400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР


Бекежанова Индира Копишовна

№10 «Наурыз» б/б тәрбиешісі


Тақырыбы: «Ұлттық ойындар»

Мақсаты: Балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып, ұлттық тұрмыс, салт - дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру. Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеуін дамыту, тез ойлауға баулу. Ұжымдыққа, ептілікке, бәсекелестікке тәрбиелеу.

Дағдыларды қалыптастыру: Қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік-эмоционалды.

Инновациялық технология: Ойын технологиясы, интеграция.

Әдіс – тәсілдері: ойын-жарыс, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Құрал – жабдықтар: ойын атрибуттары, ермексаз, асықтар, шәй.


Тәрбиеші:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

(балалар тәрбиешімен және топтағы қонақтармен амандасады).
- Балалар, көңіл-күйлерің қандай? (балалар жауабын күтеді, мақтап, қолдап, көңілі жоқтың көңілін көтереді. ) Балапандарым, қараңдаршы, менің қолымда қамшы бар бар. Осы қамшымен бір көңілді ойын ойнайық.

Ойын-психотренинг «Көңілді көш»

Мақсаты: балалардың назарын аудару, ұйымдастырылған іс-әрекет алдында көңіл-күйлерін көтеру, әрекеттерді үйлестіруге үйрету.

Шарты: Балалар шеңбер бойымен отырады, педагог шеңбер сыртымен жүріп, бір баланың иығынан қамшымен жәй-ғана түрткенде, сол бала тәрбиешінің артынан тұрып көшті толықтырады. Барлық бала көш бойына тұрғанша ойын жалғасады.


Ғажайып сәт: күмбірлеген домбырамен ән айтып отырған адам дауысы естіледі.

Тәрбиеші балалардың назарын аударып, дыбыс қай жақтан шығып жатқанын іздейді. Қожанасыр домбыра тартып, халықты ауылындағы ұланасыр тойға шақырып, онда түрлі ұлттық ойындар ойнатылатынын өлеңмен жеткізіп отыр:

  • Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Көңілі үшін халықтын

Ауыл тойын бастайық!

Кел, ағайын, тойлайық

Ұлттық ойын ойнайық.

Би билейік, жырлайық

Тәтті шашу шашайық!

Тәрбиеші мен балалар амандасып, Қожекеңмен тойға барады. Зал іші қазақ ұлттық нақышта әсемделген, киіз үй ішінен ата мен әже келген қонақтарды қарсы алады. Балаларға түрлі-түсті асықтарды қолына ұстатады. Керемет ойындарының бар екенін айтып, киіз үй ішіне кіргізеді. Балалар көрпешеге жағасып, дөңгелек үстел үстіндегі ойынды байқайды. Ата мен әже ойын шартын түсіндіріп, балалармен ойын ойнауға кіріседі.











Балалар қолындағы асықтарын ортаға лақтырып, алшы түскен асық түсімен ойын ашылып ойнатылады.

  1. Ойын «Күрес»

Мақсаты: ұлттық ойынға баулу, баланың бәсекелестік қабілетін, ойынға деген қызығушылығын арттыру

Шарты: бірнеше ұл балаларды жұптармен шығарып күрестіреді.


  1. Ойын «Өру»

Мақсаты: ұсақ қол моторикасын дамыту, эстетикалық тәрбие беру.

Шарты: қыздар картонға жіптен жасалған шашты өреді, ұлдар қамшы өреді. Әже мен тәрбиеші қыздарға, Ата мен Қожанасыр ұлдарға көмектеседі.











  1. Ойын «Қыз қуу»

Мақсаты: жалпы моторикасын дамыту, сыйластыққа тәрбиелеу.

Шарты: балаларды барынша қамту керек, сондықтан бірнеше ұл бірнеше қызды қусын.


Балаларды мадақтап, ата мен әже демалып, шәй ішуді ұсынады, алайда жәй шәй емес, денсаулыққа пайдалы шөптерден қайнатылған шәй екенін айтып түсіндіреді. Шәй құрамында итмұрын, жалбыз, бал қосылған. Балалар шәй ішіп отырып, ата мен әжеге мақал-мәтелдер, тақпақтарын айтып, өнерлерін көрсетеді.

Сергіту сәті «Әжемнің шәйі»

Балалар шәй ішіп болған соң, «Әжемнің шәйі» өлеңіне билейді.


  1. Ойын «Арқан тартыс»

Мақсаты: ұжымдық жұмысқа, бірлікке баулу, бәсекелестік қабілеттерін арттыру.

Шарты: ұл мен қыздар жарысады, арқан тартады.


  1. Ойын «Арқан тартыс»

Мақсаты: түстерді бекіту, жылдамдық, ептілік, шапшандық қабілеттерін арттыру.

Шарты: түрлі түсті асқтарды жерге шашады. балалалар билеп жүреді, әуен тоқтағанда, тәрбиеші атаған түстегі асықты жинау керек. Ойын бірнеше рет қайталанады.


Әже мен ата балаларды мақтап, құрт жасауды ұсынады.

Шығармашылық жұмыс «Құрт жасау» (ермексазбен)


Қорытындылау: Ата мен әже балаларға сыйға құрт ұсынып, бүгінгі тойдан алған әсерін сұрап, батасын береді. Қоштасу, бөбекжай-бақшаға қайту.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
153
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі