Білім беру ұйымының атауы |
«Аманкелді атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ
|
|
|
Бөлім |
Ұлттық ойындар |
|
|
Педагогтің аты-жөні |
Туткабеков Б
|
|
|
Күні: |
25.01.2024 жыл
|
|
|
Сынып: 6сынып |
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақтың ұлттық ойыны «Тоғызқұмалақ»
|
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
6.2.3.3. Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтай білу
|
|
|
Сабақтың мақсаты |
Балалар сабақта ойынның ережесін біледі. Балалар сабақта алған теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, тоғызқұмалақ ойынын ойнайды. Ойын ойнау кезінде, тұздық қоя алады кейбір тактикалық тәсілдерді шеше алады. |
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы
15минут
|
Сәлеметсіздерме, оқушылар! Сәлеметсізбе, ағай!
Дайындық бөлімі: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Тоғызқұмалақ ойыны қашан пайда болды? Неліктен “Қойшылар алгебрасы” деп атаған? Қазақ өкілдерінен кімдер ойнаған? Тоғызқұмлақ спортшыларынан кімді танисың? Тоғызқұмалақ ойынын қай елдер ойнайды?
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады, бір-біріне сәттілік тілейді
|
ҚБ жүргізіліп отырады, берілген жаттығулардың дұрыс орындалуына
|
Интерактивті тақта, тоғызқұмалақ тақтасы
|
|
Сабақтың ортасы
25минут
|
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Рефлексия. Бүгін сендер нені үйренесіңдер? Сабақтың мақсаты қандай болмақ?
Ойынға қатысты ортамен, ойын ережесімен, тарихы мен құралдарымен таныстыру: Тоғызқұмалақ ойын ережесін түсіндіру және ойын ойнауды таныстыру.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты:
6.2.3.3.Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтай білу - Балалар сабақта ойынның ережесін біледі. - Балалар сабақта алған теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, тоғызқұмалақ ойынын ойнайды. - Ойын ойнау кезінде, тұздық қоя алады кейбір тактикалық тәсілдерді шеше алады.
Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек” Тоғызқұмалақ ойынының негізгі терминдері: • Құмалақ • Қазан • Отау • Бастаушы • Қостаушы • Тұздық • Атсырау
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған 81 құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны бастаушы, екінші жүріс жасаған ойыншыны қостаушы деп атайды. Тоғызқұмалақ ойынына сәйкес қауіпсіздік сақтау ережелерімен таныстыруы: Тәртіпті сақтау. Бір-бірін итермеу. Ойын барысында құмалақтарды шашпау.
Тапсырма №1. Оқушыларды топқа бөлу Оқушыларды топқа бөлу I топ II топ Бастаушы топ Қостаушы топ
Тапсырма №2 Электронды ресурс «Screen Mirror» Орындау барысы. ҚБ. Бақылау ТРефлексия. Игерген әдіспен екі жақты ойын: Тоғызқұмалақ ойыны Тапсырма №3. «Көшбасшы» ойыны Сабақты қорытындылау. Алған білімдерін тексеру Орындау барысы. Топтық талқылау. «Миға шабуыл» әдісі ҚБ. Бақылау, кері байланыс. Сыныппен талқылау. Оқушылар сұраққа қандай жауаптар бергендігін талқылайды.
|
Мұғалімнің қойған сұрақтарын мұқият тыңдап,жауап беру. Тақырыпты ашып, танысады
Оқушылар ойынның ойналу ретін көреді
Тоғызқұмалақ ережесімен, шығу тарихымен танысады
Оқушылар екі топқа бөлініп тоғызқұмалақ ойынын ойнайды
Оқушылар ойын ойнайды. Жасырылған сұрақтарға жауап береді |
ҚБ жүргізіліп отырады, жауап берілген әрбір сұрақтың дұрыс жауабына
ҚБ жүргізіліп отырады
ҚБ жүргізіліп отырады
ҚБ жүргізіліп отырады
ҚБ жүргізіліп отырады |
Интерактивті тақта
Презентация
Презентация, ойын тақтасы
Презентация, ойын тақтасы
Презентация, ойын тақтасы |
|
Сабақтың соңы 5 минут
|
Рефлексия « Ой жинақтау» 1,5 минуттай уақыт беріледі. Оқушыларға түрлі түсті карточкалар таратылады. Үйге тапсырма беру. Тоғызқұмалақ ойын ережелері
|
Оқушылар карточкаларға жауап береді
|
Кері байланыс жүргізіледі
|
Карточкалар, көрнекіліктер |
1. ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Тақтаның жалпы құрылысы төмендегідей:

Бұл жерде - №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 №8 №9 - отаулар
Берілген диаграммада бастаушының отаулары төменгіжағында, ал қазандағы құмалақтар саны жоғарғыжағында орналасқан.
Жүріс жасау ерекшеліктері
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесеқарсыластардың келісімімен анықталады.
1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.
Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.
Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.
2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.
Тұздық алу ережесі
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.
4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.
Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.
Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.
5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды.
Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.
“Атсырау” ережесі
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.
8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:
Осы тақтадағы жағдайда жүріс қостаушыдан. Ол №9 отаудағы 3 құмалағын таратады.
Өз кезегінде бастаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Қостаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады.
Бастаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 6 отаудағы 2 құмалақтың бірін орнына қалдырып екіншісін 7 отауға көшіреді. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:
Осы жағдайда бастаушы отауларындағы барлық құмалақтарды (23құмалақты) қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.
Есеп 88-74, бастаушы ұтты.
9.Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.
Егер ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса ойын бірден тоқтатылады.
Тоғызқұмалақ отауларының аталу себептері
Тоғызқұмалақ ойынында 18 отау бар. Бұл
отаулар екі жаққа тоғыз-тоғыздан бөлінген.
Ойыншының бірінің тоғыз отауына берілген атау
екінші жақтың да отауларының аты болып табылады.
Калах ойынында отауларға реттік нөмірлеу қойылса, ұлттық
ойындағы отау аттары ұзақ жылдар ойнаған шебер
ойыншылардың тәжірибесіне сүйеніп қойылған. Әрбір отау
атын ойлап тапқан ойыншының аты белгісіз
болғанымен, бабаларымыздың бұл қойған аттарынан ойынды
терең меңгергені байқалады.
Тоғызқұмалақ ойынындағы отау аттары қазіргі кезде төмендегіше
аталады:
№ 9 отау – маңдай
№ 8 отау – көкмойын
№ 7 отау – қандықақпан
№ 6 отау – белбасар
№ 5 отау – бел
№ 4 отау – атсыратар
№ 3 отау – атөтпес
№ 2 отау – тектұрмас
№ 1 отау – арт.
Бұл отаулар тоғызқұмалақ ойынынан хабарсыз жандар үшін ешқандай
мәнге ие емес, ал шебер ойыншылар үшін түрлі жорамалдар жасауға
негіздейді.
Көрнекті түрколог С.Аманжолов отау атаулары және олардың ойын
барысындағы қызметі туралы: “1. Солдан оңғай қарай 1-отауды
“Құйрық” я “Арт” дейді. Себебі, ондағы құмалақтар көпке дейін
өзгермей, түгел қалып
отырады.
2-отауды – “Тектұрмас” дейді.
Себебі жүріс көбінесе осы
отаудан басталады.
3-отауды “Атөтпес” дейді. Оның себебі, қарсы жақтың аты бұған
түспей кете алмайды.
4-отауды “Жаман үй” дейді. Себебі қарсы жақтың адамы бұл жерден
үнемі жеп отырады.
5-отауды “Бел” дейді. Бұл екі орталық аса қауіпті емес.
6-отауды “Сары дала” дейді. Себебі бұл жүріске де, “тұздық” алуға
да ыңғайлы жер.
7-отауды “Қосан жылаған” дейді. Оның себебі – бұрынғы заманда Қосан
деген ойыншыны тағы бір ойыншы дәл осы 7-отауда әлденеше рет
“тұздыққа” отырғызыпты, соған ыза болып жылапты-мыс.
8-отауды “Көкмойын” дейді. Себебі мұнда да көптен-көп “тұздық”
алынатын көрінеді және бұл жерге көп құмалақ жиналып қала
береді.
9-отауды “Аққасқа” дейді. Себебі, бұл шұңқырда құмалақ көп жатады.
Ойыншы бұл отаудан өз құмалағын шығарса-ақ, қарсы жақтың отауына
түседі, бірден оған аттап түсу ойыншыға пайдалы болмайды. Өзін
жауып кетіп барып жүрсе, әрине, тиімді болады”[3], –
дейді.
Ал Т.Сұлтанбеков болса: “Отау аттары кездейсоқ қойылмаған. Мәселен,
ойынның алды және арты болады. Алды тоғызыншы отау – Маңдай,
Арты – бірінші отау, екінші отаудың Тектұрмас аталуының себебі
– онда құмалақ көп жатпайды. Бұл отау – қарсы жақтың шабуыл
объектісінің бірі. Оған көбінесе “тұздық” жасалу қаупі туып отырады
(тұздық дегеніміз – отау беру, яғни сол отаудан айырылып
қалу). Үшінші отау – Ат өтпес. Бұлай аталу себебі бұл
отаудан – ат, яғни құмалақ ешқашан айырылмайды. Төртінші отау
– Атсыратар (жүрістің, құмалақтың таусылуы).Бұл отаудың
атсыратар болып аталуының себебі – ойын аяғы осы отаудан
басталғанда, құмалақ тез таусылады. Сол сияқты ойын басында осы
алғашқы үш отаудан ойын бастаған ойыншы да жүрісі таралып, тез
атсырауға түседі. Бесінші отау – бел. Нағыз орта
болғандықтан, бел деп аталады. Алтыншы отау –
Белбасар. Белбасар аталуының себебі – ойын басында бұл отаудың
құмалағы қарсы жақтың беліне дәл жетіп жатады. Жетінші отау –
Қандықақпан. Көбінесе есептен жаңылдыратын қауіпті отау. Бұл
отаудың “тұздығы” позицияда үлкен осалдық тудырады. Сегізінші
отау – Көкмойын. Қандықақпаннан кейінгі осал жер. Бұдан да
“тұздық” беру аса қауіпті. Кейбір ойыншылар бұл отауды алқым деп
атайды. Тоғызыншы отау – Маңдай.Бұл отаудың өзіндік қасиеті
басқа отаулардан ерекше, яғни бұдан “тұздық” алынбайды” – дейді.
Шыныда бұл тұжырымдар ойынның өзіндік заңдылықтарынан алынып отыр.
Бірақ ойындағы отау аттарын басқаша қарастыратындар да кездеседі.
Мәселен, кентаулық шебер Т.Құдияров тоғызқұмалақты әскери ойынға
жатқызып, осы отаулардың орналасу ретіне өзгеше көзқарас
ұстанады.
Яғни ойындағы 9 отау – белгілі бір мемлекеттің көшпенділер үшін
қағанаттың құрылымы. Мәселен, № 1 отау – жаяу әскер. Бұл отаудағы
құмалақ бірден жойылып отырады. № 2 отау – шекара. Бұл отаудағы
құмалақ үнемі шабуылға ұшырайды. № 3 отау – қорған. Бұл отаудан
аттап өту үшін қосымша күштер /құмалақтар/ керек. Алдындағы қос
отауда құмалақ бір-бірден жатса, қорғаннан аттай алмайды. № 4 отау
– штаб. Артқы және алдыңғы шепті байланыстырады. № 5 отау – уәзір
орны. № 6 отау – мұрагер (ханзада) орны. № 7 отау – ханның сарайы.
№ 8 отау – қор-қазына. Барлық дүние-мүлік, байлық осы орында
сақталады. № 9 отау – халық мекендейтін орын. Бұл отаудан тұздық
алынбайды
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлттық ойындар

шағым қалдыра аласыз