Ұлттық ойындар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
ұлттық ойындар туралы түсінік қалыптастыру,ұлттық ойындар ойнауға үйрету1. Тақия тастамақ Ойын шарты былай балалар. Балалар дөңгелеп отырады. Бір бала жүргізуші болып тақия тастау керек, екінші бала біліп алып ойынды жалғастырады. Жеңілген бала тақпақ айтады Көктем туралы Көктем келді шуақты, Балаларды куантты. Алақай – ау, алақай! Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты. 2. Қол күрес Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасумен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. 3. Хан талапай ойыны Көп асықтың ішінде бір асықты қызыл түске бояап қоямыз. Сол асық «хан» деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар ханның қалай түскенін бақылап отырады Ал «хан» алшысыннан түссе, балалар жарыса «хан талапай» деп дауыстап, ханды өз қолына түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол жеңіске жетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары

Мақсаты : Қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, тақия тастамақ ойындары арқылы балалрға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Міндеттері:

1. Балаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.
2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту.
3. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас ойын

Сабақтың әдісі: Әңгіме ойын түрінде

Көрнекілік: асық, қазақ ұлттық киімдері (шапан, желетке, тақия)

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келді. Келген қонақтармен амандасайықшы.

Сәлеметсіздер ме?

1. Шаттық шеңбері

Дөңгелене тұрайық,
Киіз үйді құрайық,
Кереге болып керіліп,
Уыктар боп иіліп,
Киіз үйді құрайық.
Жарайсыңдар!

2. Өткенді қайталау

- Балалар біз қай Республикада тұрамыз?

- Қазақстан

- Қазақстан көп ұлтты Мемлекет. Бірлігіміз жарасып тату тәтті өмір сүріп жатырмыз.

- Қазақстан Республикасында қандай ұлттар тұрады ?

- Орыс , неміс, өзбек, корей, армян, қазақ т.б.

- Балалар қазақтың қандай ұлттық киімдерін білесіңдер?

- Тақия, шапан, желетке, мәсі, камзол , сәукеле т.б.

- Ал балалар өздерін қай ұлттың киімдерін киіп отырсыңдар?

- Әрине дұрыс айтасыңдар Қазақтың ұлттық киімдерін

- Әр бала киіп отырған киімін айтып кетеді

Әдемі киініп келген екенсіңдер!

Орысшадан қазақшаға аударайық

Қазір балалар қазақтың ұлттық ойындарын ойнаймыз. Ойын бастамас бұрын бойымызды жазып алайық.

3. Сергіту сәті

Би «Қара жорға»

Қазақша «Адай» күйін қойып қою.

Есікті қағып Алдар көсе келеді. Балалар амандасады. Балаларды ұлттық ойындармен ойнатады.

4. Қазақтың ұлттық ойыны

1. Тақия тастамақ

Ойын шарты былай балалар. Балалар дөңгелеп отырады. Бір бала жүргізуші болып тақия тастау керек, екінші бала біліп алып ойынды жалғастырады.

Жеңілген бала тақпақ айтады

Көктем туралы
Көктем келді шуақты,
Балаларды куантты.
Алақай – ау, алақай!
Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты.

2. Қол күрес

Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасумен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді.

3. Хан талапай ойыны

Көп асықтың ішінде бір асықты қызыл түске бояап қоямыз. Сол асық «хан» деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар ханның қалай түскенін бақылап отырады Ал «хан» алшысыннан түссе, балалар жарыса «хан талапай» деп дауыстап, ханды өз қолына түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол жеңіске жетеді.

21 асық аламыз. Ойынға 4 бала қатысады. Бірінші бала қызыл түсті 7 асықты жинайды. Екінші бала 7 көк түсті асықты жинайды. Үшінші бала 7 жасыл түсті жинайды. Төртінші бала 7 қоңыр түсті жинайды.

Асықтардын түстеріне орысша тоқталып кетейік балалар

Қызыл – красный

Көк – синий

Жасыл – зеленый

Күлгін қызыл – розовый

Асықты ойнамас бұрын саусақтарымызды ойынға дайындап алайық

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Қосып едім екеуін,
Болып шықты оң саусақ.

4. Шеңберде асық ойнау

Шеңбер сызып аламыз, асықты ортасына тізіп қоямыз. Қанша бала ойнаса сонша асық тіземіз. 4 бала ойнасақ 4 сақа болады. Әр баланын сақасы әртүрлі түспен боялады. Рет ретімен сосын ойнаймыз.

Жарайсындар!

5. Бекіту

- Балалар сендерге қазақтың ұлттық ойындары ұнады ма?

Иә

- Жарайсыңдар!!!

Балалар қазақтың қандай ұлттық ойындарын ойнадық?

Тақия тастамақ, Қол күрес, Хан талаппай, Шеңберде асық атып ойнау

- Жарайсыңдар!

- Ойын ойнаған ұнай ма?

- Иә, ұнайды

6. Қоштасу шеңбері.

Біздің топта ұлдар
Тату тәтті ойнаймыз
Баршаңызға, бәріне
Тек қуаныш сыйлаймыз.

Сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.11.2022
362
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі