Ұлттық ойындар: «Асық ату», «Бес табан» ойындары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық ойындар: «Асық ату», «Бес табан» ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінде «Жас сарбаз» үйірмесінің жетекшісі Е. Жалимбетов жүргізуімен үйірме оқушыларына «Асық ату» ойынын өткізудегі мақсаты: Ұлтымыздың ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, ойын туралы түсінік беріп қызығушылықтарын ояту. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергенділікке, ептілікке, жеңіске, деген құштарлыққа әділдікке, ұлтымыздың құндылықтарын құрметтеуге баулу. Білім алушылардың рухани – адамгершілік мәдениетін,эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау,елдің мәдени мұрасын сақтау ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында Ұлттық ойындар – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиялы мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. Асықты нысанаға алғанда қан тамырларының жұмысы жақсарады, ал қолға ұстап иірг
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі МКҚК













Ұлттық ойындар:

«Асық ату», «Бес табан» ойындары





Үйірме: Жас сарбаз

Үйірме жетекшісі: Жалимбетов Еркебулан Тагыбергенович





















Қызылорда, 2024 жыл



Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйі МКҚК

Өткізілетін күні: 30- сәуір, 2024 жылы

Қатысушылар: «Жас сарбаз» үйірмесінің оқушылары

Үйірме жетекшісі: Е.Т. Жалимбетов

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойындар», «Асық ату», «Бес табан» ойыны


Қызылорда қаласының оқушылар мен жасөспірімдер үйінде «Жас сарбаз» үйірмесінің жетекшісі Е. Жалимбетов жүргізуімен үйірме оқушыларына «Асық ату» ойынын өткізудегі мақсаты: Ұлтымыздың ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, ойын туралы түсінік беріп қызығушылықтарын ояту. Асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, мергенділікке, ептілікке, жеңіске, деген құштарлыққа әділдікке, ұлтымыздың құндылықтарын құрметтеуге баулу. Білім алушылардың рухани – адамгершілік мәдениетін,эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау,елдің мәдени мұрасын сақтау ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында Ұлттық ойындар – тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиялы мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Асық ойыны баланың жүйке-жүйесін қалыптастырады, ой-өрісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозғалысын дәлдікке ептейді, көздің көру қабілетін арттырады. Асықты нысанаға алғанда қан тамырларының жұмысы жақсарады, ал қолға ұстап иіргенде, саусақ пен алақандағы жүйке нүктелері үйкеліске түсіп, ми тынығады. Асық ойыны – қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асықты далада, алаңда ойнайды. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ, шыдамды болып келеді. Халқымыз «Қой асығы демей-ақ, қолыңа түссе сақа тұт», «Асығың алшысынан түссін» деп мақалдап сөйлеуінде асық ойынының қазақ мәдениетіндегі өзіндік орнын байқатады. Асықтың: алшы, тәйке, бүк, шік, омпа, шоңқа деген түрлері болады. Оның ішінде алшыны өте жоғары бағалаған. Өмірде жолы болған дәулетті адамдарды «Асығы алшысынан түсіп тұр» деп айтады. Жақсы көрген жас буынға «алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр бол» деп сипаттау тегіннен тегін туындамаған. Өйткені осы ойын арқылы бабаларымыз жас ұрпақты жастайынан жүйке жүйесін шыңдауға, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдыққа, төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеген. Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңның санының орта тұсында орналасқан асық жіліктен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда,

Сақа – асықтың үлкен әрі шымыр түрі. Бұл асық жеткен еркек қойдан немесе қошқар-текеден алынады.

Кеней – көпшілік ойнауға арналған қарапайым асықтар.

Шүкейт – жас малдың асығы.

Қойлық – қойдың асығы.

Ешкімек – ешкінің асығы.

Құлжа – құлжаның асығы.

Көктабан – қорғасын құйылған салмақты сақа асық.

Топай – сиырдың асығы.

Жабай – ірі асықты айтады.



Бұл ойынның Кеңес заманында шектеулі болып ұмытылып, бүгінгі таңда қайтадан түлеп, мемлекет қолдауына ие болып отырғаны – үлкен жетістік. Атап айтқанда, елімізде асық атудан жарыстар ел біріншіліктері өтуде. Әйтсе де, бұл ұлттық ойынымыз бұқаралық деңгейде дамымай отыр. Сондықтан болар, ұлт жанашырлары бұл ойынның кең көлемде дамуына зейін танытуда. Ұлттық ойынды насихаттауОйын арнайы орынды талғамайды, үй ішінде, ашық алаңдарда, мектеп, балабақша аулаларында өткізуге болады.Үйірме оқушылары өте белсенді болды.


«Бес табан» ойыны


Бес табан ойыны мергендікке тәрбиелеуді көздейді. «Бес табан» ойыны R4 (ø400см) шеңберде ойналады, шеңбердің екі жағындағы ату сызық (асық тігілген көнен қашықтығы 5 метр оңға және солға) сызылады. Шеңбердің ортасына көн сызығы (115см) сызылады және оған екі жағынан паралелль сызық (15см) түседі 13 асық тігіледі, бірінші болып 7 асықты атып алған команда немесе ойыншы жеңімпаз атанады. Әр команда үш ойыншыдан тұрады. 1-сақа, 2-сақа, 3-сақа Ату кезеңін төреші сақаларды иіру арқылы анықтайды және ойын уақытын 15 минут белгілейді. Ойын 2 жеңіске дейін жалғасады. Ойынға қатысушылар ату сызығынан (115см) кезек бойынша шеңбер ішіндегі көндегі асықтарды атады. Мұнда көнге тігілген кеней асықтардың арасы бір сақа тең болуы шарт және кенейлер алшысы жағынан бүк, шік болып тігіледі. Ату кезінде сақа тиген кеней асық шеңбер сызығынан өтуге міндетті, егер асықты сызықтан шығарып алса ойыншыға мүмкіндік береді, төреші ойыншыға шеңбердің (ø400см) сыртынан яғни белгіленген ортадағы сызықтан көндегі кеней асықтарды атуға рұқсат береді, атқан асығы шеңберден шықса, ойын ары жалғасын табады, шығара алмаса кезек ату сызығынан қарсылас ойыншыға беріледі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.04.2025
227
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі