Ұлттық ойындардың пайдасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық ойындардың пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық ойындарына тоқталу мақсатында олардың ерекшеліктері мен балалар денсаулығына пайдалылығын айтып,одан әрі ұлттық ойындармен балалардың шұғылдануына үлес қосу мақсатында шаралар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық ойындардың пайдасы.

Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген құштарлығын арттырып, салаутты өмір салтын қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері: 1) дене жаттығулары арқылы оқушы денсаулығын қалыптастыру;

2) Сабақтарда оқушы белсенділігін арттыру үшін ұлттық ойындардың түрлерін пайдалану;

3) Сабақ барысында ұлттық ойындарды пайдалана отырып оқушылардың ой – өрісін дамыту, ұлттық салт-дәстүр негізінде тәрбиелеу.

Елбасымыз «Дене тәрбиесі, спорт түрлерін дамыту» туралы заңға қол қойғанына бірнеше жыл болды. Бұл үкіметіміздің ұрпақ денсаулығын нығайтуға қатты көңіл бөліп отырғандығының белгісі. Денсаулық туралы өздерің айтқан мақал-мәтелдердің өзінен үлкен тәрбие алдыңдар.Нашақорлық пен темекі, әр түрлі жұқпалы аурулар, олардан сақтанудың жолдарын біледі екенсіңдер. Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, қоғамымызға пайдалы, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін.

Дене тәрбиесінің мақсаты денсаулығы, рухы сергек, Отанын қорғайтын және ұзақ шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Халықтың ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан тәрбиелік маңызы аса жоғары әрі құнды, ұлт ойындарын пайдамызға асыру – бүгінгі ұрпақ міндеті.



ДDrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1 енсаулық әліппесі



Табиғи күш Дене шынықтыру Тамақ Тазалық



(Денсаулық әліппесі тірексызбасымен жұмыс.)

Табиғи күш: күн, таза ауа, су.

Дене шынықтыру: спорттық және ұлттық ойындар.

Тамақ: сүт тағамдары, жеміс-жидектер, көкөністер, шипалы сулар.

Тазалық: жеке бас тазалығын еске түсіру.



Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге келіп жеткен, өткен мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұшқын береді. Сонымен қатар ойын тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпін.

Ұлттық ойындар түрлі себептерге байланысты пайда болып отырған. Мәселен, «Аңшылар» ойындарында аңды жан-жақты қоршап аулау, топталып іздеу, жасырыну, қуу, қалай қолға түсіру анық бой көрсетсе, «Дауысынан біл», «Шұқыма» ойындарының далада із кесу, түрлі дыбысты ажырата білу мақсатында пайда болғандығы байқалады. Ойындардың енді бір тобы көшпелі тайпалардың өзара қақтығыстарын, жаугершілік дәуірінің бітімін, рулық қауымның жол-жоралғысын өзінше қайталайды. Олардың қатарына «Теңге ілу», «Қыз қуу», «Ат үстіндегі тартыс», т.б. іс-әрекет ойындарын жатқызуға болады.Балаларды ептілікке, тапқырлыққа баулитын, отырып та, қозғалып та, жүріп те ойнайтын түрлері аса көп.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
964
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі