ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру – мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болуы, дене құрылысының дұрыс жетілуі балабақшада қалыптасады. Бұл орайда біз ұлттық ойындарға үлкен көңіл бөліп отырмыз.
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатқаны белгілі. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салады. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына себепкер болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені бәрімізге мәлім. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тиетіні белгілі. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады.
Бұл дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезеге ұқсас. Осы арқылы балалық балдәурен шақта өзін қоршаған орта туралы түсінігі мен дүниетанымын қалыптастырады. Ойын дегеніміз – білуге, білімге құштарлықты ұшқындататын құрал. Міне, мұның бәрі баланың көңілін ашатын, оны ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат қақтыратын ғажап ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ұлттық ойындардың мектеп жасындағы балаларға лайықтылары бар. Оның ішінде «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақсерек – Көксерек», «Асық», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» сияқты ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйре аламыз. Ең бастысы, ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын бала санасына құйып, көз алдында көрсете отырып сіңіру оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, бауырмалдыққа, қамқорлыққа баулиды.
Мектепте қазақтың ұлттық ойындарын балаларға ойнату мен үйретудің негізгі мақсаты балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қоюға, спорттық шеберліктері мен мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ бұл халқымыздың ерлік-жауынгерлік тарихын, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыруға, өз жерін, өз елін қорғай алатын елжанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеуге жол ашады. Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін өзі тәрбиелеуге дағдыландырады. Сол себепті денсаулықты нығайтуды көздейтін қозғалыс әрекеттері мен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгертуде, қызығушылығын қалыптастыруда бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде кеңінен қолданған абзал.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру – мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала денсаулығының мықты болуы, дене құрылысының дұрыс жетілуі балабақшада қалыптасады. Бұл орайда біз ұлттық ойындарға үлкен көңіл бөліп отырмыз.
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатқаны белгілі. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салады. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына себепкер болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені бәрімізге мәлім. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тиетіні белгілі. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады.
Бұл дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезеге ұқсас. Осы арқылы балалық балдәурен шақта өзін қоршаған орта туралы түсінігі мен дүниетанымын қалыптастырады. Ойын дегеніміз – білуге, білімге құштарлықты ұшқындататын құрал. Міне, мұның бәрі баланың көңілін ашатын, оны ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат қақтыратын ғажап ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ұлттық ойындардың мектеп жасындағы балаларға лайықтылары бар. Оның ішінде «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақсерек – Көксерек», «Асық», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» сияқты ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйре аламыз. Ең бастысы, ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын бала санасына құйып, көз алдында көрсете отырып сіңіру оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, бауырмалдыққа, қамқорлыққа баулиды.
Мектепте қазақтың ұлттық ойындарын балаларға ойнату мен үйретудің негізгі мақсаты балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қоюға, спорттық шеберліктері мен мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ бұл халқымыздың ерлік-жауынгерлік тарихын, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыруға, өз жерін, өз елін қорғай алатын елжанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеуге жол ашады. Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп, өзін өзі тәрбиелеуге дағдыландырады. Сол себепті денсаулықты нығайтуды көздейтін қозғалыс әрекеттері мен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгертуде, қызығушылығын қалыптастыруда бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде кеңінен қолданған абзал.
шағым қалдыра аласыз













