Материалдар / Ұлттық ойындар - ХАЛЫҚ МҰРАСЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық ойындар - ХАЛЫҚ МҰРАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
бАЯНДАМА ТҮРІНДЕ НЕМЕСЕ ТӘРБИЕ САҒАТЫ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұлттық ойындар – халық мұрасы

Қазақ халқы ерте заманнан-ақ ұлттық құндылық пен дәстүрімізді сақтап, бүгінгі күнге дейін сақталып келеді. Солардың бір парасы ұлттық ойындар. Ұлттық ойын – қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, асыл мұрамыз.  

Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Бұл туралы ғалымдар өздерінің пікірі мен пайымын ортаға салған. Соның ішінде  тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тараған. Сонымен қатар бұл ойын түрлері адамның шапшаңдығы мен санасының ілгерілеуін қалыптастырады.

«Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен», Ахмет Жүнісов деп пікір білдіреді.

Жоғарыда айтылғандай, біздің қазақ халқына тән қонақжайлылық пен  адамгершілік қасиеттің басым болуы, барлық жағынан дәріптеліп, қанымызға сіңгендіктен бүгінгі күнге дейін жанымызбен бірге жасасып келеді.

    Ойын түрлеріне тоқталып көрелік:

Төрт-түлікке байланысты ұлттық ойын түрлері:

  • аларман (қойға қасқыр шапты),

  • асау көк

  • бура-қотан

  • көксиыр

  • соқыр-теке

  • түйе мен бота

Зеректілікті, ақылдыққа  ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар:

Айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.

Аңға байланысты ойындар:

  • ақсерек-көксе-рек

  • аңшылар

  • аңшылар мен қояндар

  • кірпіше қарғу

  • қас-құлақ

  • ордағы қасқыр.

Әр ойынның өзіндік заңдылығы мен ережесі бар. Сонымен қатар тәрбиелік мәні мен баланың дамуына деген зор ықпалын тигізетін пайдалы тұстары ұшан теңіз десек болады. Себебі, егер бүгінгі күні сабақ барысында қолдана отырып, білім берсек балада үлкен ой және бағыт қалыптасады. Оқушы біріншіден өз ойын ашық айтып, қазақи құндылықтарымызбен одан әрі сусындай түспек.

Өзінің құндылығын жоймай әсіресе Наурыз тойлап, ел арасында ұлттық ойындардан сайыстар өткізіледі. Бүгінгі күнге дейін сақталып, өзінің қадірін жоймаған ойын түрлерін тағы да атап өтелік:

   «Соқыртеке». Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шы-ғарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді.

Теңге алу.

Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.

Қыз қуу.

Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстан-да қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені

Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары.

-Кәне, олай болса біз де осы ойынды ойнап көрейік.

Жылға дер ем ақпайды

Жылан дер ем шақпайды (Арқан)

Алты аяқты, төрт көзді

Екі ауызды, бір сөзді

Ынтымақты ел кезді ( Ат мінген адам)

Көліксіз өмір сүрмейді

Ғұмыры жаяу жүрмейді (Ер тоқым)

-10-ға толған батырмыз

 Ұзарады ойымыз

 Толысады ойымыз

 Кел,кәнекей,келіңдер

  Жалғасады ойынымыз- дей отырып  ойын ережесімен таныстыруды жалғастырайық

-Абылай,қандай ойын түрімен таныстырасың?

-Нұрай балаларды қандай ойынға шақырасың?

-Ақниет,қандай ойын түрімен таныстырасың?

-Меруерт ,қандай ұлттық ойынмен таныстырасың?

-Нұрлыбек ,балаларды қандай ойын ойнауға шақырасың?

-Бүгін ,міне, ойын ережесімен танысып, сол ойындарды ойнай отырып,

        Біздер шымыр,жүйрік те

        Ойынменен шынықтық

        Еп қана емес бірлік те

        Керек екен соны ұқтық-деп айтымыз келеді,

Қорытынды сөз: Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!