Бұланбаев Д.Д.
Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Қарағанды қаласы
ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ - ҰЛЫ МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕР ЖОЛ
«Тәрбие басы - тал бесік» деген екен бұрынғылар. Иә, бойымызда кісі қызығар құндылық болса, оның бәрі бала күннен бергі алған тәрбиеміздің арқасы екендігі даусыз. Қай заманда болмасын, адам баласының алдындағы басты міндет - тәрбиелі де саналы ұрпақ тәрбиелеу болғандығы белгілі. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында ұлттық педагогикаға арқа сүйеген дұрыс. Халқымыз «балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген қанатты сөз бар. [2] Ұлт тәрбиесінің ұлылығын айғақтайтын осынау қағиданың астарында үлкен ой жатыр... Әкеміздің қабағы, анамыздың алақаны, атамыз бен әжеміздің ақ батасы, туған-туыс, ағайынның алғысы, одан қала берді, өзің туған ауылдың да тәрбиесі сені түзу жолға салары хақ.[3] Бала есейе келе, ел танысын, жер танысын деген ниетпен алыс жолға шығаруы, қадірлі қонақтардың ғибратты әңгімесін тыңдатуы, тіпті мейірімді болып өссін деген ниетпен төрт түлік төңірегіне көп үйірсектетуі, айта берсеңіз, осындай әрекеттердің бәрінің де тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру жолындағы тірлік екендігі ақиқат.
Ал, ұлттық құндылық деген ұғымның бастауы - тал бесіктегі екендігіне ешкім дауласа қоймас.
Сан ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан ұлттық құндылықтарымыз өрге қарай өрекпіген өркениет ғасырының таудай толқынының астында қалып қоюы бек мүмкін. Ал, осыны қайта жасандырып, жайнатып, оған заманауи бітім беру - уақыт күттірмейтін шаруа.[1] Алаштың айбоз ақыны Мағжан Жұмабаев «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, сол баланы өз ұлтының тәрбиесімен өсіруі міндетті» - деген болатын. Өкінішке орай, Мағжан ақынның бұл айтқаны көшкен жұртта қалғанын көз көріп, көңіл құлазып отыр. Орыс тілімен ауызданып, Батыстың даңғазасы мен шуына басы айналған бүгінгі ұрпақ ұлттық тәрбиені ұмытқалы қашан? Сонда деймін-ау, біз ертеңнен не күтіп отырмыз? Қураған ағашқа су құйып, жеміс күтіп отырған әпендіден неміз артық, неміз кем?..
Шаршадым, шатыстым,
Таппадым амалын.
Шығысым Батыстың,
Жалайды табанын, - деп күңіренген қазақтың қабырғалы ақыны Иранбек Оразбаевтың осынау ғазалының астарында да үлкен өкініш жатыр. Бірақ көп адам айта қоймайтын бір шындықтың астарында бұл өкініштің бұлтын сейілтетін амал да жоқ емес. Ол шындық - осынау жағдайға кінәлі өзіміз. Ғаламтор, жаппай цифрландыру заманында өмір сүріп отырған балаларымызға біз ұлттық құндылықтарымызды қағазға жазып, тасқа басып бергенге мәзбіз. Жарқыл-жұрқылымен көз арбаған телефонда отырған бала қағазды қайтсін? Тіпті, мұғалімнің берген тапсырмасы үшін кітапханаға барып басын қатырмай-ақ, ғаламтордан қарай салары хақ. Ендеше, осынау ғаламтордың мүмкіндігі мен әлеуетін ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға бұрғанымыз жөн.
Ол үшін не істеуіміз керек?
Ол үшін мәселені ұлттық идеологияны қалыптастырудан бастап, жүйелі жұмыс жасауымыз керек. Себебі, халық идеясыз, мемлекеттің идеологиясыз жұмыс істей алмайтыны белгілі. Идеология ұлтымыздың әрбір азаматының жүрегінен орын алғанда ғана жүзеге асады. Әлгінде айтқанымыздай, тәрбиенің басын баланың балғын шағынан - балабақшадан бастаған жөн.[6] Біздегі парадокс - ұлттық негіздегі балабақшаның жоқтығы. Осы олқылықтың орнын толтырсақ, сәби кезінен бастап-ақ әдет-ғұрып, салт-дәстүрді көріп өскен ұрпақтың ұлттық құндылықтың уызына жарып, санасы сергек болары хақ. Сонымен қатар, баланың жас ерекшелігіне қарай түрлі мультфилмдерді, тіпті компьютерлік ойындарды да өз ана тілімізде «сөйлетіп», солардың ішіне ұлттық құндылықтарымызды өз орнымен енгізу керек. Сонда ғана біздің әрекетіміз өз жемісін бере бастайтыны хақ.
Осынау байсалды бастау мектеп қабырғасында да жалғасын тауып, білім беру саласының барлық тармағы ұлттық құндылықтармен өрілген болуы шарт.[4] Мектепке «тарыдай болып кірген баланың» сабақтағы сыйластық, тіпті асханадағы бата беріп, дәм қайыруына дейінгі процестердің барлығы ұлттық құндылыққа негізделгенде ғана біз осы мектептен ұлты үшін мақтана алатын тұлға қалыптастырып шығара аламыз деген ойдамын. Сонымен қатар, сабақ барысындағы барлық тапсырмалардан ұлттық құндылықтың «иісі аңқып» тұрғаны жөн. Мектептегі тәрбие негіздерінің барлығы ұлттық құндылықтарға негізделсе, сонда ғана тұлға оны игере бастайды.[5] Ол үшін сол мектептегі ұстаздарымыздың да ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген болуы - басты міндет.
Жеке тұлғаның бойына ұлттық құндылықтарды дарыту үшін жасалынатын қадамдар:
-
Оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өзіндік көзқарастарын білдіруі
-
Өзіндік тәртіп: бағалауды, шешім қабылдауды үйрену
-
Жеке оқушының ерекшелігін дамыту, жауапкершілігінің болуы
-
Әр түрлі көзқарастағы пікірлерді қабылдай алу, бір-біріне деген құрмет
-
Оқушы бойындағы Отансүйгіштік қасиетті дамыту
-
Жас ұрпақ санасына өз халқына деген құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін ұялату
-
Жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық сияқты қасиеттерді ояту.
Осы орайда оқушы бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру үшін өз тәжірибемізбен де бөлісе кетуді жөн санадық. Әдебиет сабағында көркем шығармаларды талдау барысында кейіпкер бойындағы ұлттық құндылықтарды табу үшін «Құндылықтар қоймасын» дайындадық. Оқушылар сабақ барысында «қоймадан» кейіпкер талғамына сай келетін құндылықты тауып, өз ойын дәлелдейді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтар тақырыбында түрлі пікірталастар, шығармашылық байқаулар ұйымдастырудың да берері мол екеніне көз жеткіздік. Алдағы уақытта да осы бағыттағы ізденісімізді жалғастыра бермекпіз.
Иә, біз ұлымызды - нарға, қызымызды - арға балап отырған елміз.
Құндылық деген ұғым - шынайы, ол ең алдымен адам санамында орын алуы тиіс. Құндылықты сезім арқылы ғана қабылдап, сана арқылы түсінуге болады. Жаһандану көшіне ілесу деген - өз құндылығыңды жоғалту деген сөз емес. Осыны естен шығармайық.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ш.Елеукенов, Замандас парасаты. Әдеби сын. Алматы: Санат, 1977 ж.
2. Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы сынып жетекшінің орны.
3. Бастауыш мектеп журналы/ республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал/ №7, 2007.
4. Бастауыш мектеп журналы/ республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал/ №5, 2002.
5. Сынып жетекшінің анықтамалығы/ №1(01) 2009.
6. Әдеп және жантану/ хрестоматия/ Атамұра Алматы, 1996.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз