Материалдар / Ұлттық ойын-ұлт қазынасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұлттық ойын-ұлт қазынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2024
109
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Күні

22.01.2024жыл

Класы, жетекші

5А/ Таскинбаева А.К

Сабақтың тақырыбы

« Ұлттық ойын-ұлт қазынасы »

Мақсаты

Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы,

 оның атадан балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып

 отырғандығы туралы мағұлмат беру

Күтілетін нәтижелер



Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл
қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өседі, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу

Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу.

Құндылықтар

Ұлттық мектеп лигасы

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)














Тұсаукесер

(10мин.)


1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?


Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. 

Дұрыс айтасың,бүгінде ойынды адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа  дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді. 




Мұғаліммен амандасады.




Негізгі бөлім

(15мин)



-Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалар   ойнайды, ойнап жүріп ол бала кеудеге ақыл ойлайды» — деп түйіндейді. 
Бұдан көретініміз ойын тек көңіл көтеру мен ермек үшін жасалмаған, қайта халықтың жазу өнері әлі дамымаған, оқу орны болмаған кезде өз ұрпатарын өмірге әзірлеу мүмкіншіліктерін пайдаланатын іс – әрекет қызметін атқарған. 

-Ал, балалар  қандай ұлттық ойын түрлерін білесіңдер?

 -Дұрыс айтасыңдар.  Бұл ойындарда қандай мінез – құлықта болуды қажет етеді деп ойлайсыңдар?

-Олай болса балалар келесі кезекті  ойын ережесімен таныстыруға  берейік  


-Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Бұл ойындар бос уақытты көңілді өткізуге, денсаулықты шыңдай түсуге, халқымыздың әдет – ғұрпын, салт – санасын біліп өсуге, тілді дамытуға көп жәрдемдеседі.

-Осындай ойын түрлерінің бірі – жұмбақ айту. Бұл ойын – қол бос кездің бәрінде айта беруге болады. Жұмбақ айту ой – өрісті кеңейтуге, сауатты молайтуға үлес қосады. Оның шешуін табуда бала ізденеді, сұрайды, ойланады. 

-Кәне, олай болса біз де осы ойынды ойнап көрейік.

Жылға дер ем ақпайды
Жылан дер ем шақпайды (Арқан)

Алты аяқты, төрт көзді
Екі ауызды, бір сөзді
Ынтымақты ел кезді ( Ат мінген адам)

Көліксіз өмір сүрмейді
Ғұмыры жаяу жүрмейді (Ер тоқым)

-10-ға толған батырмыз
 Ұзарады ойымыз
 Толысады ойымыз
 Кел,кәнекей,келіңдер
  Жалғасады ойынымыз- дей отырып  ойын ережесімен таныстыруды жалғастырайық

 Теңге ілу-бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны.Көбінесе қыз ұзатылатын және сүндет тойларының думанында ойналады.Бұл ойында жігіттің  атқа мықтылдығы ,ат үстіндегі әрекеті,денесін игеріп алған ептілігі сыналады.Теңгені іліп ала алмай,аттан ауып қалып жататындар да көп болады.Кейде бір ауылға келін ұзағырақ жылдардан кейін түсіп,беті ашылғаннан кейінгі сайрандарда  ырым үшін де ойналады.Сонда жас келін өзінің шолпысын  немесе алқа күмістерін орамалға түйіп,бір қарыстай терең қазылған ,қолдың басы ғана сиятын шұңқырға салып қояды.Сәйгүлік мінген жігіттер жүз,жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп,шұңқырдағы орамалды  іліп әкетуі тиіс.Шұңқыр тұсында іркіліп.тоқтауға не аттың басын бәсеңдетуге болмайды.Кімде-кім орамалды іліп әкетсе ,оны өзіне сыйлаған жас келіннің сыйлығы деп біледі.Оны өзі алып қалмайды,қалаған адамына сыйлайды.

Алтын қабақ (жамбы ату)-шауып келе жатқан аттың үстінен нысананы дәл көздеп,атып түсіру.Бұл ойнның нұсқалары басқа халықтарда да кездеседі.Мұндай жарыс өткізілетін  мерекелерде биік бағана ,болмаса ұзын сырық қадалып,оның ұшар басына нысана ретінде жамбы(күміс құймасы) ілінетін болған.Оны қылмен немесе жібек жіппен байлаған.Атпен шауып келе жатқан кісі садақпен жамбыны атып түсіріп,жеңіске жетуге тырысқан.Жамбы ату жігіттерді шабандоздыққа,мергендікке үйретуде елеулі роль атқарған.

Аударыспақ-салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы.Бұл ойынға қайрат күші мол,батыл да төзімді шапшаң қимылдап,атқұлағында ойнай білетін жігіттер қатысады.Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап,қылыш шабатын жауынгерге  қажетті қасиеттерді қалыптастырған.Аударыспақ қазіргі кезде де шопандар тойында ,мерекелерде спорт ойынының бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.

Күрес-қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан ,ұзақ тарихы бар ойын.Бұл ойында адамның жеке қүш-қайраты сынға салынады.Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуі тиіс.Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек.Күрес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді.

-Бүгін ,міне, ойын ережесімен танысып, сол ойындарды ойнай отырып,
        Біздер шымыр,жүйрік те
        Ойынменен шынықтық
        Еп қана емес бірлік те
        Керек екен соны ұқтық-деп айтымыз келеді,










Балалар: көкпар, күрес, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ

Балалар: -өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты, тапқырлықты

Оқушылар ойын ережесімен таныстырады

Қорытынды

(10мин.)




Қорытынды сөз: Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.


Сау болыңыздар!





.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!