Ұлттық қолөнер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық қолөнер

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ тақырыбы:

1 сабақ. Ұлттық қолөнер бұйымдары

Бөлім:

12. Қазақ ұлттық қолөнері.


Оқу мақсаттары:

        1. - мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру;

Оқушы:

  • Ұлттық қолөнер бұйымдары жайында ақпаратты біледі.

  • мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстырады.

Ақпарат көзі:

Учебник: Қазақ тілі мен әдебиеті. Учебник для 6 кл. общеобразоват. шк. с рус. яз. обуч. / Косымова Г., Сатбекова А., Берденова К., Рахимжанов К. – Алматы: Мектеп, 2018. – 168 с., илл.

Ссылка на видео по теме урока: https://www.youtube.com/watch?v=wSD-EHeJXAQ

Ссылка на урок в bilimland.kz: https://bilimland.kz/ru/subject/kazah-tili/6-synyp/qazaq-ulttyq-qoloneri?mid=300:expressions



Жұмыс реті

Сабақ мазмұны

Зертте


Ұлттық қолөнер бұйымдары


1 -тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Мазмұнын түсініңдер. Кітап, 148-бет.

Қазақ халқының қолөнері ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Геродот тіпті былай деп жазған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Садақтың металды бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан, ал баскиімдері мен белдік әшекейлері алтыннан жасалған. Сондай-ақ ат омырауындағы өмілдіріктер де мыстан соғылған. Жүген сулығы, ауыздығы тағы да басқа бөліктері түгелдей алтынмен әшекейленіп безендірілген». Қазақ халқының қолөнері туралы Ресей ғалымдары да сүйсіне әңгімелейді. Мысалы, М.А.Леваневский: «Қазақтың қандай кәсіпке болмасын табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің... Қазақтың тіккен аяқкиімдері өте берік, киюге ыңғайлы», – деп жазады...

Б.Әбілдаұлы. «Талас-Тараз» тарихи-деректі романынан


2 -тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. Кітап, 149-бет.

1. Геродот қазақтың қолөнері туралы не жазған?

2. Заттар неден жасалған?

3. Қазақтың тіккен аяқкиімдері қандай болған


Орында

3-тапсырма. Орындары ауысқан сөздерді дұрыс қойып, сөйлем құра. Дауыстап айт. https://bilimland.kz/ru/subject/kazah-tili/6-synyp/qazaq-ulttyq-qoloneri?mid=300:expressions

Қолөнерінде . жүн, тері, ағаш, бағалы металдар, өз тастарды халқы асыл қолданған қазақ . тіккен төсеніштерге оюларды бастырып кездеседі көптеп . ою – өрнектердің қолөнер бұйымдарында түрлері сан алуан.

Өзіңді тексер! https://bilimland.kz/ru/subject/kazah-tili/6-synyp/qazaq-ulttyq-qoloneri?mid=302:choice


1. Ат үстіне салынатын зат?

жылқы

құрал-сайман

ер-тұрман

үй жиһазы

киімілгіш

2.Қазақ халқы жүн, былғары, ағаш, асыл тастардан жасалған заттарды не деп атайды?

қолөнер заттары

шаруашылық заттар

ғылыми заттар

дүкен заттары

үй заттары

3.Қазақтың ұлттық киімдерінде гүлден басқа не бастырылып салынады?

жүн

сызықтар

ою-өрнек

кесте

жіп

4.Қазақтың ұлттық киімдеріне оюды немен бастырып тіккен?

ағашпен

матамен

бидаймен

күрішпен

тастармен


Үй жұмысы

3 -тапсырма. Дереккөздерді пайдаланып, төмендегі қатарды жалғастырыңдар. Кітап, 149- бет.

Металдан жасалатын бұйымдар: сақина, ...

Киізден жасалатын бұйымдар: текемет, ...

Теріден жасалатын бұйымдар: өмілдірік, ...


Дескриптор. Дереккөздерді пайдаланып, қатардағы сөздерді жалғастырып негізгі ойды аяқта алады. Мәтіннің негізін түсініп, өтілген тақырып бойынша киізден және теріден жасалған бұйымдарды іріктей алады.

Жасалған жұмысты мұғалімнің почтасына zhaynay@inbox.ru немесе 87076827601 WhatsApp номеріне жазыңыз.



Құрастырушы: Ерахметқызы Ж

Алматы қаласы Білім Басқармасының «ҚББЖТҒӘО» КММ қолдауымен Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі № 75 КММ

Пәні:

Қазақ тілі (Т2)

ҚМЖ_ ОӨЖЖ

Сабақ:


Күні:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.05.2021
349
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі