|
ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ. |
|
Қалымова Н.Қ Ойын-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бала болар ма?» -деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, естіу, сезу қабілеттерін, зейіндік пен тапқырлықтарын дамытады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады.Сөйлесе жүріп балалар өзара пікірлесіп, әсер алысады. Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп - өну, даму көзі – оның тамыры, адам баласының санасының даму көзі – оның тілі. Тамырсыз өсімдік атаулы көктемейді, ана тілінсіз ұрпақ жетілмейді. Балалардың қалыптасуына әсер ететін фактордың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты – халықтың ұлттық ойындары. Ойын – балалардың негізгі іс - әрекеті. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым – қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысады. Ойын баланың жан – жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл – қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым – қатынасын реттеуге негіз болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, дененің шынығуын қажет етеді. «Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Ұшты-ұшты» сияқты ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тәжірибесін кеңейту, ептілік қабілеттерін жетілдіруге өз әсерін тигізеді. «Халық айтса қалт айтпайды» демекші тәрбие басын тал бесіктен бастағанның өзі де еліміздің ертеңін ойлаған яғни, атадан балаға жалғасып келе жатқан әдет-ғұрпымызды, салт-дәстірімізді, тілімізді, дінімізді қадірлеуді балаға сәби кезінен қалыптастырған жөн. Балаларға ұлттық ойындарды үйрету арқылы оларды әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеумен қатар, адамгершілік қасиеттері де дамиды. Көпшілік балалардың кейбір «р, л, с, ш» сияқты дыбыстарды айтуға тілдері еркін келе бермейді. Бұл жерде жаңылтпаш – ойындарды пайдаланудың мәні зор. Жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйренеді. Баланың тіліне, оның әрбір сөздеріне мән беріп, оларды дұрыс сөйлеуге бағыттайды. Баланы халық жас кезінен бастап, анық сөйлеуге үйретуді мақсат еткен. Балалардың көбінесе дұрыс айта алмайтын дыбысы «р»-ның орнына «и» немесе «л» дыбыстарын қолданады. «Р» дыбысын дұрыс айтуға балаларды жаттықтыру мақсатында «Тайқарбай» деген жаңылтпашты ойын ретінде қолданған. Ай, Тайқарбай, Малыңды жадырағаЖай, Тайқарбай.Ай, Тайқарбай дегеніңҚай Тайқарбай.-деген жаңылтпашты айтқызу арқылы «р» дыбысының дұрыс айтылуын қадағалаған. Бұл сонымен қатар, сөздерді бұрмалап айтпау үшін де ойын айқын, дәл сөйлеуге жаттықтырады. Жаңылтпаштардың әрбір сөйлемінде баланың тілі келіңкіремейтін дыбысының әлденеше рет келуін де қарастырған.Мысалы:Арықтан су сылдырап ағадыСылдырап ағады,Сылдырап ағып,Сылдырмаға барады. Қара қарғаларғаАла қарғалар үйір,Ала қарғаларға Қара қарғалар үйір. Енді, ата-аналардың баланың тілін дамытуды ұлттық ойын арқылы қалай жүргізуге болатындығына тоқталып өтсек. Мысалы: бәрімізге белгілі асық ойыны арқылы, анасы (әкесі) асықты шиырып – «Көктем келді», - деп сөйлемді бастайды. Ал, баласы асықты шиыру арқылы «Қар ериді», - деп жалғастырады. Әрі қарай «Жылғалардан су ағады», «Құстар жылы жақтан ұшып келеді», «Ағаштар бүршік жарады», т.б. сөйлемдермен шағын мәтін құрады және баланың саусақ қимылдарымен қатар, сөздік қоры толығып, сөйлеу тілі дамиды. Тағы сол сияқты тізілген асықтарды атып, тигізе алмаған жағдайда жаңылтпаш айтқызу арқылы баланы қызықтыра отырып, тілін дамытады. «Ұшты-ұшты» ойынын алсақ, балаға әрдайым басшы, жүргізушінің міндетін атқару ұнайды. Бала ойында жүргізуші болып, ата-ана баласының қате айтқан сөздеріне мән беріп, қадағалап отырады. «Түйілген орамал» ойыны арқылы ата-ана мен бала жұмбақ жасырып ойнауға болады. Анасы жұмбақ жасырып балаға түйілген орамалды лақтырады. Бала орамалды қағып алып, жұмбақтың шешуін тауып, кейін ары қарай жұмбақ жасырады. Сонымен қатар бұл ойынды қарама-қарсы сөздер айту арқылы да жүргізуге болады: «Үлкен-кіші, жуан-жіңішке, биік-аласа, т.с.с.»
«Бес тас» ойынында ұсақ тастар немесе тиындарды алуға болады. Бала тастарды алақанына алып, жоғары қарай лақтырады да, кейін қарай алақан сыртымен ұтып алады. Ұтып алған тасты жерге түсірмей, шашылған тастарды аса ептілікпен жинау керек. Әр тасты алған сайын бір дыбыстан басталатын яғни, баланың тілі келіңкіремейтін дыбысты жаттықтыру мақсатында, сөздерді айтқызу керек. Мысалы: радио, рәміз, риза, рақмет, т.б. немесе шөп, шағала, шыбын, шана, т.с.с.Бұл ойындар баланың сөйлеу тілін, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамытып, оны ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелейді. Қорыта айтар болсақ, адамгершілік, бауырмалдық, туыстық қасиеттерді басшылыққа ала отырып, үлкен мен кіші, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастық нығайып, баланың халықтық тәлім-тәрбиеден нәр алғанының айғағы болмақ. Әдебиеттер:
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту

шағым қалдыра аласыз