттракциондық-көрініс ойындары деп бөледі. Осы еңбекте қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ сияқты ойындарды өткізу ережелері берілген.

Қазақтың «Тоғызқұмалақ» ойынының суреті мен ойнау тәртібін қағаз бетіне түсірген этнограф Н. Пантусов [1914] өз еңбегінде «бұл ойын өте көне және кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс тараған» деп жазады.

Қазақтың ұлттық спорт пен ойындар түрлерін ғылыми тұрғыда зерттеу ХХ ғасырдың отызыншы жылдарынан кейін қолға алына бастады.

Дене тәрбиесі мен спорт саласына жергілікті ұлт өкілдерін тарту, мамандар даярлау мәселесінде 1930 жылдары «ғалымдардың» ұсынған теріс көзқарастары үлкен кедергі келтірді. Мысалы, ленинградттық ғалымдар Д.Ещен, А.Пустоваловтың [1932] «Национальный вопрос в физкультурном движении» атты еңбектерінде былай деп көрсетілген: «О неспособности казахов заниматься спортом и достич высоких спортивных результатов из-за врожденной неполноценности их конституции» дей келе «теория коротких рычагов» деген атпен белгілі қорытынды жасап, «наука чужда и недоступна казахам» деп тұжырымдайды.

Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болмағанына қарамастан, Қазақстан ғалымдарының бір тобы тақырып төңірегінде үлкен жұмыстар атқарды, ғылыми еңбектер жазды. Сол кезеңде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарына М. Рахимгулов, М. Гуннер, М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Болғамбаев, Ә. Бүркітбаев, тағы да басқа ғалымдарды атауға болады.

Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық тұрғыдан қарастырылу деңгейін әдебиеттік деректерден қарай отырып, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

- Археологиялық қазбалар нәтижелері, тарихи деректер бойынша ойындар тас ғасырларынан бастау алып, алғашқы қауымдық құрылыста адамдарды тәрбиелеу құралы ретінде көрініс береді.

- Қазақтың ұлттық ойындары деген жеке атауды қазақ халқының жеке этнос болып қалыптасу уақытынан бастау қажет;

- Қазақтың ұлттық ойындарының ғылыми тұрғыдан зерттеле бастауын ХХ ғасырдың бірінші жартысынан бастау алады деп санауға болады;

- Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, ерекшелігі адамдар денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойғандығын көреміз. Осындай өте үлкен дәрежеде мән беру үшін және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы жүйе болып саналды. Сондықтан қазақ халқының арасында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлел бар.

Ұлы далада бұрын және қазір мекендеп жатқан көптеген халықтардың мәдениеті мен тұрмыс-тіршіліктерінде айтарлықтай ұқсастықтардың болуы көшіп-қонуға негізделген шаруашылықтарында және түркі тілдес болуынан деп тұжырымдаймыз. Осы жерді мекендеген халықтардың ұлттық ойындары арасында көптеген ұқсастықтың болуы да араласып өмір сүрудің нәтижесінен. Өз бастауларын Қазақстан жерінен алатын тарихта Сақтар дәуірі, Ғұндар дәуірі, Түрік қағанаты, Қарахан қағанаты, Алтын Орда, Қазақ хандығы деп аталатын тарихи кезеңдер болғандығы тарихтан белгілі.

Сақтар дәуірі біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырда шаңырақ көтеріп, біздің заманымыздың II ғасырына дейін өмір сүрді.

Сақ мемлекеті жан жағындағы көршілес елдермен сауда-саттық және мәдени байланыстарды жақсы жолға қойды. Осындай байланыстардың болғандығының бір дәлелі ретінде сақ адамдарының Кир патшаның құрметіне Месопатамия жерінде б.д.д. 539 жылы (қазіргі Бағдат қаласы батысында) өткізілген ат бәйгесіне қатысуларын алуға болады. Осы жарыс туралы Геродот сақ атының барлық аттарды артқа тастап, бірінші келгендігін жаза отырып, жалпы сақтардың жас балаларды 5 жасынан 25 жасқа дейінгі аралықта атқа отыру, садақ ату және әділеттікке үйрету сабақтарын беретіндіктерін айтады. Геродот [1972].

Сақтардың дене тәрбиесіне үлкен көңіл бөліп, арнайы сабақтар өткізгендіктері, яғни педагогикалық әдістемелерді өте көне уақыттан бастап қолданғандықтарын айтуға болады. Сақтар дәуірі кезінде ұйымдасқан түрде күшті әскердің болғандығы, осы әскерлер соғыс жорықтарына дайындық кезінде ат үстінде жаттығулар жасау, қылыштасу, найзаласу, садақ ату сияқты қазіргі кезде спорт түрлеріне айналған ойындарды жетік меңгергендіктерін көреміз. «Әр елдің өз машығы бар: садақ ату – cкифтердің, сыбызғы тарту –эллиндердің сүйікті ісі» деп жазады Анахарсис [2004].

Ғұндар дәуірі біздің заманымызға дейінгі 204 жылдан осы дәуірдің 216 жылына дейін тарих сахнасында өшпестей із қалдырды. Осы кезде қытайлықтар салық төлеп ғұндардан құтылу үшін ұзындығы үш мың келетін атақты Қытай қорғанын тұрғызуға мәжбүр болды. Еуразия құрлығында ғұндармен күш жағынан иық тіресетін бірде бір мемлекет болмаған.

Сол кезеңдегі көшпенділердің адамзат өркениетін дамытудағы рөлі туралы Л.Гумилев [1970] «Неправильно думать, что в кочевом обществе невозможно технический прогресс. Кочевники вообще, а хунны в частности изобрели такие предметы, которые ныне вошли в обиход всего человечества как нечто неотьемлемое от человека. Такой вид одежды, как штаны, без которых современному европейцу невозможно представить себе мужской пол, изобретены кочевниками еще в глубокой древности. Первая кочевая повозка на деревянных обрубках сменилась сначало коляской на высоких колесах, а потом вьюком, что позволило кочевникам форсировать горные, поросшие лесом хребты. Кочевниками были изобретены изогнутая сабля, вытеснившая тяжелый прямой меч. Усовершенствованный ими длинный составной лук, металл стрелы на растояние до 700 м» деп жазып ғұндардың тарихтағы прогрессивтік рөлін айқын көрсетеді.

Ғұн патшалығы тарих сахнасынан кеткеннен кейін оның негізін құраған туыстас тайпалар босқындыққа ұшырап, Орталық Азияға, Еділ сыртына, Қиыр Шығысқа, Алтай тауларына тарап кетеді. Алтай тауында қалған шағын бөлігі жужандардың билеуімен 400 жылдай елеусіз өмір кешеді. Алтай тауларында кен өндіріп, темір балқытып, қолөнері мен егіншілікті кәсіп етіп күшейе бастайды. Олар 535-552-ші жылдары Бумын атты қолбасшының арқасында азаттық күресіне шығып, ордасын – Түрік деп, атап, басшылары Құтлұғ қаған, Білге қаған (Бумын), Күлтегін, Тоныкөктерге - Елтеруші (Елхан) деген атақ беріп, Түркі қағанатын құрады.

Түркілер де өздерінің ата-бабалары Сақтар мен Ғұндар тәрізді Тәңірге табынып, табиғат заңдылықтарымен өмір сүреді. Осы түркі мәдениетінің биік дәрежеге көтерілуінің бір айғағы Орхон-Енисей жазба ескеркіштері болып табылады. «Түркі мемлекетінің құрылуы - бүкіл адамзат тарихының бетбұрыс кезеңі. Түркілердің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі түрлері қайран қалдырады: ел, меншіктің сатылық жүйесі, шендер ирархиясы, әскери тәртіп, елшілік дәстүрі, сондай-ақ көрші отырған елдердің идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның болғандығы таңқалдырады» деп жазады Л.Гумиев [1994].

Екі ғасырдай өмір сүрген Түрік қағанатының жері шығыста Корей түбегінен, батыста Днепрге дейін, солтүстікте Мұзды мұхитқа, оңтүстігінде Қытай, Үндістанға дейінгі жерді алып жатты.

Геродот [1976] сақтар мен скифтер туралы айта келіп: «олар бастарына киізден тігілген төбелері үшкір баскиім киеді, кигендері шалбар, ұстағандары садақ, қысқа қылыш және ораққа ұқсас секирлер» - деп көрсетеді. Геродоттың осы еңбегіндегі «Сақ-тиграхауда парсыларға салық әкеліп тұр» атты б.д.д. V ғасырда Персополдағы Ксеркс сарайының қабырғасында салынған суреттегі көріністе сақ әскері екі шеңбер ұстап тұр. Бұл сақтардың өз тайпаларының таңбасы еді. Осы суретте сақтар «дань» салық әкеліп тұрған жоқ, олар жарысқа қатысуға келгендіктерінің белгісі деп ойлаймыз, себебі сақтар парсыларға ол кезде салық төлемеген. Осы ойымыз дәл болса, онда біздің ата-бабаларымыз сақтардың спорттық жарыстарға өте көне уақыттан бастап қатысқандарын көруге болады.

Шеңбер белгісін түркілер бірлестіктеріне енген этностар «Бірлестік шеңбері», яғни графикалық түрдегі мемлекет пен мемлекетті билеуші жеке адамды білдіретін символ ретінде қабылдаған. Ол белгі шоқпар сипатында болған.

О. Сүлейменов [2002] «Олимпиада» сөзінің шығу төркінін түркі тілімен байланыстыра келіп, түркі тілдес халықтарда ежелден қалыптасқан аруаққа табыну, өлгендерге арнап ас беру кезінде ат жарысын, балуан күресін, т.б. сайыстарды өткізу ежелден қалған дәстүр екендігін, өлген басшы адамның орнына жаңа басшы адамды сайлаудың қалыптасқан демократиялық жолы екендігін, басқа адамдармен күш сынасу өзінің денсаулығының мықты екендігін дәлелдеу арқылы билікке келу жолы болғандығын айтады.

Ол «Олим-пи» сөзі грек тілінен «Билеуші өлімі» деген мағынаны білдіретіндігін көрсете келіп, сол сайыстарда жеңіп шыққан адамға белгі ретінде түркілер қолына шоқпар берген, ал римдіктер басына қазіргі кездегідей ағаш жапырағынан «венок» кигізгендігін айтады.

Кейінгі кездердегі жүргізілген археологиялық қазбалар садақпен алысқа ату сақтарда болған деген ғалымдардың тұжырымын пікірін растайды. Мысалы, хантау жерінде жүргізілген зерттеулер кезінде табылған жартасқа қашалып садақты тізерлей отырып аспандата атып отырған сақ әйелінің бейнесі садақ оғын осындай мөлшерде жоғары көтеріп ату, ол тек алысқа ату кезінде қолданылады деген тұжырымды бекітеді.

Қазақ топырағында балуандық өнердің өте көне тарихы бар екендігінің бір дәлелі осыдан 18 ғасыр бұрын 371-381 жылдар арасында ғұндар патшасы Баламбер (Аттиланың алдында) өзінің жеңістері мен айтулы мемлекеттік шешімдерінен кейін үлкен той- жиын өткізіп, оның негізгі бір бөлігі ретінде ат жарыс, балуан күресі, садақ ату, найза лақтыру, аударыспақ, теңге алу, т.б. ойын түрлерін өткізген. Ал сол кездегі ғұндар тілімен осы ойын түрлері былай айтылған: Ээр – хүреш, Ат – хүреш, Ланса – хүреш (ланса – қазақша найза), Шабарман – хүреш, Жебе – хүреш, т.б. Ээр, Ер – күшті мағынасында, Хүреш-балуан күрес мағынасында Аммиан фон Бек [2002].

Қазақ халқының ішінде таралған балуан күрестерін төмендегідей бірнеше түрлерге бөлуге болады: қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш, жалаң аяқ, белбеусіз күресу түрі, шапан киіп, белдік буынып күресу, белдік буынып, кеудені жалаңаштап күресу, аяқ киімді шешпей күртеше немесе шапан киіп күресу, отырып күресу халық арасында кеңінен таралғандығын көруге болады.

Бүгінгі таңда дүние жүзінде 250 тарта жылқы тұқымы бар, оның 17 түрлі таза қанды тұқымы Қазақстандағы ат заводтарында дамытылған. Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда 12 ат заводы, 32 асыл тұқымды жылқы фермасы болған. Қазір соның «Луговой» және Қостанай, Көкшетаудағы ат заводтары ғана қалды.

Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында ұлттық ат спорты жарыстарын ұйымдастырып, оны «еуропалық үлгіде» өткізуге көп күш салды. Оның негізі 1860 жылы Бөкей ордасында қаланды. Ат спорты ойындары мен жарыстар 3 жылда бір рет өткізіле бастады.

Спорттық жарыстардың жаңа түрлерінің дамуы мен нығаюына Қазақстанның Ресейге қосылғанынан кейінгі жәрмеңкелер де елеулі ықпал етті. Мәселен, 40-шы жылдарда әйгілі Қарқаралы жәрмеңкесінің де негізі қаланды, ал, арада 8 жыл өткен соң, Қазақстандағы ең ірі Қоянды жәрмеңкесі құрылды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы Түркістан өлкесіндегі ең ірі жәрмеңке Әулиеата жәрмеңкесі болды. Жәрмеңкелерге 50 мыңнан астам адам жиналды. Бұлардың бәрі де спорттық жарыстардың өзіндік ортасы болып саналады. Бұларда шабандоздар, мергендер, палуандар өнер көрсетті.

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін қазақтың ұлттық спорт түрлерінен өткізілген жарыстар 1945 жылы Абайдың 100 жылдығына, 1946 жылы Жамбылдың 100 жылдығына арналып, оған Қазақстанның әр аймақтары мен ауылдарынан мыңдаған спортшылар қатысты. Осы спорттық мерекені ұйымдастыруға көрнекті қазақ жазушылары М. Әуезов пен С. Мұқанов және басқалар белсене араласты. Сондай-ақ, ат спортының классикалық түрлерінің өкілдері де үлкен табыстарға қол жеткізді. Шабандоз С. Қалмұрзин «Каток» сәйгүлігімен бір тәулікте 281,9 шақырымды шауып өтіп, теңдессіз нәтиже көрсетті. Бұл бүкілодақтық жаңа рекорд еді.

Тоғызқұмалақтың пайда болуын осыдан төрт мың жыл бұрын болған деген көзқарас бар. Осы ойынның және осы ойынға ұқсас ойындардың таралу аймақтарына қарасақ оған Таяу Шығыс, Орта Азия, Европа, Ресей, Монголия, Қытай деп тарата беруге болады. Осы географиялық атаулардан тоғызқұмалақ ойынын Ұлы Дала жеріне көршілес жатқан елдердің бәрі білетіндігін байқауға болады.

Орта Азия көлемінде тоғызқұмалақ туралы алғашқы құнды еңбекті жазған түркітанушы С. Аманжолов болды. Оның 1936 жылы шыққан «Тоғызқұмалақ» кітабында, ғалым ойынның қазақ пен қырғыз халықтарының арасында көп ұшырасқанын, көшпенділердің салт-дәстүрінінің негізінде шыққанына тұжырымды деректер келтіреді.

С. Аманжоловтың [1936] «Асыра сілтемей айтқанның өзінде бұл ойын шахмат ойынынан кем емес, әрі қызықты әрі маңызды. Сонысына қарағанда, бұл тез араның ішінде жалғыз Қазақстан емес, бүкіл Кеңестер одағына тарап кетуіне күмәніміз жоқ» - деп ХХ ғасырдың басында айтқан еді. Бірақ Кеңестер Одағы кезінде тоғызқұмалақ ойыны басқа ұлттық ойындар сияқты теріс идеологияның салдарынан тоқырауға ұшырады.

Рессей зерттеушілерінің ішінде тоғызқұмалақ туралы жазған этнограф Н. Пантусов болды. Оның «Киргизская игра тогузкумалак» атты мақаласы 1906 жылы Қазан қаласында жарыққа шықты. Бұл еңбек туралы түркітанушы С. Аманжолов; «Пантусовтың жазған ойыны тым жабайы, кей жері дұрыс емес, сондықтан да ол бұрын көңілін тартпаған, тарта алмаған болуы керек» -деп ойынның мазмұнын дәл бере алмағандығын атап өтеді.

Бұдан кейінгі ресейлік этнографтардың ішінде тоғызқұмалақты зерттеген А. Попова болды [1956]. Ол Монғолияның шығысындағы Баянөлгейдегі қазақ ауылдарын аралап, Қазақстанға беймәлім тугулаах, есонкоргоол және тоғызқұмалақ ойындары туралы материалдар жинақтады.

Ғалым аталған ойындардың барлығын қазақтардың мұрасы деп есептеген. Сонымен қатар зерттеуші тоғызқұмалақты Ауғанстанда да ойналады деп, ойынның таралу аймағын кеңейтіп көрсетеді.

Археологиялық материалдарда кездесетін садақ қалдықтары, адырна сүйектер, жақтың кішкентай модельдері, көне Түркілердің бейнелеу өнерлерімен ескерткіштеріндегі бұл садақтың суреттері оның формасын, көлемін, белге тағыну әдісін толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Кейін жақтың серпіні күшті болу үшін ұзын сүйек адырнаның екі иініне ішкі жағынан бекітіліп, белімен бастарына сүйек қолданылмайтын болды. Садақтың бұл жаңа үлгісі Монғол шапқыншылығы кезіне сәйкес келгендіктен, бұл садақты шартты түрде Монғол садағы деп атайды.

Қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде, жауынгерлік өнерінде, ұлттық ойындарында садақты қолдану кең тараған. Садақ негізінен соғыс қаруы ретінде қолданылып, қолдану мақсатына, қолданушының жас ерекшелігіне, жасау түріне және қолданылған заттарына қарай көптеген түрлерге бөлінеді.

Садақ түрлері: «Сақ садағы», «Гүн садағы», «Түркі садағы», «Монғол садағы», «Қазақ садағы», «Саржа садақ», т.б.


1.2 Ұлттық спорт пен ойындардың педагогикалық негізі


Халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеуде жинақтаған бай тәжірибесін халықтық педагогика деп атайды. Педагогикалық- энциклопедиялық сөздікте [1966]: «Халық педагогикасы дегеніміз – ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырларға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау процесінің эмпиристикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы. Халық педагогикасының негізгі түйіні – еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру» деген анықтама берілген.

Осыған қосарымыз адамгершілік, имандылық деген сөздің алдына елін- жерін сүйетін патриот адамды тәрбиелеу деген сөзді енгізу қажет деп білеміз.

Қазақ халқының өзіне тән мәдени, рухани, әдеби дәстүрі, тарихы көптеген мыңжылдық уақыт аралығында қалыптасты. Шығыс мәдениетінде өзіндік үлкен орны бар Ұлы Даланы мекендеген түркі тектес халықтар бір тілде сөйлеп, әлем мәдениетінің қалыптасуына теңдесі жоқ үлес қосты.

Педагогика халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі жинақтаған тағлымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны өмірде қолданудың әдістемелік тәсілдерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан негіздейтін сала болып табылады.

Халықтық педагогиканың бір саласы-этнопедагогика. Ғылымда этностардың өмір сүру ұзақтығын 1200-1500 жыл деп мөлшерлейді. Тарих сахнасында этностардың бір-бірімен қосылып араласуы салдарынан бір этностардың жоғалуы кейбірінің жаңадан пайда болулары туралы мысалдар көптеп кездеседі. Бірақ бұл мерзім экономикалық, әлеуметтік, географиялық жағдайларға байланысты бірде ұзақ, бірде қысқа болуы мүмкін.

Қазақ халқының өзіне тән мәдени, рухани, әдеби дәстүрі тарихы көптеген мыңжылдық уақыт аралығында қалыптасты.

Шығыс мәдениетінде өзіндік үлкен орны бар Ұлы Даланы мекендеген түркі тектес халықтар бір тілде сөйлеп, әлем мәдениетінің қалыптасуына теңдесі жоқ үлес қосты.

Дене тәрбиесіне арналған жаттығулардың ішінде ең маңыздысы халық ойындары болып табылады. Ойындардың пайда болуын дене тәрбиесі тарихы алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінен бастау алып, оның адамдар тұрмыс– тіршілігінде негізгі бір маңызды орны болғандығын дәлелдейді.

Қазақтың халықтық педагогикасының дамуын ғалым п.ғ.д., профессор С. Қалиев [2003] шартты түрде төмендегідей кезеңдерге бөледі:

  • бірінші дәуір: б.д.д. тас, қола замандары. Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие;

  • екінші дәуір: б.д.д. VII –III ғ.ғ. б.д.v ғ. дейін. Сақтар мен гундердің жауынгерлік тәрбиесі;

  • үшінші дәуір: VI-IX г.г. аралығы. Ұлы түрік қағанаты кезіндегі тәлім-тәрбие;

  • төртінші дәуір Х-ХV ғ.ғ. аралығы. Араб-шығыс мәдениеті, орта ғасыр ойшыл-дарының тәлімгерлік ой-пікірлері;

  • бесінші дәуір ХV-ХVIII ғ.ғ. аралығы. Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық-тәлім. тәрбие көріністері/жыраулар поэзиясын-дағы тәлімдік ойлар;

  • алтыншы дәуір ХVIII ғ.-дан xx ғ.ғ. 20-ж. дейін. Қазақстанның рессейге қосылу кезіндегі ұлт -азаттық козғалысы мен ағартушылық –демократиялық бағыттағы тәлім-тәрбие;

  • жетінші дәуір 1920-1990 жж. Аралығы. Кеңестік дәуірдегі ғылыми педагогиканың қалыптасуы;

  • сегізінші дәуір 1991 ж. кейінгі егеменді ел. Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің өркен жаюы.

Жоғарыда айтқанымыздай, халықтық педагогиканың негізгі бір саласы дене тәрбиесі болып табылады, осы дене тәрбиесі педагогикасының көне бастауы ұлттық ойындардан бастау алады да, бала тәрбиесінен бастап, ел қорғауға қажетті адамдар тәрбиелеуге дейінгі маңызды жұмыстар осы халықтық дене тәрбиесі педагогикасының тәжірибелерінде жинақталған.

Педагогикалық теорияда ойындар түрлері, оның ішінде ұлттық ойындар баланың ақыл-ойының және денесінің дамуына қажетті негізгі қызмет түрі ретінде қарастырылады. Ойын балаға қажетті қозғалыс пен эмоциялық серпілісті қанағаттандыратын іс-әрекеттер туындатып, бала психикасының дамуына себепші болады.

Осы ғасырлар бойы жинақталған бай халықтық дене тәрбиесі, оның ішінде ұлттық ойындар тәжірибесі Қазақстан Егеменді ел болғанға дейінгі уақытта жүйелі түрде зерттеліп, этнопедагогиканың маңызды бір саласы ретінде танылмады. Дене тәрбиесіне байланысты жинақталған мол тәжірибелер мектепке дейінгі мекемелерде, орта мектеп, орта және жоғары оқу орындарында негізгі пәндердің бірі ретінде қарастырылып оқытылмады.

Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында 1918 жылы Ташкент қаласында өткізілген Түркістан аймағының халыққа білім беру сьезінің маңызы үлкен болды. Осы сьезде халықтың жаппай сауатсыздығын жою мақсатында мұғалімдер даярлау, мектептер ашу мәселелері көтерілді. 1921 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитеті жасы 16 мен 51 аралығындағы білімі бар адамдарды сауатсыздықты жою мәселесіне жұмылдыруға шақыру жұмыстары қолға алынды. 1921 жылы Түркістан аймағында төрт институт ашылды. 1921 жылдары 2410 бастауыш және орта мектептер болды, бірақ осы мектептердің көпшілігі 1922 жылдан бастап жабыла бастады. 1925 жылы өткізілген 5-ші Жалпықырғыздық (Қазақтық) сьездегі Халық ағарту комитетінің мәліметі бойынша осы кезеңдерде халық ағарту саласында айтарлықтай жетістіктер болмағандығын атай келе, оқыту тілі бойынша орыс тілінде -1183, қазақ тілінде-649, өзбек тілінде-33, неміс тілінде-24 болды деп деректер келтіреді К.Кунантаева [2006].

1924 жылдан бастап мектептерге дене шынықтыру сабағы енгізіле бастайды, бірақ мамандардың жетіспеуі салдарынан дене шынықтыру сабақтары өткізілмеді. Осы кезеңдерде Халық ағарту комитетінен басқа дене тәрбиесі мен спортты дамытуға арналған кәсіподақ үйірмелері ашыла бастады. 1926 жылы жоғары оқу орындары ректорларының жиналысында студенттер арасында дене тәрбиесі жұмыстарын өткізу туралы шешім қабылданды. Жоғары оқу орындарында аптасына 1-2 курс студенттері үшін 2 сағат, техникумдарда аптасына 1 сағат дене шынықтыру сабақтары өткізіле бастады, сабақтар жеңіл атлетика, шаңғы, спорттық ойындар, бокс, мылтық ату сияқты түрлерден өткізілді.

Қазақ жетіжылдық мектептерінде 1925-1926 оқу жылдарына арналған оқу бағдарламасында дене шынықтыру сабағы енгізілгенін көреміз, бірақ дене шынықтыру сабағына арналған бағдарлама туралы дерек әзірге табылмағандықтан, біз сабақ мазмұны туралы мағлұмат келтіре алмадық.

1929 жылы қаңтардың 24- де Қазақ алфавиті латын қарпіне ауыстырылды.

1940 жылдың қаңтар айында қазақ алфавиті латын әрпінен орыс графикасына «Қазақ халқының өтініп сұрауы бойынша» ауыстырылды.

1929 жылы Бүкілодақтық Коммунистік партияның Орталық комитеті Қаулысында «дене тәрбиесі коммунистік тәрбиенің түрі ретінде оның басты бағыттары барлық саяси, мәдени және білім беру мемлекеттік мекемелерінің жұмыс жоспарларына енгізілуі қажет» деп шешім шығарылды.

1931 жылы Қазақстанға Бүкілодақтық дене тәрбиесі комплексі (БГТО,ГТО) енгізіледі. Осы комплекс Қазақстандағы барлық дене тәрбиесі жұмыстарының негізі болып саналып, 1934 жылдардан бастап әртүрлі жарыстар, спартакиадалар өткізіле бастайды. БГТО және ГТО арналған жарыстар бағдарламаларына ұлттық ойындар түрлері енгізілмеді. Осы жылдары Қазақстандағы барлық педагогикалық техникумдарда сабақтар орыс тілінде өткізілді.

Ғасырлар бойы осындай өзіндік ерекшеліктерімен қалыптасқан ортаға күштеп саяси әлеуметтік өзгерістерді енгізуге тырысқан кеңестік тәртіптер мен педагогикалық прициптердің қазақ халқы арасында көпке дейін түсіністік таппауы, сіңіп кете алмауы, қазақ ұлтында қалыптасқан менталитеттің күштілігін көрсетеді.

Ұлттық тәрбие саласындағы этнопедагогиканың бастауларына, тіректеріне:

- Өнеге (отбасынан бастау алып, өскен орта ерекшелігі әсері);

- Салт- дәстүр;

- Жинақталған білім;

- Қалыптасқан тәртіп;

- Адамдар рухының деңгейі жатады.

Педагогикалық әсер ету жолдарын, әдістемелерін енгізу, алдымен, әр этностың өмір сүру ортасын ерекшелігін ескеруді қажет етеді.

Осы қажетті жұмысты іске асыру, жаңаша педагогикалық методологияны қалыптастыру, оны меңгерту жолдарын анықтаудан басталады. Барлық оқу орындарындағы ұстаздар мен мұғалімдердің (барлық сала мамандарының) біліктілігінің негізгі көрсеткіші, осы методологияларды меңгеру деңгейі болып табылуға тиіс деп ойлаймын.

Кеңес Одағы құрамында болған барлық республикалар мектептері, мектепке дейінгі мекемелерінде дене шынықтыру сабақтары бірыңғай одақтық көлемде бекітілген бағдарлама негізінде жүргізілді. Бағдарламада республика орналасқан климаттық белдеулер ерекшеліктері ескеріліп, суық қарлы аймақтарда шаңғы, коньки, т.б. қысқы спорт түрлерін кеңінен қолдануға мүмкіндік берілді. Жылдық жоспар төрт тоқсанға бөлініп, әр тоқсан қорытындысы шығарылды, соңынан жылдық қорытынды баға қойылды. Мектеп дене шынықтыру сабақтары бастауыш сыныптан бастап мектеп бітірушілер сыныптарына дейін міндетті болып саналып, аптасына 2 сағат көлемінде 45 минут ұзақтықта өткізіледі. Кеңес Одағы кезіндегі 1977 жылы бекітілген мектептегі дене шынықтыру бағдарламасының негізгі бөлімдеріне:

  • ГТО комплексінің теориялық негізі;

  • Жеңіл атлетика;

- Гимнастика;

  • Шаңғы дайындығы;

  • Cуға жүзу;

  • Спорт ойындары (IV-VIII сыныптарда баскетбол, гандбол, IХ-Х сыныптар гандбол, баскетбол, волейбол);

  • Классикалық күрес (VII-Х сыныптар ұлдары үшін, көркем гимнастика VII-Х сынып қыздыры үшін) енгізілді.

Кеңес одағы кезіндегі жалпы білім беру мектептеріндегі дене шынықтыру сабақтарындағы сағаттардың бөлуін көрсете отырып біз ұлттық дене тәрбиесіне арналған сағаттардың жоқ екендігін көреміз (1 кесте).


1 кесте – Мектеп бағдарламасындағы сабақтардың бөліну ерекшелігі ССРО Ағарту министрлігі. Москва. 1987 жыл.


Бағдарлама материалдары

Сыныптар

Дағдылары мен біліктілігі:

І

ІІ

ІІІ

ІV

V

VІ

VІІ

VІІІ

ІХ

Х

ХІ

Гимнастика

28

28

28

28

16

16

16

16

16

16

16

Жеңіл атлетика

--

--

--

10

20

20

20

20

20

20

20

Қозғалыс ойындары

24

24

24

14

--

--

--

--

--

--

--

Спорттық ойындар (волейбол, баскетбол, қол добы, футбол, шаңғы немесе кросcтық дайындық)

--


16

--

--


16

--

--


16

--

--


16

--

16


--

16

16


--

16

16


--

16

16


--

16

16


--

16

16


--

16

16


--

16

Шаңғы, кростық немесе шаңғы дайындығы)


--


--


--


--


26


14


14


14


14


14


14

Жүзу

--

--

--

--

--

--

--

--

--

10

10

Күрес












Қозғалыс сапасын арттыру

Сабақ барысында


Қазақстан Егемендігін алған уақыттан кейінгі 1993 жылдан бастап дене шынықтыру сабағына арналған Бағдарлама екі бөлімнен құрастырылды. Біріншісі - «Міндетті бөлім» деп аталып, оған 42 сағат бөлінді, екінші бөлім - «Таңдау бойынша» деп аталып оған 26 сағат бөлініп, ол бөлімде мектептің ұлттық және аймақтық - климаттық ерекшеліктері ескеріліп сабақтарды таңдау мектеп пен дене шынықтыру мұғалімдерінің еркіне берілді. Осы бағдарламалардан бастап мектептерде ұлттық ерекшеліктер ескеріліп, сабақтарға ұлттық ойындар кеңінен енгізіле бастады.

Қазақ халқының ұлттық ойындарының бір ерекшелігі олардың мазмұнында әлеуметтік-педагогикалық мақсаттың айқын көрінуі болып табылады.

Халқымыздың жасаған ұлт ойындарының әлеуметтік-педагогикалық негіздерін зерттеп пікір айту, оны тәрбие құралы ретінде ұтымды пайдалану қазіргі уақыт талабына сәйкес келеді.

Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан соң қабылданған мектептерде «өзгермелі бөлім» тарауы енгізіліп осы бөлімде ұлттық дене тәрбиесіне арналған ойындар мен спорт түрлерін кеңінен қолдануға мүмкіндік ашылды.

Қазақ халқының этнопедагогикасының қалыптасуына негіз болған халықтың рухани-тәрбие көсемдері Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің педагогикалық көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты еңбектері әлі зерттелінген жоқ.

Ал этнопедагогикалық ойдың дамуына үлкен үлестерін қосқан Әл-Фараби, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ә.Диваев, С.Торайғыров, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, т.б. еңбектері қазіргі педагогика саласында кеңінен танымал. Осы адамдардың еңбектеріндегі дене тәрбиесіне байланысты құнды деректерді жарыққа шығарып, оқу–жаттығу сабақтарында ұтымды пайдалану қажет.














2. ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР – АТА БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ АСА ҚҰНДЫ МӘДЕНИ БАЙЛЫҒЫ

2.1 Қазақстан спорты және бұқаралық дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындар орны


Ұлттық ойындардың пайда болу ерекшелігі сол халықтың басынан кешірген тарихи әлеуметтік, шаруашылық, қоныстанған жерінің табиғи ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Осыған байланысты түркі халықтары арасында ұлттық ойындар ұқсастығы жиі кездеседі. Оған мысал ретінде көкпар тарту, қыз қуу, аударыспақ, бәйге, күрес, садақ ату, т.б. түрлерінің қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, татар, бурят, т. б. көптеген халықтар арасында таралуын алуға болады.

Қазақ халқының ұлттық ойыны болып табылатын қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, саятшылық түрлері қазір ұлттық ойын түрлерінен халықаралық жарыстар өтетін спорт түрлеріне айналды.

Енді осы ұлттық ойындардың спорт түрлеріне айналуына қандай алғышарттардың әсер ететіндігін қарастырамыз. Жалпы қандай да болмасын халық арасында таралған ойынның спорт түріне айналуы үшін төмендегідей жағдайлардың болуы қажет. Оларға:

  • Спорттық ойын түрінің бекітілген ережесінің болуы;

  • Мемлекеттік дәрежедегі спорттық мекеменің сол спорт түрін танып, жарыс күнтізбесіне енгізуі;

  • Спорт түрін дамытуға арналған қоғамдар немесе федерацияның болуы.

Қазіргі замандағы ең үлкен және өзінің дүниежүзілік елдер арасында маңыздылығымен ерекшеленетін спорттық жарыстар қатарына Жазғы және Қысқы Олимпиадалық ойындар енеді. Осы олимпиадалық жарыстарды ойындар деп атау оның тарихының көнелігін көрсете отырып, олимпиада ойындары бағдарламасына енген спорт түрлерінің барлығының кезінде белгілі бір халықтың арасында болған ұлттық ойын түрі екендігін көруге болады.

Қазіргі жеңіл атлетика спорты құрамына кіретін табақ (дискі) лақтыру және балға лақтыру (молот) спорттық жарыстардың қайдан пайда болғандары туралы спорт тарихында ешнәрсе көрсетілмеген. Осы жарыстарды көне олимпиадалық ойындарға түркі халықтары енгізгендіктерін талассыз дәлелдеу мүмкіндігі туып отыр. Көне тәңір сенімі бойынша күн адамдардың негізгі табынатын обьектісі болып табылады.

Қазіргі кезде осы белгілер түркі халықтарында рулық белгілер болып саналады.

Жоғарыдағы айтылған ел басқаратын адамдарды таңдау кезінде осы күн белгілерін «табақ» пен «балғаны» күнге қарай кім алысқа лақтыра алса, сол адам басшы санатына қосылуға мүмкіндік алған. Осы дәлелдер олимпиадалық ойындарды тарихта жазылғандай тек грек елі ойлап шығармаған, сол дәуірлерде өмір сүрген көптеген халықтар еркін қатыса алатын демократиялық сайлау түріне ұқсас ел басқару жүйесіне қажетті атрибут ретінде өткізілген деп тұжырымдауға болады. Спорттық жарыстар оның тек сырт бейнесі ғана деп санауымыз керек. Осы келтірілген дәлелдер міндетті түрде этнопедагогикаға енгізілуі тиіс деп санаймын. Себебі қазіргі кезде ЖОО оқылатын дене тәрбиесі педагогикасы және психологиясы пәндерінде дене тәрбиесінің этнопедагогикасы туралы мүлдем дерек жоқ. Осындай кемшіліктер салдарынан педагогиканы біздерге тек орыс және шет ел халықтары үйреткен болып отыр. Осындай жағдайлардан барып біздің ой-санамызға сырттан еркін әсер ету мүмкіндіктері пайда болады. Себебі көптеген этнопедагогикалық салаларда біз әлсіздік танытып, өзімізде бар жетістіктерді көрсете алмай келеміз. Сол этнопедагогиканың бірі дене тәрбиесі және спорт саласы болып отыр.

Ұлттық ойындардың тарихи пайда болуын зерттей келе біз ойындардың адамдарды дене дамуына, шынығуына, еңбек етуіне бейімдеу мақсаттарында қажеттіліктен туғандығын көруге болады, сондықтан ұлттық ойындар мен спорт түрлері жалпы дене мәдениетін дамытудың негізі болып саналады деген тұжырым жасаймыз.

Халықтар арасында таралған ұлттық ойындар туралы зерттеулер біршама болғанымен, спорт түрлерінің пайда болуы, дамуы, әсіресе, ұлттық ойындардың спорт түріне айналуы туралы Қазақстанда ғылыми зерттеулер жоқ.

Шет ел зерттеушілерінің арасында осы тақырыпты қарастырған Вера Оливованың [1962] «Люди и игры» атты еңбегінде ойындар мен әртүрлі жаттығулардың спорт түрлеріне айналуын Еуропа құрлығы көлемінде алады да, қорытынды сөзінде «Европа мәдениеті қазіргі спорттың бесігі болды» деп асығыс қорытынды шығарады.

Орыс зерттеушісі Н.И.Понамарев [1970] өзінің «Возникновение и первоначальное развитие физического воспитания» атты монографиясында халықтық ойындардың пайда болуының еңбек құралдарының пайда болуымен, адамдардың өз денелерінің шынығып жетілуімен байланыстыра зерттеп, спорт түрлерінің пайда болу генезисіне тоқталмайды.

Дене тәрбиесі тарихын зерттеуші белгілі ғалым Ласло Кун [1982] «Всеобщая история физической культуры и спорта» атты еңбегінде дене тәрбиесі мен дене жаттығуларының пайда болуын зерттей келе, дене жаттығуларының спорт түрлеріне айналуын қарастырмайды.

Қазақ халқында жарысу, бір нәрсеге таласу, оны дәлелдеу кезінде өзара келісілген шаруаның өзгеріссіз толық орындалуы үшін бәске тұру, бәстесу шарты болған. Бәске бару кезінде әр жақ міндетті түрде орындауға қажетті істерге келіскен. Осы бәске тұру қазіргі спорт ережелерінің негізі болып табылады деп ойлаймыз, себебі барлық спорттық жарыстар қатаң ережелерге бағынып өткізіледі, яғни келісілген шартты орындауға міндеттенеді.

Қазақ халқы арасында бәске келу екі адамның немесе көптеген адамдардың (команданың) арасында ауызша немесе жазбаша келісімге келу, куә арқылы іске асырылып отырылған. «Бәс» сөзі орыс тіліндегі «спорим» или «поспорим» сөздері мағынасын береді. Осы бәске отырғаннан кейін жарысты өткізу кезінде барлық келісілген шарттардың орындалуын қадағалаушы адамдар тағайындалған. Ол адамдар қазіргі төрешілер қызметін атқарған. Осыдан барып, төрешілер міндеттері мен құқықтары шыққан деп санаймыз.

Қазақ халқының арасында бәске келіп, шартқа тұрып өткізілген жарыстарды қазіргі спорттық ойындардың алғашқылары деп қорытындылаймыз, себебі осы ойындар кезінде келісілген ойын ережелері болған, оның орындалуын қадағалаушы «төреші» арнайы адамдар тағайындалған.

Қазақ халқының арасында ұлттық ойындардың спорт түріне айналуына себепші болған және спорт ойындарының негізгі бір талабы болып саналатын жүлде беру салтының да болуы байқалады. Ерте уақыттан бастап қазақ халқы арасында өткізілген қандай да болмасын жарыстар, ас беру, тойларда жеңген жаққа жүлде тағайындау, оны салтанатты түрде беру сияқты дәстүр қалыптасқан. Жоғарыда келтірілген мысалдар қазақ халқының ұлттық ойындарының спорт түріне айналуына қажетті негіздердің бар екендігі, тек қазіргі уақыттағы спорт түрлеріне қойылатын талаптар дәрежесіне көтерілудің қажеттігі керек екендігін байқауға болады.

Біздің зерттеу тақырыбымыз дене тәрбиесінің ішіндегі ұлттық ойындары мен ұлттық спорт болғандықтан, алдымен, ұлттық дене тәрбиесі туралы ұғымды, оның атқаратын міндетін және мазмұнын айырып алуымыз қажет.

Ұлттық дене тәрбиесі деп халықтың (этностың) тарихи-әлеуметтік өмір сүру ерекшелігіне байланысты қалыптасқан адам денсаулығын шынықтыру, жетілдіру мақсатында ұлттың тарихи жинақтаған дене жаттығулары түрлері мен әдістемелерін айтады дедік.

Дене мәдениеті жалпы ұлттық мәдениеттің бір бағыты болып саналады. Ұлттық дене тәрбиесі құрамына: ұлттық ойындар, ұлттық спорт және халықтық дене жаттығулары енеді.

Ұлттық ойындар дене тәрбиесінің құралы болып саналады.

«Ұлттық ойындар – ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын сауық түрлері. ҰО-ды меңгеру барысында балалар мен жасөспірімдер әртүрлі жаттығулар жасау арқылы денесін шынықтырады, ой-өрісін дамытады. Қазақтар ұлттық ойындарды дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде дамытып отырған. ҰО-дың негізі, оның шығу тегі көшпенді шаруашылық қаракеттерден басталады. Ойындардың басты тәрбиелік мәні – болашақ ұрпақты келешек кәсіптерге баулу, мамандандыру, яғни олар дәстүрлі ұлттық педагогиканың бір саласы болып табылады» деп Қазақ энциклопедиясында анықтама береді [2007].

Ұлттық спорт туралы анықтама осы кезге дейін қалыптаспаған.

Біз өз тарапымыздан ойынның ұлттық спорт түрі болып танылуы үшін төмендегідей шарттардың болуы қажет деп санаймыз: халықтардың тарихи қалыптасқан дәстүрлі ойындарының спорт түрі болып танылуы үшін, осы ойын түрінің республикалық дәрежедегі федерациясының болуы, ережесінің бекітілуі және осы ойын түрінің республикалық спорттық жарыстар күнтізбесіне енгізілуі спорт түрі болып саналуына негіз бола алады деп санаймыз.

Дене тәрбиесі және спорт саласында спорт түрлері мен ойындарды, жаттығуларды жүйелеу, оларды топтарға бөлу, атау беру жиі қолданылады.

Осылай жасау алдымен жаттықтырушылар мен педагогтер даярлау жұмыстарында, спорттық жарыстар өткізу кезінде, заңдар мен шешімдер қабылдауда, спорттық арбитраж жұмыстарында бірізділікті қамтамасыз етіп, мамандар арасында ортақ түсіністік қалыптастырады. Жүйелеу, топтау спорттық классификациялық анықтамаларда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, экономикалық, қаражат- финанс бөлуде көптеп қолданылады. Осындай маңызды жақтары бола тұра осы жұмыста Қазақстанда ортақ түсінік және ортақ терминдер әлі қалыптасқан жоқ. Осының салдарынан мемлекеттік құжаттарда, ақпарат құралдарында, оқулықтарда, аузекі сөйлеу тілімізде бір ұғымды әртүрлі қолдану жиі кездеседі. Осы жағдайларды ескере отырып дене тәрбиесі және спорт саласындағы ойындарды, спорт түрлерін, жаттығуларды, атау-терминдерді бір жүйеге келтіретін орталықтың болуы еліміздегі осы сала бойынша жүйеліліктің болуын қамтамасыз етер еді.

Халық арасында тараған 200 тарта ұлттық ойындарды топтау, жүйелеудің және ортақ атау берудің маңызды іс екендігін айта келіп, осы жұмыстың қалыптасуына көптеген ғалымдардың теориялық және практикалық жағынан еңбектер жазғандығын атап өтеміз. Әр ізденуші өз тарапынан ойындарды топқа және жүйеге бөле отырып, ортақ бір теориялық негізге сүйенбегендіктерін байқауға болады. Осының салдарынан бір ойын түрінің бірнеше топтар арасында кездесуін байқаймыз. Оған мысал ретінде затпен, құралмен ойналатын ойындар тобына жатқызылған ойын түрлері жүгіру ойындары ішінде болуы немесе осы ойын түрлерінің қыста немесе жазда ойналатын ойын түрлері деп бөлінуі, т.с.с. Осындай жағдайлар ғылыми ізденістер, педагогикалық-әдістемелік жұмыстарда, жаттығу жұмыстарында көп түсінбеушілік, орынсыз қолдану сияқты келеңсіз жағдайлардың болуына әкеледі.

Ұлттық ойындардың ел арасында кең тарауына байланысты бір ойынның әр жерде әртүрлі тәртіппен ойналуы және олардың атауларының әртүрлі болып келуі жиі кездеседі. Осы жағдайды ескере келіп ойындарды жүйелеу, топтау және атау беру мәселесі шығады. Топталып, жүйеленбеген ойындарды тәжірибелік тұрғыдан қолдану, ережесін айқындау мүмкін болмайды.











Қазақтың ұлттық ойындары





Shape2 Shape1


Жалпы ойындар



Спорттық ойындар

(Ережесі бекітілген ойындар)





Shape3 Shape4


1. Ат спорты:

  1. Аламан бәйге

  2. Бәйге

  3. Көкпар

  4. Аударыспақ

  5. Сайыс


1. Қазғалмалы дене шынықтыру ойындары




Shape5

2. Ой ойындары

(Санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ т.б.)




Shape6

2. Қазақ күресі


Shape7

3. Затпен, құралдарды қолдану арқылы ойналатын ойындар


Shape8

3. Ителектуалдық ой ойындары: тоғызқұмалақ, хан дойбысы, нарды, дойбы т.б.




Shape9


4. Нәресте балалар ойыны


Shape10



4. Саяткерлік: құстармен,

ит – тазымен т.б.





Shape11

5. Мал – жануарлар,

құстар т.б қолдану

арқылы ойналатын ойындар


Shape12

5. Садақ ату





2 сурет – Қазақтың ұлттық ойындары мен спортын жүйелеу, топтау.


Ойындарды жүйелеу арқылы оларды қолдану кезінде ойнаушыларды жынысына, жасына қарай бөлу, олардың дене-күш даму ерекшелігін, мінез-құлқын ескеру арқылы ойнаушыларды топқа бөлу, оқу-жаттығу ұзақтығын анықтау, жыл мезгіліне бөлу сияқты қажетті шараларды іске асыруға мүмкіндік туады.

Ойындарды жүйелеу, топтау, барлық ойындар туралы алынған ақпаратты бір жерге жинақтауға және осы ақпаратты ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл жүйелеудің басты ерекшелігі ойын түрлерін спорттық ережесі қалыптасқан және ережесі қалыптаспаған жалпы ойындар деп бөлуді негіз етіп алдық. Ондағы басты мақсатымыз спорттық ойындарды бөліп алу болса, болашақта спорт түріне айналған ойын түрлерін осы жүйеге енгізіп отыруға мүмкіндік ашу, өзара араласып кетуіне жол бермеу болып табылады.

Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің 2008 жылдың ақпараты бойынша республикада ұлттық спорт пен ойындардың, оның ішінде бәйге түрлері, жорға, көкпар, қыз қуу, аударыспақ, салма-теңге ілу, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, саятшылық, сайыс, асық, бестас, жаяу жарыс, арқан тарту, садақ ату, Хан дойбысы түрлері бойынша жарыстар өткізілген.

Республика бойынша 200 спорт мектептерінде ұлттық спорт бөлімшелері жұмыс істейді. Оның ішінде қазақ күресінен 150 мектеп,тоғызқұмалақтан 100 мектеп, ат спорты түрлерінен 5 мектеп жұмыс жасайды. Жалпы ұлттық спорт түрлерімен шұғылданушылар саны -95 087адам, оның ішінде ұлттық ат спорт түрлерімен -15 111адам (ауылдық жерде-9 605адам), қазақ күресімен-36 102адам (ауылдық жерде-25 460), тоғызқұмалақпен-36 643адам, (ауылдық жерде-23 009). Саятшылық және басқа спорт түрлерімен -7231адам айналысады. Жаттықтырушылар саны -1488 адам [244]. Құлназаров.А.Ұлттық спорт түрлері Ассоциациясы мәжілісіндегі баяндамасы. Астана 22.01.2008. Бұл жалпы халықтың 0,6 пайызын құрайды.

Республикада 100-ден аса спорт түрлері (Олимпиадалық, ұлттық, техникалық және басқалары) насихатталып, дамуда. Осы спорт түрлері арасында ұлттық спорттың алатын орны 3 кестеде көрсетілген.


3 кесте – Қазақстанда дамыған спорт түрлері арасында ұлттық спорт түрлерінің арасалмағы (% көрсеткіші)


ҚР барлық спорт саны

Спорт түрлерінің саны

Жаттығушы-спортшылар жалпы саны

%

пайыз

Жаттықтырушы, бапкерлер жалпы саны

%

пайыз

Олимпиадалық ойындарға кіретін спорт түрлері

49

179630

100

6706

100

Олимпиада ойындарына кірмейтін спорт түрлері

64

224791

100

8667

100

Ұлттық спорт түрлері

1

Қазақ күресі


12901

5,7

544

3,5

2

Тоғызқұмалақ


37000

9,1

516

3,3

3

Ат спорты


17536

4,3

219

1,4

4

5

Саятшылық

Cадақ ату


82

20

0,02

0.004

3

2

0,019

0,013

Барлығы


67519

19,1

1282

8,2

Республикадағы бес ұлттық спорт түрлері бойынша жаттығушылардың саны пайыздық көрсеткіші 19,1%, ал жаттықтырушы - бапкерлер көрсеткіші 8,2 % - ға тең. Осы кестедегі көрсеткіш Елбасы Н.Назарбаевтың 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты 2020 жылға дейін 30% көтеру қажет деген тапсырмасын орындау үшін енді қаншама жұмыс істеу қажет екендігін көрсетеді.



Сүрет – 4. Ұлттық спорт түрлерінің секциялар, топтар көрсеткіші



Сүрет – 5. Ұлттық спорт түрлерімен жаттығушылар көрсеткіші

4,5 - кестелерде республика обылстары бойынша ұлттық спорт түрлерінің қазақ күресі, тоғызқұмалақ, ат спорты бойынша даму көрсеткіштері берілді. Осы көрсеткіштерден Алматы, Астана қалаларында, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында ұлттық спортты дамыту барысы әлі төмен екендігін көруге болады.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Қазақстан Үкіметінің 17ақпан 2009 жылғы қаулысымен бекітілді.

Біз дене тәрбиесі және спортты дамытуға арналған Стратегиялық Бағдарламадағы ұлттық спорт түрлерінің дамуына арналған негізгі атқарылатын шараларға және осы салаға бөлінген қаражат мөлшеріне сараптама жасадық. Ондағы мақсатымыз – салыстырмалы жағдайда ұлттық спорт түрлерінің болашақ даму барысының қарқынын анықтау.

Ұлттық спорт түрлері №2 Стратегиялық бағыттағы бұқаралық спорт бөлімімен қосылып бөлінген қаржы 005, 006-шы «Бұқаралық спорт пен ұлттық спортты қолдау» деген статьяға жіберілген.

Біз салыстырмалы негізде «Жоғарғы жетістіктер спорты» және «Спортта дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу» жұмыстарына 2009-2011жылдарға арналған бюджеттік қаражат пен «Бұқаралық спорт пен ұлттық спортты қолдауға» арналған қаражат мөлшерін салыстырдық, себебі осы жоспарланған қаражаттар бағыты бір- біріне мақсаттары жағынан бірдей болуы негізге алынды.


Кесте -6 Қ.Р. туризм және спорт министрлігінің 2009-2011жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 6 – қосымшасы


Б Б.Ә

Атауы

2009-

2011жж.

Жоспарлы кезең

2009ж.

2010ж.

2011ж.

1.

006

Бұқаралық спорт және ұлттық спортты қолдау

309450

95480

103118

110852

2.

012

Жоғарғы жетістіктер спортын дамыту

16745712

4537623

5707916

6500173

3.

003

Спортта дарынды балаларды оқыту және тәрбиелеу

5508040

1578104

1808993

2120943




Осы кесте бойынша біз 2009-2011 жылдар аралығында “Жоғары жетістіктер спортын дамытуға» арналған қаржы көлемі 16 745 712 мың теңгені, ал «Бұқаралық спортты және ұлттық спортты қолдауға» арналған қаржы көлемі 309 450 мың теңгені құрайтындығын көруге болады. Яғни қаражаттар көлемін бір-бірімен салыстырғанда, «Бұқаралық спортты және ұлттық спортты қолдауға» арналған қаржы көлемі 1,8 % құрайды.



2.2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық спорт түрлерін басқару жүйесі


Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі және спорт саласын мемлекеттік тұрғыдан басқарушы және дамытушы мекеме білім беру саласы бойынша Қ.Р. Білім және ғылым министрлігі мен, спорт және бұқаралық дене тәрбиесі саласы бойынша Қ.Р. туризм және спорт министрлігі болып табылады. Облыстық, аудандық, ауылдық деңгейдегі жергілікті дене тәрбиесі және спорт саласының дамуы жергілікті әкімшілік құзырында.

Спорт салалары мен оның белгілі бір түрлерінің дамуы үшін қоғамдық бірлестіктер, федерациялар, ассоцациялар, спорттық клубтар құрылуы заңмен реттелген.

Қ.Р. бойынша барлық салалар бойынша 56-спорттық федерация, 9-бірлестіктер, 58- спорттық клубтар тіркелген.

Біздің тақырыбымызға сай ұлттық спорт саласына байланысты жұмыс жасаушы қазақ күресі, ат спорты, тоғызқұмалақ, саятшылық қоғамдық орындардың атқаратын рөліне тоқталамыз.

2004 жылдың 15 мамырында Қазақстан Республикасы Ұлттық Спорт түрлері қауымдастығы құрылды. Ол 2004 жылдың 8-ші қарашасында Әділет министрлігінен заңды тіркеуден өтті. Қазақстан республикасының ұлттық спорт түрлерінің қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің негізгі мақсаттары болып, ұлттық спорт түрлерін жаңғырту және қайта дамыту, салауатты өмір салтын бекіту және насихаттау, халықтың денсаулығын дене тәрбиесі мен спорт құралдарымен нығайту, жастарды патриоттық, батылдық, Отан алдындағы борышын өтеу сезімдеріне тәрбиелеу болып табылады. Құрамында 17 федерация, 18 филиалы бар қауымдастық бұл міндетті қазіргі қауымдастық басшысы Қайрат Сатыбалдының жетекшілігімен ойдағыдай орындап келеді.

Қазақстан егемендігін алысымен қоғамның барлық саласының ойдағыдай дамуына байланысты атқарылатын іс-шаралардың барлығын заңды түрде реттеуге үлкен көңіл бөліп келеді.

Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған республикалардың арасында алғашқылардың бірі болып «Дене шынықтыру және спорт Заңын» 1999 жылы қабылдады.

Осы Заңды қабылдау мемлекетімізде дене тәрбиесі және спортты дамытуды жақсартуға, реттеуге үлкен пайдалы әсер етті. Заң 7 негізгі тараудан және 33-баптан тұрады. Осы Заңның 1-ші тарауының 2-ші бабы «Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат принциптері» деп аталады. Сонда «Қ.Р дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат халықтың салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында жүргізіледі» - дей келе, осы баптың 10- пункітіне «халық ойындары мен спорттың ұлттық түрлерін дамыту» деген сөз енгізілген. Заңның басқа тараулары және баптарында ұлттық ойындар мен спортты дамытуды қолдайтын және реттейтін құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейтін жолдары көрсетілмеген

Қазіргі кезде қолданылатын спорт мектептеріндегі бағдарламалар Кеңес Одағы кезінде Бүкілодақтық дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институты 1983 –1985 жылдары әзірлеген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жұмыс істейді. «Қазақстан өзінің ғылыми базасын құрмай, бүгінде заманауи ғылыми әдістемелерсіз қалып отыр. Сол себепті республиканың спорт мектептерінде спорт түрлерінен бірыңғай оқу бағдарламаларын енгізу мүмкін болмай отыр, ал ол спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың жүйелі жолын қамтамасыз етуге кедергі келтіріп отыр» деп атап көрсетеді ҚР туризм және спорт министрлігінің Стратегиялық Жоспарында [2008].

Олимпиадалық және әлемдік деңгейде жетекші орын алатын спорттық державалар Германия, АҚШ, т.б. мемлекеттер бұқаралық спортты дамытуға бөлінетін қаражаттың жалпы мөлшері 40-50 пайызға дейін екендігін ескерсек, бізде де үлкен спортты дамыту үшін алдымен бұқаралық спортқа үлкен көңіл бөлу қажет екендігі айқын.






















ҚОРЫТЫНДЫ


Зерттеу нәтижелері көрсеткендей қоғамның даму ерекшеліктерін айқындайтын тарихи, әлеуметтік, мәдени салалар бойынша сараптау кезінде қазақтың дене тәрбиесі мәдениетін қоғам дамуының барлық салаларымен тығыз байланыста қарастыру ғана дұрыс қорытынды шығаруға негіз болатындығын көрсетті, себебі дене тәрбиесі қоғамдағы әрбір адамның өмірімен тығыз байланысты.

Қазіргі Қазақстан жері көне мәдениет ортасы екендігін археологиялық қазбалар, ауызша және жазба деректер, тастағы белгілер, тарихи зерттеулер дәлелдеп отыр.

Ұлттық ойындар мен спорт түрлері де қазақ халқының сан-салалы мәдениетінің бір түрі ретінде даму тарихы өте ерте уақыттан бастау алатындығын көруге болады. Осы деректерге сүйене отырып ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің теориялық және педагогикалық негізі өте көне уақыттан бастау алады деп тұжырым жасауға болады, оған төмендегідей негіздер бар:

Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық тұғыдан қарастырылу деңгейін әдебиеттік деректерден қарай отырып, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:

- Археологиялық қазбалар нәтижелері тарихи деректер бойынша ойындар тас ғасырларынан бастау алып, алғашқы қауымдық құрылыстан бастап адамдарды тәрбиелеу құралы ретінде көрініс бере бастайды;

- Қазақтың ұлттық ойындары деген жеке атауды қазақ халқының жеке этнос болып қалыптасу уақытынан бастау қажет;

- Қазақтың ұлттық ойындарының ғылыми тұрғыдан зерттеле бастауын ХХ ғасырдың бірінші жартысынан бастау алады деп санауға болады;

- Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, ерекшелігі адамдар денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойғандығын көреміз. Осындай өте үлкен дәрежеде мән беру үшін және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы жүйе болып саналды. Сондықтан қазақ халқының арасында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлел бар;

- «Олим-пи» сөзі грек тілінен «Билеуші өлімі» деген мағынаны білдіретіндігін көрсете келіп, сол сайыстарда жеңіп шыққан адамға белгі ретінде түркілер қолына шоқпар берген, ал римдіктер басына қазіргі кездегідей ағаш жапырағынан «венок» кигізгендігін айта келіп, осы рәсімдер арқылы біз жеңімпазға жүлде беру, оған айырықша құрмет көрсету дәстүрі өте көне заманнан басталғандығын және қазақ халқында да дәл осындай дәстүрлер кеңінен сақталғандығын атап өтеміз;

- Ұлттық ойындар мен спорттың ғылыми - педагогикалық негізінің қалыптасып, ғылыми айналысқа енуі Қазақстан тәуелсіздік алуы уақытынан бастау алады деп тұжырым жасауға негіз бар;

- Кеңестік дәуір кезінде дене тәрбиесі мен спорттың педагогикасы пәнінің қалыптасуы кезінде этнопедагогикалық ерекшеліктер ескерілмегендігі орын алған;

- Қазақ халқының арасында бәске келіп, шартқа тұрып, өткізілген жарыстарды қазіргі спорттық ойындардың алғашқылары деп қорытындылаймыз, себебі осы ойындар кезінде келісілген ойын ережелері болған, оның орындалуын қадағалаушы «төреші» арнайы адамдар тағайындалған.

- Қазақ халқының арасында ұлттық ойындардың спорт түріне айналуына себепші болған және спорт ойындарының негізгі бір талабы болып саналатын жүлде беру салтының болуы. Ерте уақыттан бастап қазақ халқы арасында өткізілген қандай да болмасын жарыстар, ас беру, тойларда жеңген жаққа жүлде тағайындау оны салтанатты түрде беру сияқты дәстүр қалыптасқандығы негіз бола алады.

- Қазақ сөзінің түбірі «қаз» - тұру, тік тұру, мықты, берік тұруды білдіреді. Кішкене балалар жүруге ұмтылып аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда қазақтар «қаз, қаз», «қаз тұр» деп тікесінен тік тұрғызады. «Қаз» -ға қосып айтылатын «ақ» сөзі – күшейтілген жалғау екендігін академик ғалым Ә. Марғұлан дәлелдейді. Осы деректерге сүйене отырып, біз қазақ халқы оның тұрмыс-тіршілігі, ерекшелігі адам денсаулығына, оның мықты, күшті болуына үлкен мән бергендігін көреміз. Адамның мықты, күшті болуына осындай үлкен дәрежеде мән беру, тіпті бір этностың атын қою үшін және оны іске асыру үшін халық арасында күшті арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ондай жүйені қазақтар пайдаланды деп айтуға толық дәлел бар.





















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізім


  1. Алимханов Е. Палуанға ұлттық киiм керек пе ? Журнал Парасат - №10. -1994 ж.- Б.8-9

  2. Алимханов Е. Исследование влияния изменения спортивной одежды борца казахша курес на технику и тактику борьбы. Дети и олимпийское движение. Абакан, 1995. -С.24-28

  3. Алимханов Е. Организация и проведение соревнований по борьбе казақша курес и методика записи технических приемов борьбы. Депонированный реферативный сборник.- №2.- 1995.- С. 105-108.

  4. Алимханов Е. Психомоторные характеристики состояния борцов и гимнастов. Педагог. и методико-биологические аспекты физ. воспитания и спорт. подготовки в Кыргызстане. 3-Респ. науч.-практ. конф.- Бишкек, 1995. – С.36-39

  5. Алимханов Е. Совершенствование национальной борьбы казахша курес путем изменения модели одежды борца. Вопросы развития Киргизской физической культуры. Кир.ГИФК.- Бишкек, 1995. –С.43-47

  6. Алимханов Е. Спорттық күрестi үйретудiң қағидалары мен тәсiлдерi. Алматы «Кiтап», 1996 ж.-Б.28

  7. Алимханов Е. Большой спорт и народные игры. Спорт и здоровье человека. Межд. конгресс. Посвященный к 3-Центрально Азиатским играм. -Бишкек, 1999. –С.60-62

  8. Алимханов Е. Қазахша күрес. Алматы, Атамұра, 2000 ж. – Б.15

  9. Алимханов Е. Словарь «Физкультура и спорт». Алматы, Атамұра, 2000 ж. – П.Л. 11,27

  10. Алимханов Е.А. Возникновение основ современного спорта у казахов. ⁄⁄ Теория и методика физической культуры. – Алматы, 2001. - №1.– С. 30-32.

  11. Проблемы планирования подводящего микроцикла в спортивной борьбе.-С.59-61

  12. Алимханов Е., Телеугалиев Ю. Формирование замкнутой коммуникации мотивов на этапе совершенствования двигательных умений и навыков ⁄⁄ Поиск, 2001. - №3. -С.157-163

  13. Каражанов Б.К., Деев В.А., Мырзаев М.О., Алимханов Е.А. Адаптация кардио-респираторной функции организма дзюдоистов во время тренировки в условиях среднегорья. ⁄⁄ Теория и методика физической культуры. – Алматы, 2002. - №2.– С. 44-47.

  14. Алимханов Е. Совершенствование координационных способностей борцов. Республиканская научно-практ. конференция. II Проблемы теории и практики физической культуры и спорта: сб. научн.ст.-Шымкент, 2002.-С.15-20

  15. Алимханов Е. «Шөген» - шын далалық ойын. Спорт KS - № 31. – Алматы, 2003.-Б.1



22

ЖИ арқылы жасау
25 Маусым 2024
351
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі