Материалдар / Ұлттық ою өрнектің сыры
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлттық ою өрнектің сыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ою өрнектермен таныстыру. Оюдың әрбір атауының мәнін оқушыларға түсідіру. Және ою түрлерін қағаздан қиюды үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2019
1425
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнек сыры.

Сабақтың мақсаты: Оюдың түрлері, шығу тарихы туралы әңгімелеу. Ою-өрнек туралы мақал-мәтелдер жаттау. Сөздік қорын, дүниетанымын байыту.

Қазақтың ұлттық ою-өрнегімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге үйрету.

Дамытушылығы: қиындылардан ою құрастыру, алтын атау.

Шығармашылығы: ою киып, қиған оюдың отын айту.

Көрнекілік: буклеттер.

Сабақтың барысы: а) кіріспе

ә) ата-баба еліне саяхат

б) қорыту.

    1. Кіріспе.

"Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық" – дейді ғой халық даналығы. Қазақтың қолөнері де өзінің төлтума бітім қасиетімен, қөркемдік мән-мағынасымен шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Бабалардан қалған қандай өнер, қандай қазына бар? Оның бірі – ою-өрнек. Оларды жоғалтпай үйреніп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз. Ою-өрнек туралы, оның шығу тарихы білу үшін көнекөз қариялардан сұрап білейік.

Буклеттің бірінші бетінде әжейдің суреті.

"Қарты бар үйдің – қазынасы бар".

- Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген. М: үй мүліктерін, төсеніштерді, ұлттық киімдерді т.б. ою-өрнек қандай шыққан? Ою-бір нәрсенің пішінін ойып алу.

Қазақ жері от, суы мол жайылым қуып, кең сахарада көшіп, жүріп, жер-суының қадір қасиетін жетіп білген. Жайлы қоныс іздей жүріп, өсімдік қасиеті түсінігі бейнеленген. Оюдың қандай да бір бейнесінің, түсінің болмасын танымдық өзіндік мәні бар. М; көк түс аспанды бейнелесе, ақ түс – пәк тазалық, қуаныштың, бақыттың белгісі; күлгін түс – білімнің, даналықтың; қызыл түс – оттың, күннің белгісі; жасыл түс – жастық пен көктемніңмол байыптаған. Халқымыздың өлең-жырында, ән-күйінде, ою-өрнегінде аққудың әні, тоты құстың "тілі" жүретіні сондықтан. Ою-өрнектерде халық дүниетанымы, оның өзін қоршаған орта мен сұлулық туралы; қара түс – жердің, берекенің нышаны деген ұғымдары бар. Қандай өрнекті болмасын, адам баласы өзін қоршаған дүниеден алатыны ежелден мәлім. "Түйе оюы". Кисек – киіміміз, сатсақ – ақша, жесек – тағамымыз, ең ақыры баспана үйіміз болған мол қасиетін құрмет тұта білген қазақ оларды өз қолөнерінде ісмерлік еңбегінде (текемет, сырмақ, киіз, кілем бетінде өрнектелген) өнер туындысына айналдыра да білген. Жалпы мал бейнесін, оның тұяғы мен мүйізін суреттеу арқылы молшылықты, баршылықты бейнеленген. Түйенің ботасы қазақ халқы үшін сұлулықтың белгісі сияқты. Халқымыз ботадай сұлу, ерке (бала) болса екен деген тілекпен қыз есімін "Ботакөз" қоюы да тегін емес. Адам баласы өзі қоршаған табиғатты, түрлі құбылысты, тіпті жорғаланған, құрт-құмырсқаға шейін тамашалап, сырын білуге ұмтылған ғой. Ал біздің халқымыз салалардың да бір қылықтарын оюға пайдаланып отырған. Мәселен, "өркеш" оюмен бірге "тышқан ізі" тоқтыма басқұр, алашаларда жиірек кездеседі. Оюлард – мән-мақсатына қарай 4 топқа бөлінеді. Буклеттен көрсету, таныстыру "Әр оюдың сыры бар".

  1. Өсімдік тектес оюлар.

  2. Жан-жануарлар дүниесіне қатысты оюлар.

  3. Геомериялық оюлыр.

  4. Аспан әлеміне қатысты оюлар.

Тұйық оюы туралы буклеттен түсіндіру. Тұйық оюы қазақ халқының белгісі секілді болып кеткен.

"Ақ найзасы болмаса,

Ерді қайдан танырсың.

Ен таңбасы болмаса,

Малды қайдан танырсың" – деп атамыз қазақ айтқандай "Тұйық оюы" еліміздің көк байрағында да осы ою бейнеленген. Дәстүрлі ұғымымызда тұйық оюы бақынттың, достықтың, мәнгіліктің айғағы. Сондықтан да тұйық оюы ел қорғаған батырдың иығы мен қалқанына, дуалы ауыз билердің жауырын тұсына салынатын болған. "Айшабибі", "Өмір жолы", "Күн" оюы үзіліссіз жалғастыра салу "өмір жолы" оюы көрсетеді. Өміріңіз ұзақ болсын дегенді білдіреді.

- Міне, балалар, әжейдің ауылынан ою туралы көптеген мағлұмат білдік. Осындай өнерді ұмытпай қастерлеп бізге жеткізген шебер аналарға арнап бір ән жолдайық. "Анажан" әні, орындайтын Ғайни Сейтжанова.

ІІ. Жолда Тазша балаға кездестік. Үнтаспадан Тазша бала сөйлейді. – Балалар, ою-өрнек сабағына арнап бір ойын әкеле жатыр едім. Қане, ойнап көрейік. (Оюлардың аты жазылған карточкалар теріс қаратып салыныпты). Оқушылар әр оюды алып өз орнына тауып орналастырады. (Бүршік, Айшабибі, жұлдыз, қошқармүйіз, құсқанат, түйістабан, өмір жолы). Тазша бала үнтаспадан сөйлейді – Балалар, мен сендерді сынайын деп әдейі оюлардың орнына ауыстырдым. Бірақ сендер дұрыс таптыңдар. Мен осы оюларды өзімнің анамнан 2 жасымнан бастап үйрендім. Сонда болса керек, қандай оюды да көзімді жұмып тұрып қия аламын. Осындай өнерді бойыма ерте бастап сіңіргені үшін анама өмір бойы қарыздармын. Сендерден бір өтінішім Ана туралы бір ән орындап берсеңдер өте риза болар едім.

- Тазша баланың анасына арнап бір ән жолдайық. "Аяулы ана", орындайтын Индира Атырауова.

ІІІ. Қарт.

"Ауылыңда қартың болса,

Жазып қойған хатпен тең".

Қарт атамен амандасайық.

    • Ассалаумағалейкум.

    • Қарт ата немерелеріне айтайын деген ойын қағаз бетіне бір ауызсөзбен былай жазып қалдырыпты. Өнер туралы мақал-мәтелдерді түсіндіру.

"Өнерлі елден өнерлі бала туар".

"Өнерлі баланың он саусағы тең, өнерсіз баланың бір саусағы кем".

"Қыз еркем, кестесімен көркем, ұл еркем, өнерімен көркем".

"Алтын балдақ – қол сәні, әшекей, кесте – тон сәні".

"Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер".

"Балаңды өнерлі болсын десең, ұстаға қос".

"Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын".

IV. "Ою ойғанның ойы ұшқыр".

    • Қане, қандай ойы ұшқыр бала бар екен, соны көрейік. Әр балаға қағаз бен қайшы таратып беріледі. Өзінің білетін оюын қиып көрсетеді. Қиған оюының атын айтып береді. Жақсы ойған оқушыларды мадақтау.

    • Міне, балалар, әртүрлі ою ойдыңдар. Әр оюдың шығу тарихы әр түрлі. Біреуі ұшып бара жатқан құсты, біреуі түйенің табанын бейнелейді. Ал, мына сырмаққа қарасақ өзінде үлкен сыр бар екен.

"Сырмақ шерткен сыр" буклеттен сырмақтың оюын, түрлерін көрсету.

Ертеде бір әділ хан болыпты. Соның жарлығы бойынша қоластындағы елдің ою, өрнек, кесте, тоқыма, тігін, құйма өнерлерін меңгергені сонша, үйлерінің ішін-сырты, киім-кешектері, жиһаздары түгелдей оюланған, әсем де көрікті екен. Және олар бір-бірімен ою тілінде сөйлесе алатын болыпты. Сол себепті бұл ел басқарушысы Ою-хан аталып кетіпті. Жылдардың бір жылында бөтен елдің ханы соғыс ашып. Ою ханды орнынан алып, білікті өзі жүргізеді. Ол ескі салт, ежелгі өнердің бәрін жойып, жаңаша құрмақ болыпты. – Уа, хан кем! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс холмен кетіп бара жатырсыздеп жөн айтқанның да, айтпақ болғанның да, тіпті ондай адамдармен сыбайлас екен десендердің де көзін жол беріпті. Сондықтан да оны халық Жою хан деп атапты.

Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолыңдағы аң атаулыны жойып келе жатқанда бір үкі оның екі көзін ойып жібереді. Бұл кезде Жою хан баласына іздеу салып жатқан еді. "- Кімде-кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын," – деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды. Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге шығады. Ою хан орманды, тау-тасты аралап келе жатып, жолда кездескен үкіден сұрапты. – Жою ханның баласын көрдің бе?

    • Қаныпезер хан баласы жолында кезіккен сұртышқанды, арқарды, бұғыны, кодасты, жолбарысты жаралып, балықты құрғаққа тастап, бәрін қайта айналып келіп сойып алмақ болғанда мен оның екі көзін шығардым. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр, - дейді үкі.

    • Болған жайдың шындығына көзі жеткен Ою хан үйіне оралып, оқиғаның желісін сырмақ бетінде түсіреді де әлгі сырмақты Жою ханға алып жүреді. Сырмақтың оюы көз жауын алатын көрікті, болулары адам жанын баурап алатын сиқырлы болады. Жою хан сырмақтың оюына қарап ойланып ұзақ отырып, ондағы оқиғаны іштей былайша тарқатады:

Балам биік-биік тауларды асып, терең-терең сулардан өтіп, қалың шыныс орманды аралап күндізде, түнде де талмай жүрген екен. Жүрген жолында ол ұшқан құстармен беттесіпті, бұғымен беттесіпті. Тау тағысы арқар та жолығыпты тышқандар да арпаласыпты, балыққа да ұшырасыпты. Айдын көме де түсіпті. Қайран ұлым, алып күштің иесі екендігіңді аңдарға көрсеткенше, ел ішіндегі дұшпандарыңа неге көрсетпедің?! Балаң-екіге бөлінді – жаны рухта, тәні аруаққа айналды деп тұр ма?

Міне, балалар, сырмақтағы ою Жою ханға баласының басынан кешкендерің айтып беріпті. Сонымен, балалар, әр оюдың тілі бар екен.

V. Міне, балалар, сырмақтағы ою-өрнектің сыры туралы көпті көрген қарттардың қызықты әңгімесінен көптеген мағлұмат алдық. Осы ою-өрнек тақырыбына арналған әдеби – музыкалық монтажын тамашалайық.

  1. Саусақтарың майысып,

Түрлі ою ойысып,

Шебер болар ма екенсің!


  1. Қазағымның оюын біз де іздеп қарайық.

Ою менен өрнектің әдемісін табайық.


  1. Айгөлек” әні. Орындайтын З.Тоқбергенова.


  1. Аңыз болмай жоғалмай, сан ғасырға,

Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда.

Бұғы мүйіз оюы сәнділікпен,

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда.


  1. Ою-өрнек дегенде ою-өрнек

Қошқар мүйіз оюы болсын ермек.

Кел, жолдастар, көңілді ән салайық,

Кешке келген қонақтар қане төрлет.


  1. Әже” әні. Орындайтын А.Абылаева


  1. Түйемойын ою өрнегіміз,

Әсем жиһаз өмірде көргеніміз.

Ата-салтын, дәстүрін жалғастырып,

Ою-өрнек кешіне келгеіміз.


  1. Туған ел” әні. Орындайтын Н.Қашақбаева.


  1. Көрші әжей өнерлі,

Барып тұрам күнде мен.

Құрмет тұтып шеберді,

Ою-өрнек үйренем.


  1. Әжей кесте тігеді,

Ойып түрлі оюды.

Жібереді өрнегі,

Шарықтатып өрнерді.


  1. Анаға хат” әні Орындайтын Е.Бердалиев.


  1. Енгендейсің гүл баққа,

Неткен әсем сырмағы.

Көшіп қонған сырмаққа,

Бар сұлулық қырдағы.


  1. Оюларға сүйсініп,

Қайран қалып тұрасың.

Көре білсең түсініп,

Одан көп сыр ұғасың.


  1. Менің Қазақстаным” әні. Хор.

Қорыту:

Оюлардың шығу тарихынан көптеген мағлұмат алдық. Оюды табиғаттан, жан-жануарлардан алған екен. Айтайын деген ойын оюмен жеткізген. Балаларымыз қандай ойшыл, шебер болған десеңізші! Балалардан қалған осындай өнерді қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі дамыту біздің міндетіміз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!