Материалдар / ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ - ЖӘНЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ - ЖӘНЕ БАЛА ТӘРБИЕСІ.

Материал туралы қысқаша түсінік
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2020
588
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлттық психология – және бала тәрбиесі.

Педагог - психолог Бектурганова Айжан Кайратовна

Әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті және әрбір ұлттың баласы өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиені сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті.

М. Жұмабаев

Тәрбие – күрделі үдеріс. Жаңа дәуірдегі жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру – қазіргі басты мақсаттың бірі. Халқымызда «Ағаш түзу өсуі үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болған кезінде оны түзете алмайсың» деген сөз бекерге айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік нұрын құйып, адамгершілік, ұлттық құндылықтарды сіңірту әрбір отбасы мен педагог ұстаздардың міндеті болса керек.

«Тәрбие отбасынан басталады» - дейді дана халқымыз. Келешек ұрпақты тәрбиелеуге отбасының алатын орны ерекше. Отбасы – баланың жеке басын, мінез-құлқын, ой-санасын қалыптастыратын, өмірге жол ашып, жөн сілтейтін ең алғашқы баспалдақ. Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға, әке тәрбиесі ұлға -- үлгі. Отбасы – тіршіліктің шағын ұясы, жаңа адам сол ұяда дүниеге келіп, қамқорлыққа бөленіп, өмір мектебінен өтеді. Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін отбасындағы ата-ана берген тәрбиесі мектепте жалғасын табу керек. Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты жемісті болады.

Көптеген халықтар өз ұрпағын өз халқының қағидасымен тәрбиелейді. Ендеше егемен еліміздің ертеңі жас ұрпақты әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін десек, ұлттық тәрбие тағылымын басшылыққа алып халқымыздың рухани байлығын бүгінгі күн талабымен ұштастыра білсек қана ұлттық тәрбиенің берері мол.

Қазіргі таңда өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде алға қойылған негізгі мақсат – қоғамға пайдалы, адамгершілігі мол, үлкендерге құрмет көрсетіп, кішілерге қамқор бола білетін, білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін халқымыздың ұлттық мұрасын оқу тәрбие ісімен сабақтастыру – басты парызымыз. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өмірінде, әдет-ғұрып, салт -дәстүрінде. Баланы жастайынан бастап, әдет - ғұрыпты, салт -дәстүрді игеруге, ана тілін дамытып, халық өнеріне баулу – тәрбиенің негізгі көзі болуы тиіс. Халықтық тәлім тәрбиенің басты ерекшелігі өмірмен тығыз байланыстылығында: халқымыз оқуға, білім алуға мүмкіншілігі болмаған кездің өзінде өз ұрпағын еңбекке баулып, адамгершіліктің жоғары сатысын, елін-жерін сүюге, шындыққа және адамшылыққа тәрбиелеген. Халықтық тәлім- тәрбие жеке үлгі, талап, өзара көмек, ақыл, шара қолдану, мадақтау тәрізді әр түрлі әдіс - амалдарға бай.

Ал тәрбиенің бастауы – отбасында. Ата-аналардың болашақ бала тәрбиесі үшін жауапкершілігі де осыдан айқын байқалады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайынғы атқарып жүрген жұмысы мен тәрбиелік мәні бар барлық іс-әрекеттері балаға үлкен сабақ. Жасөспірім тәрбиенің барлық түрін адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, ұстаздардан көбіне насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезіну арқылы бойына сіңіреді.

Бала тәрбиесі – өте жауапты, өте нәзік және өте күрделі. Бұл процесс үздіксіз және үзіліссіз жүріп отыруы қажет. Өйткені балаға да, қартқа да тәрбие қажет. Тәрбиенің алуан түрлі саласын халықтық сипатта бала жанына неғұрлым жасынан ендіру шешуші және ғұмырлық мәнге ие. «Баланы жастан» деген халық даналығын ұмытпағанымыз жөн.

Халықтық тәлім-тәрбиенің айрықша орын алатын асыл мұраларының бір саласы – халық ауыз әдебиеті.

Әдебиет – сөз өнері, тәрбие көзі. Халық ауыз әдебиетінің түрлері мақал- мәтелдер, ертегілер, шешендік сөздер, тұрмыс-салт жырлары т.б. сол заманның дәуірлік сипатын, халықтың санасын, дүниеге көзқарасын, өмір тәжірибесін бейнелесе де әлі күнге философиялық құндылығын жоймаған, жойылмақ емес те. Мақал - мәтел халықтың ақыл-ойының, сөз байлығының әрбір ойды бейнелеп-көркемдеп жеткізуінің үлгісі болып табылады.

Айталық, еңбек жайындағы мақал-мәтелдерді алсақ, балаларды еңбекке баулып ерінбей тер төгуге тәрбиелейтінін ұғыну қиын емес. «Еңбек етсең емерсің», «Еңбектің наны - тәтті, жалқаудың жаны – тәтті» деген мақалдар жалқауларға сабақ болса, еңбек сүйген адамға мақтаныш. Сондай-ақ, «Әке – асқар тау, ана – кәусар бұлақ, бала – оған біткен жасыл құрақ», «Ата-ана – бақыт мекені», т.б. деген мақал-мәтелдер халқын сүю, тілін құрметтеу, ата дәстүрді ардақтау, халқының ұлы болу, ұлтжанды болу, білімді, инабатты, парасатты болу- бәрі-бәрі де ең әуелі өз ата-анасын сыйлау, құрметтеуден басталатынын түсіндіреді.

Мақал - мәтелдердің бір тобы адамды жақсы қасиеттерге баулумен бірге олардың кемшіліктерін, жаман әдет қылықтарын сынап, оны болдырмауға үндейді. Оған «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», «Жаман кісі кекшіл», «Жалқаудың досы – еріншек», «Ақылды қасыңнан қорықпа, ақылсыз досыңнан қорық» деген мақал - мәтелдер айғақ. Мақал-мәтелдер мәніне зейін қойып үңілетін болсақ, халқымыздың қыр-сыры туралы білімімізді молайтуға мүмкіндік зор. Мақал-мәтелдер арқылы халық өз

балаларын өнерлі, білімді болуға шақырған, елін, жерін сүйетін, ел намысын қорғайтын азамат тәрбиелеуге арнаған.

Халық педагогикасындағы келесі бір тәрбие құралына айналғаны – ертегілер. Халық ертегілері халықтың мінез - құлқын, психологиясын, өмірлік мақсаттарын айқын көрсете отырып, тәрбиелік маңызын жойған емес. Ертегі кейіпкерлері арқылы халық ерлікті, шыншылдықты, сүйіспеншілікті мадақтап, жалқаулық, өтірік, қулық тағы басқа адам бойындағы кемшілікті сынайды. Ертегіге тән бала бойына қуаныш, реніш, толқу сезімдерін тудырып, ой - қиялын дамытып, мейірімділік пен ізгілік сияқты қасиеттерге баулиды.

Әдебиет сабағында ертегі кейіпкерлеріне талдау жасай отырып, жағымды және жағымсыз кейіпкерлер деп ажыратады. Жағымды кейіпкер бойындағы адамгершілік қасиетін бағалап, өздеріне үлгі етеді. Ал жағымсыз кейіпкер бойындағы жаман әдеттерден жиреніп, бойын аулақ ұстағысы келеді.

Халық ауыз әдебиетінің тағы бір саласы –тұрмыс-салт жырлары. Бала шыр етіп дүние есігін ашканнан ''Бесік жыры’’, “Шілдехана”, “Тұсау кесер”, т.б. жырлар арқылы баланың бойына адамгершілік, ұлттық рухани қасиеттерді сіңірткен. Ел бастаған батыр, сиқырлы сазымен елді аузына қаратқан ақын, таңдайынан бал тамған шешен, ел бастаған көсем үлгілерін баланың санасына қондыру жолдарын іздестіруде Төле, Әйтеке, Қазыбек сияқты дана бабаларымыздың аңызға айналған даналығын әңгіме етіп, өнеге алуға үндеп отырады.

Ұлы Төле би өз тұсындағы даналарды жинап, екі баласын сынатқан екен. Әр түрлі жолмен сынап білген ғұламалар: “Уа, дана! Үлкен ұлыңызға жолдасы – ақыл, парасат, жетелеушісі – ізет, иман, сыйынар пірі – адалдық болған екен, бірақ бұл касиеттерді кіші ұлыңыздан көре алмадық ” -дегенде, Төле би: “Иә, дұрыс айттыңдар, жасымда бір байға күніне бір нанға жалданып едім, жұптасымыз екеуіміздің күндік қорегіміз, сол нан мен қолдағы бар жалғыз ешкінің сүті болды,үлкен ұлым еңбекпен табылған нанның қуатынан жаралған еді, ал кіші ұлым бертінде кімсің Төле би атанып, буынсыз тілмен, еңбексіз нанның қуатынан жаралған бала ғой, кіші ұлымнан өрбіген ұрпақ азғындап кете ме деп қорқамын”- деген екен.

Ақылды, парасатты адамдар дүниеде өзінен соңғыларға жақсы ісімен жақсы атақ, өнеге қалдырады, ал сол жақсы өнеге үшін қаншама еңбек ізденіс, білім қажет. Халық даналығында: “Баланы әуелі мейір-шапағатқа онан соң ақыл-парасатқа, ақырында еңбекке баулы”-дейді. Осы қағидаға орай дана бабамыз Бұқар жырау: “ Баланы туғаннан 5 жасқа дейін хандай көтер, 15 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан кейін досыңдай сырлас” - деген екен.

Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Оқу мен тәрбиелеудің үлкен ортасы – мектеп екені белгілі. Ондағы жоспарлы тақырыптың сабақтармен қатар, сынып сағаттары, тәрбие сағаттары, пәндік олимпиадалар, түрлі ұлттық тәлім-тәрбие беретін пәндік үйірмелер, т.б. оқу мен тәрбиенің ең негізгі ықпалдастығы болып отыр. Бүгінгі таңда ұрпағымыздың азамат болып қалыптасуы барысында біз олардың жаһанданудың теріс ықпалдарына қарсы тұруын ескертуіміз қажет. Бұл жағдайда тәрбие жұмысының тиімділігі ата-ана мен мектептің өзара байланысынан көрінеді. Мектебімізде «Асыл мұра», «Жас әдебиетші», «Мәнерлеп оқу өнері», «Жас тілші» сияқты үйірмелер жұмыс істейді. Бұл үйірмелердін мақсаты, міндеті – тәрбиелі жас ұрпақты қалыптастыру.

Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр.

Өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие негіздерін өзінің ұлттық мектебінен алатыны сөзсіз. Ұлттық мектеп – ұлттық рухта тәрбие беретін орын. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттық рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Сонда ғана ұлттық сана-сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үгіт- насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп, білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша, оқыту мен тәрбиені бірге ұштастырып, ықпалдастыру мүмкін болмайды. Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырып қажымай еткен еңбек арқасында әлемдік деңгейдегі дарынды да тәрбиелі оқушы тұлға шығатынына сеніміміз мол.

Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында ” - деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар еңбегі зор.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!