ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕК - КӨРКЕМ
ЕҢБЕК САБАҒЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

Төлеу Әйгерім
Қаныбекқызы
Педагог-
модератор
Алматы облысы, Балқаш
ауданы, Көктал ауылы
«Ә.Ахметов атындағы орта
мектебі МДШО» МКМ
«Көркем еңбек» пәні
мұғалімі
Түйіндеме:
Бұл мақалада қазақтың
ұлттық ою-өрнектерінің көркем еңбек сабағындағы орны мен маңызы,
олардың тәрбиелік, рухани, танымдық рөлі сөз болады. Осы мақала
арқылы ұлттық өнер элементтерін оқу үдерісіне кіріктіру арқылы
оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін,
патриоттық сана-сезімін дамыту мәселесі қарастырылады. Көркем еңбек
сабағында ұлттық ою-өрнектерді қолдану арқылы оқушылардың
еңбекқорлық пен шығармашылық қабілеттерін дамытуға болатынын айтқым
келеді.
Қазақ халқының мәдени мұрасы -
ұлттық болмыстың көрінісі. Соның ішінде ою-өрнек өнері -
ата-бабаларымыздың дүниетанымы мен көркемдік ойлауының шоғырланған
бейнесі. Ою-өрнек тек сәндік үлгі ғана емес, ол - халықтың тарихы,
философиясы, рухани болмысы. Көркем еңбек сабағы - оқушыны ұлттық
мәдениетке баулудың маңызды алаңы. Осы пән арқылы оқушыларға ұлттық
ою-өрнектердің мәні мен мазмұнын таныту - тәрбиелік, танымдық және
эстетикалық маңызы зор міндет.
Қазіргі білім беру жүйесі
ұлттық құндылықтарды меңгерген, эстетикалық және рухани тұрғыда
кемелденген тұлға қалыптастыруды көздейді. Осы тұрғыдан алғанда,
көркем еңбек пәні - оқушыны еңбекке баулумен қатар, ұлттық мәдени
мұрамен сусындататын маңызды білім саласы. Қазақ халқының ғасырлар
бойы қалыптасқан көркемдік ойлау жүйесінің бірегей көрінісі -
ұлттық ою-өрнек өнері. Бұл өнер түрі - тек сәндік сипаттағы элемент
емес, ол - халықтың дүниетанымын, рухани болмысын, табиғатқа,
қоғамға, өмірге көзқарасын бейнелейтін тұтас мәдени
жүйе.
Қазақ халқының мәдениеті мен
өнері - терең ойдың, биік талғам мен өмірлік тәжірибенің көрінісі.
Сол мәдениеттің ең жарқын үлгілерінің бірі - ұлттық ою-өрнектер.
Олар тек әшекей, сән үшін қолданылатын суреттер ғана емес, ұрпаққа
тәлім-тәрбие беретін рухани құрал болып
табылады.
Ою-өрнек - ұлттық
мәдениеттің коды. Қазақтың ою-өрнектері ежелден
тұрмыстық заттарда, киіз үйдің жиһаздарында, киім-кешектерде,
қару-жарақта кеңінен қолданылған. Әрбір өрнектің өзіндік мағынасы
бар. Мысалы, «қошқар
мүйіз» - байлық пен
берекенің, «түйе
табан» - төзімділіктің белгісі.
Оқушылар бұл символдар арқылы ата-баба дүниетанымына терең бойлап,
тарихи сабақтастықты сезінеді.
Қазақтың ою-өрнек өнері -
ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік дәстүрдің ажырамас бөлігі. Киіз
үйдің ішкі-сыртқы жабдықтарынан бастап, тұрмыстық бұйымдар, киім
үлгілері, зергерлік және ағаш өнеріне дейін ою-өрнектер кеңінен
қолданылған. Бұл өрнектер тек көркем безендіру ғана емес, терең
мағынасы бар символдар жүйесі ретінде қызмет
етеді.
Ата-бабаларымыз бала
тәрбиесінде сөзбен ғана емес, өнер арқылы да үлгі берген. Киіз үй
жабдықтарындағы, киімдер мен бұйымдардағы әрбір өрнек белгілі бір
ұғым мен өнегені білдірген. Бұл арқылы жас
ұрпақ:
«Қошқар
мүйіз» - молшылық пен бірліктің
белгісі. Үйдегі сырмаққа бұл өрнек салынса, ол сол отбасының
берекелі болсын деген тілектен туған.
«Тұмарша» - жамандықтан сақтайды деп
сенген. Бұл ұғым баланың санасына жақсылық пен жамандықты ажырата
білуді үйреткен.
«Құс қанаты»,
«ирек» тәрізді өрнектер - еркіндікке,
өмір жолының күрделілігіне меңзейді. Бір қарағанда тек сәндік бейне
секілді көрінетін өрнектердің астарында тарих, тәрбие және таным
жатыр.
Ұлттық оюлар - ұлттың өткенін
ұрпаққа танытатын көркемдік тіл, ал оны оқу үдерісіне енгізу -
оқушының ұлттық болмысын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Көркем еңбек сабағы тек қолөнерді үйретумен шектелмей, ұлт болмысын
ұғындырудың тиімді құралына айналуы керек. Сабақ барысында ою-өрнек
тарихын, атаулары мен мағынасын түсіндіру, ұлттық бұйымдарды жасау
арқылы оқушыларда мәдени мұраға құрмет, ұқыптылық пен шеберлік,
шыдамдылық сынды қасиеттер қалыптасады. Көркем еңбек сабағы
оқушының қол еңбегіне бейімділігін арттырумен шектелмейді. Ол
тұлғаның эстетикалық, мәдени және рухани дамуына зор ықпал етеді.
Ұлттық ою-өрнек элементтерін сабақты жоспарлау мен орындау
барысында қолдану мынадай мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік
береді:
-
оқушылардың ұлттық мәдениетке
деген қызығушылығын ояту;
-
ата-баба өнерін құрметтеуге
тәрбиелеу;
-
шығармашылық ойлау дағдыларын
жетілдіру;
-
еңбекке, ұқыптылық пен
төзімділікке баулу.
Ою-өрнекпен жұмыс істеу –
баланың елдік сана-сезімін қалыптастырудың тиімді тетігі. Ол тек
көркем бейнелерді көшіру емес, халық даналығын, эстетикалық
талғамын ұғынуға бастайтын үрдіс.
Ұлттық ою- өрнектерді сабақ
барысында қоланудың тәрбиелік
мүмкіндіктері
Ою-өрнек арқылы тәрбиелеу -
тек көркем өнер саласы емес, бұл - ұлттық тәрбие негізі. Оқушы
белгілі бір бұйымды ұлттық ою-өрнекпен әшекейлеу барысында өз
халқының тарихын, тұрмыс-салтын, рухани құндылықтарын бойына
сіңіреді. Бұл өз кезегінде жеке тұлғаның ұлттық болмысын
қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұлттық ою-өрнектермен жұмыс
істеу барысында оқушылар:
-
эстетикалық талғамын
дамытады;
-
ұлттық рухқа, отансүйгіштікке
тәрбиеленеді;
-
ұқыптылық пен еңбек
сүйгіштікке дағдыланады;
-
шығармашылық ойлау қабілетін
жетілдіреді.
Сабақта ұлттық мазмұнды
тиімді қолдану әдістемесі
Ұлттық мазмұнды көркем еңбек
сабағына енгізудің бірнеше тиімді тәсілі бар.
Мысалы:
-
ұлттық өрнектердің түрлері мен
мағынасын түсіндіру арқылы теориялық білім
беру;
-
ою-өрнек элементтері негізінде
қолданбалы бұйымдар жасау;
-
ұлттық нақыштағы жобалық
жұмыстар ұйымдастыру;
-
шығармашылық шеберхана
сабақтарын өткізу.
Мысалды сабақ
элементі:
Тақырып: «Қошқар мүйіз» өрнегін қолдана
отырып панно жасау
Мақсаты: Оқушыларға ұлттық оюдың
құрылымын меңгерту, көркем талғам мен шығармашылық қабілетін
дамыту
Жұмыс
түрі: Жеке шығармашылық
жоба
Бағалау
өлшемі: Ұқыптылық, эстетика, ұлттық
нақыштың сақталуы, идеялық тұтастық.
Осы бағыттағы сабақтар
оқушының өмірлік ұстанымына оң ықпал етеді. Себебі әрбір ұлттық
өрнек - өткен мен бүгіннің арасындағы алтын көпір, ал оны тану -
рухани тұтастыққа қадам. Мұндай жұмыстар оқушылардың өз қолымен
ұлттық құндылықтарды жаңғыртуына мүмкіндік беріп, тәрбиелік ықпалын
күшейтеді.
Қорыта
айтқанда, бүгінде ұлттық өрнектер тек
қолөнерде емес, мектеп формаларында, сахналық киімдерде, тіпті
заманауи дизайнда да жиі қолданылады. Бұл - ұлттық тәрбие мен
эстетикалық талғамның үндесуі. Мұғалімдер мен ата-аналар балаларға
оюлардың мағынасын түсіндіру арқылы ұлттық болмыс пен рухани сана
қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұлттық ою-өрнектер -
халқымыздың көркем ойлау жүйесінің, өмірлік философиясының айнасы.
Ол ұрпақты тәрбиелеудің, мәдениетке баулудың, ұлтқа деген
сүйіспеншілікті оятудың үнсіз, бірақ өте әсерлі құралы. Сондықтан
ою-өрнектерді тек өнер ретінде емес, ұлттық тәрбие құралы ретінде
де бағалауымыз қажет.
Ұлттық ою-өрнекті көркем еңбек
сабағына енгізу - болашақ ұрпақтың ұлттық сана-сезімін оятудың,
рухани дүниесін байытудың тиімді жолы. Ою-өрнек өнері - оқушылардың
эстетикалық тәрбиесін арттырумен қатар, еңбекке баулудың,
шығармашылық қабілеттерін дамытудың, ұлттық болмысты танытудың
маңызды құралы. Осы бағыттағы жұмыс жүйелі әрі терең жүргізілсе,
білім беру ісінің тәрбиелік мүмкіндігі еселене түсері
сөзсіз.
Ұлттық ою-өрнек - көркемдік
мұра ғана емес, сонымен бірге, ұрпақ тәрбиесінің тиімді құралы.
Көркем еңбек сабағында осы мұраны тиімді пайдалану арқылы
оқушылардың ұлттық болмысын, көркемдік талғамын, еңбекке және
шығармашылыққа деген көзқарасын қалыптастыруға болады. Бұл - елдік
рухты жаңғыртудың, ұлт болашағын тәрбиелеудің сенімді
жолы.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Әуелбеков Қ. «Қазақтың
сәндік-қолданбалы өнері». – Алматы, 2004.
2. Мұқанова С. «Ұлттық
ою-өрнектердің тәрбиелік мәні». – Қазақ өнері журналы, №2,
2017.
3. Айдарова М. «Көркем еңбек
және ұлттық тәрбие». – Педагогика және өнер, №1,
2020.
4. Қазақ ұлттық
энциклопедиясы. – Алматы: 2005 ж.
5. Сыздықова А. «Ою-өрнек –
ұлттық код». – Мәдениет және өнер, 2021.
6. ҚР Білім және ғылым
министрлігі. Жалпы орта білім беру деңгейінің 5–9 сыныптарына
арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған оқу бағдарламасы. –
Астана, 2022.