Ұлттық қолөнер ұрпаққа аманат

Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ұлттық қолөнер ұрпаққа аманат

Материал туралы қысқаша түсінік
Халқымыздың қолөнерін насихаттау, ьалаларды шығармашылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісай ауданы Ш.Ділдабеков а/о және Қарақай а/о қарасты мектеп оқушылары арасында өтетін «Ұлттық қолөнер ұрпаққа аманат» атты қолөнер байқауы

Байқаудың өтетін орны: Н. Исмайлов атындағы ЖББМ

Байқаудың мерзімі: 19.02.2025ж

Байқаудың мақсаты: Халқымыздың қол өнерін насихаттау, балаларды шығармашылыққа тәрбиелеу. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер құндылығын ұғындыра отырып, өскелең ұрпақтың жеке шығармашылығын дамыту, қазақи нақышқа баулу, сүйіспеншілік пен патриоттық тәрбиелеуге жол ашу арқылы бабалар мұрасын насихаттау, іс-шараларға араластыру арқылы оларды қосымша білім берумен қамтуды кеңейтуге ықпал ету. Қолданбалы-сәндік қолөнермен айналысатын оқушыларға шабыт сыйлау.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастырылуымен өткізіліп отырған «Шебер қолдар қолөнер» байқауына қош келіпсіздер!

Жүргізуші: Байқаудың мақсаты, халқымыздың төл өнерін насихаттау балаларды, шығармашылыққа тәрбиелеу. Қолданбалы-сәндік қолөнермен айналысатын оқушыларға шабыт сыйлау.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер, байқауымызды ашып, үміткерлерімізге -сәт сапар, ақ жол тілеу үшін сахна төріне тәрбие ісі жөніндегі Алипова Нағима апайды және .Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының бөлім меңгерушісі Бегимкулов Айгүл апайды шақырамыз.

Енді құрметті көрермендер осы байқауға қазылық жасайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Балалармен жасөспірімдер шығармашылық орталығының мпорт және өлкетану бөлімінің меңгерушісі Жарылқап Айберген ағай.

  2. Шүкірбекова Жұлдыз апай

  3. Айдарбекова Алмагүл апай_____________________________

Жүргізуші: Ал ендеше байқаудың шарттарымен таныс болыңыздар. Байқау төрт кезеңнен тұрады.


І кезең. «Таныстыру» - әрбір байқауға қатысушы амандасып, өзін таныстырып өтеді.


ІІ кезең. «Фетрден панно жасау - әр қатысушы фетрден қабырғаға ілуге арналған панноны жасап, дайындайды. Дайындауға 10 минут уақыт беріледі.

ІІІ кезең. «Ептілікте ерлік» - әр қатысушы тоқыма жіпті пайдаланып есу немесе өру арқылы бау жасайды. 5 минут уақыт беріледі.

IV «Кәдесыйлар мен сыйлықтар» - әр қатысушы үйден кесте, бисермен кестелеу, гобелен жұмыстарын дайындап келеді. Жұмыстың қандай материалдан жасалғанын, оның қолдану ерекшеліктерін түсіндіріп, қорғап шығады. . 5 минут уақыт беріледі.

Кәсіби әділқазылар алқасы байқау шарттарын бағалау өлшемдеріне сәйкес 5-10 балдық жүйемен бағалайды.

Жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап жым отыру жарасама?

Туыс, дос, сыныптас пен танысқа емес

Соқ қолыңды өнерлі жас талапқа,- дей келе байқауымыздың бірінші кезеңін бастаймыз.

І кезең. «Таныстыру» - әрбір байқауға қатысушы амандасып, өзін таныстырып өтеді.

Жүргізуші: Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасында оқып, жиып ал,

Тепкілесең кетпейді дей келе,

Келесі кезекті сайысымыздың екінші кезеңіне береміз.

ІІ кезең. «Фетрден панно жасау - әр қатысушы фетрден қабырғаға ілуге арналған панноны жасап, дайындайды. Дайындауға 10 минут уақыт беріледі.

Жүргізуші: Үміткерлеріміз өз жұмысын дайындағанша

Мын бұралып билеген

Аруды кім сүймеген

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген- дей отырып келесі кезекті «Шебер қолдар» қолөнер үйірме мүшелерінің орындауында Қара жорға биі.


Shape1

Жүргізуші: Дайын болған үміткерлер өз жұмысын қазылар алқасына көрсетіп, жұмыстың жасалу жолы мен ерекшеліктерін түсіндіреді.

Жүргізуші: Ою-өрнек қарасаң

Өңкей мүйіз тізілген

Қайсысын бірін қаласаң,

Қиып ал сызған ізіңмен.

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер ой керек.

Бос мақтанып жүрмеңдер,

Оюға шебер жан керек.

Шеберлікте шек жоқ,

Жалқаулыққа жол жоқ.

Өнерлінің қолынан,

Тамып тұрған бал көп. – дегендей, келесі кезекте сайысымыздың

ІІІ кезеңі. «Ептілікте ерлік » - әр қатысушы ұйымдастырушының алдын ала дайындаған ою-өрнектерін қырқып шығады. 5 минут уақыт беріледі.Үміткерлер өз жұмысын қазылар алқасына көрсетеді.

Қолөнері халқымның өрістенсін,

Әрқашан Алла берсін берекесін.

Егіз ұғым өнер мен білім деген,

Сайыскерлер өнерін сынап көрсін.

Келесі сайысымыздың төртінші кезеңі:«Кәдесыйлар мен сыйлықтар» - әр қатысушы үйден . кесте, бисермен кестелеу, гобелен жұмыстарын дайындап келеді. Жұмыстың қандай материалдан жасалғанын, оның қолдану ерекшеліктерін түсіндіріп, қорғап шығады. . 5 минут уақыт беріледі. Қолөнерін тапсырады.

Жүргізуші: Міне байқауымыздың ең соңғы шарты бойынша қатысушыларымыз өз өнерлерін көрсетті. Осымен байқауымыз да өз мәресіне жеткелі тұр. Қазылар алқасына ақылдасып алу үшін, уақыт береміз.

Жүргізуші: Қазылар алқасы ақылдасып алғанша сахна төріне биші қыздарымызды шақырамыз.

Жүргізуші: Кімдер шешен, кім іскер білейікші,

Өнерлі жан екен деп жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал сайыскерге тек сәттілік тілейікші.

Құрметті өнер сүйер қауым! Бүгінгі байқау жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздарды марапаттау үшін сахна төріне әділ-қазылар алқасын шақырамыз.

Жүргізуші: Сөз кезегі Әділ қазылар алқасының төрағасына беріледі.

Марапаттау:

І орын- №34 Ә.Молдағұлова атындағы ЖББМ мектебі

ІІ орын - №45 Н.Исмайлов атындағы ЖББМ мектебі

ІІІ орын - №32 Ш.Құдайбердиев атындағы ЖББМ мектебі

Жеңімпаздар Дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталды.













































Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Уақыт та біраз жерге таяп қалды.

Көріскенше қош сау боп тұрыңыздар,

Қолөнер сайысымыз аяқталды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2025
141
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі