"Ұлттық ойын-ұлт қазынасы"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұлттық ойын-ұлт қазынасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптар арасында жүргізілген сайыс сабақ . бұл сабақта балалар топқа бөлініп 6 сайыстан тұратын ұлттық ойынға қатысады. ойын түрлері қазақтың жаңартылған ұлттық ойындары қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Сыныптар арасындағы жарысқа сыныптарды ортаға шақырайық.

Қаражорға әуенімен балалар ортаға шығады.



Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға,

Жас спортшылар жеке – жеке команда

Ал, балалар өздеріңді таныңдар,

Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,



«Ура» деген ұранды біз тастаймыз

Жарысымызды ал енді бастаймыз

«Жеңіске жетеміз!» деп

Жалынды ұран тастаймыз..

Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін сіздерсіздер.

Ал, құрметті халайық

Жарысты енді көріңіз

Әділ қазы алқасы

Әділбаға беріңдер

- дей отырып әділқазы алқаларымен таныстырп өтейік.

1.

2.

3.



Әр топ өздерін таныстырып өтсе

1 - топ «Жалын»

Топ капитаны –

2 - топ «Болашақ»

Топ капитаны -



«Жалын» тобы

Көк бөрідей жүректі қайраттымыз

Жігерлі де білімді айбаттымыз



«Болашақ » тобы

Болашақ тобы алға

Биіктерге самға

Достығымыз барда

Жүреміз тек алда



Жүргізуші: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.

Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық...



Сайыс шарттары:

1. Асық ату

2. Арқан тартыс

3. Ақ сандық- көк сандық

4. Қораздар

5 Теңге алу

6. Кім жылдам -қаппен жарыс



Ойын: Ұлттық ойын «Асық ату»

Ойын шарты: Әр топтың алдына 3 - 4 м қашықтықта межелер белгіленді.ойыншылар шеңберге кірмей ортадағы асықты атады .Кім көп асықты атып шеңберден шығарса сол ұтады



Ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс»

Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.

Ойын: Ұлттық ойын «Теңге алу»

Ойын шарты: Екі топтан екі бала шығады қолдарына таяқшалар беріледі сол таяқшалар ақылы бір нүктенің бойымен 20

Рет айналып түзу сызық бойымен бөтелкеде тұрған ақшанвы алу қажет Кім бірінші алады сол жеңімпаз

Ойын: Ұлттық ойын « Қораздар соғысы»

Ойын шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, шеңбер ішіне кіріп бір аяғын көтеріп иықтарын соғыстыру арқылы шеңбер ішінен шығарып жіберу қажет.Кім біріінші шығарады сол жеңімпаз болып саналады



Ойын: Ұлттық ойын: «Ақсандық – көк сандық»

Ойын шарты: Ойынды ойнау үшін ортаға екі оқушы шығады бір -біріне арқаларын тіреп иықтарын тіресіп тұрады. Ойынды баста дегенде кім бірінші көтерді сол жеңімпаз болып саналады.



Тәрбиеші:

Өнерге биік сеніңіз

Думанға қызық келіңіз

Әділ қазы ел сенген

Өнерге баға беріңіз.



Тәрбиеші: Құрметті көрермендер, балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.

Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан - жақты жетілдіруге бағытталған.



Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Ұлттық ойыны – ұлт қазынасы» атты спорттық кешімізді қорытындылап, әділ шешімімен «Жалын» және «Болашақ» топтарының арасындағы сайыста достық жеңді. Екі топты алтын және күміс медалдарымен марапатталады. Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2023
804
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі