Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ойындар туралы түсінік беріледі. Топта ойнату жолдары көрсетіледі. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне көмек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

30.11.2018 ж.
Тақырыбы: Ұлттық ойындар
Мақсаты:

  1. Асық, арқан тартыс ойындары туралы түсініктерін кеңейту. Ойынды ережеге сай ойнату.

  2. Оқушылардың ой-өрісін, ептілік, мергендік, шапшаңдық қасиеттерін дамыту.

  3. Оқушыларды ұлттық ойындарға қызықтыра отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Өтілу орны: спорт зал

Қатысушы құрамы: 2 «ә» сынып

Құрал-жабдықтар: асық, арқан, ысқырық

Іс-шараның барысы:

Қатысушылардың назарын аудару.

Мұғалім сөзі:

1.Қой асығы демеңіз қолайыңа жақса сақа ғой,
Жасы кіші демеңіз ақылы асса аға ғой.

Ұлттық ойын, салт-ғұрыпқа бай халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрінің бірі-асық ойыны. Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі  өте кең тараған ұлттық ойын түрлерінің бірі. Оны көшпелі этномәдени өмір тудырған төлтума өнер деп танимыз. Ойынның басты объектісі де, құралы да – асық. Аталмыш ойын, әсіресе балалар арасында кең тараған. Оларды ептілікке, мергендікке, ұқыптылықа, сергектікке баулитын тәрбиенің көзі. Тілі-міздегі асығы алшысынан түсті.., бүге-шігесіне дейін анықтау… т.б. тіркестер тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ қазақтар жақсы көрген жасты: алтын асықтай немесе киік-тің асығындай шымыр деп атайтын үрдіс бар. Мұндай  тіркестер асықтың айрықша мәніне қатысты қалыптасқаны анық.
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда:
Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан  (серкеден) немесе қошқар-текеден алынады.
Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.
Шүкейт – жас малдың асығы.
Қойлық – қойдың асығы.
Ешкімек – ешкінің асығы.
Құлжа – құлжаның асығы.
Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық.
Топай – сиырдың асығы.
Жабай – ірі асықты айтады.
Қолқар – арқардың асығы.
Асықтың тұрысының атаулары:
Алшы – асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы.
Тәйке – асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.
Бүге – асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі.
Шіге – асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі.
Омпы – асықтың ашасы немесе мұртша жағы жоғары қарап түсуі немесе тік тұрып қалуы.
Шоңқай – асықтың омпаға қарсы жағымен тік түсуі.

Асықтың оңқай не солақай екенін ажырату

Асықтың құрылысы


Асық ойын түрлері

Асық ойынының түрлері өте көп. Ол әр өлкеде әртүрлі атауларға ие және ойнау әдіс-тәсілдері де өзгеше. Сөйте тұра аталмыш ойын түрі осы барлық ерекшеліктерін сақтай отырып дамыған. Осының барлығын салыстыра отырып аталмыш ойын түрін – «үй ішілік» және «далалық» деп екіге бөліп жіктеуге болады.














Асық ойынының «үй ішілік» түріне: «Хан» немесе «Ханталапай», «Хан ату», «Құлжа ату»;«Құмар»;«Қақпақыл»;«Қаржу» немесе «Қаржымақ»;«Сасыр»;«Төрт асық»;«Бес тас»; «Бес асық»;«Иірмекіл» т.б. жатады. Асық ойынының «алаңдағы» түріне:«Арқалас-пақ»;«Алты атар»;«Омпа»;«Кетсін бір»;«Шыр»;«Бәйге»;«Алшы»;«Бес табан»;«Көтеріспек (Атбақыл)» т.б. жатады.
Оқушыларға асық ойынын ойнату.



2.
«Арқан тартыс» ұлттық ойыны. Ойынның ережесі:
Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Ойынға ортасына қызыл жіп байланған арқан қойылады. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады. Ойынға қатысатын оқушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіске жетеді. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
Оқушылармен «Арқан тартыс» ойынын жүргізу. 
3.Қорытындылау.
Құрметті қатысушылар, бүгінгі іс-шарада ұлттық ойынымыздың бірі - асық және арқан тартыс ойындарымен тереңірек танысып, ойнадыңыздар. Келешекте осы ойынды одан әрі дамытып, ұмыт қалдырмай, өздеріңнен кейінгілерге де жеткізесіздер деп сенемін. Бос уақыттарыңызда телефон мен компьютерге үңілгенше, ұлттық ойындарды ойнайық, балалар.







4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп













Ұлттық ойындар











2 «ә» сынып жетекшісі Айтқұлова Мақпал

2018-2019 о/ж


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2019
443
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12