2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ұлттық құндылықтар

Ұлттық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылық тәрбиенің түп қазығы екендігі жайлы
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

Тәрбие – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын асыл мұра. Әр халықтың өзіндік болмысы, тарихы, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары бар. Ұлттық құндылық – ұлттың рухани тірегі, елдіктің белгісі. Сол себепті бүлдіршіндердің бойына ата-бабамыздан қалған асыл мұраны сіңіру – әрбір тәрбиешінің қасиетті міндеті.

Тәрбиеші болу – жай ғана кәсіп емес, бұл үлкен жауапкершілік пен жүрек қалауынан туған қасиетті мамандық. Мен – мектепалды даярлық тобы тәрбиешісімін. Балалардың көзіндегі үміт пен балғын жүректеріндегі сенімділік менің әр күнімнің мәні десем де болады. Олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, өз халқының нағыз патриот азаматтары етіп тәрбиелеу – менің басты мақсатым.

Ұлттық тәрбие – халықтың болашағын қалыптастыратын алтын қазына. Сол себепті мен бүлдіршіндерді елін, жерін сүюге, салт-дәстүрді құрметтеуге, ата-баба аманатына адал болуға баулимын. Ұлттық ойындарды ойнатып, халық ертегілерін оқытып, мақал-мәтелдер арқылы даналыққа үйретемін. Баланың санасында ұлттық рух оянса, ол өз мәдениетін, тілін, тарихын мақтан тұтатын азамат болып өседі. Сол үшін мен оларға тек білім беріп қана қоймай, жүректеріне ұлттық сана нұрын себуге тырысамын. Олардың «Мен қазақпын!» деп мақтанышпен айтуы – менің ең үлкен жетістігім.

Мен өз мамандығымды мақтан етемін. Мен – ұлттық рухтың шамшырағын жаққан, болашақ ұрпақтың жүрегіне туған елге деген сүйіспеншілікті дарытушы адаммын. Мектепалды даярлық тобы – баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл кезеңде бүлдіршіннің ой-санасы, дүниетанымы, мінез-құлқы ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленуі тиіс. Біз, тәрбиешілер, балаға білім беріп қана қоймай, оның жүрегіне елін, жерін сүю сезімін ұялатып, ата дәстүрін ардақтауға баулуымыз қажет.

Әрбір баланың ана тілінде еркін сөйлеуі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуі, ұлттық ойындармен сусындауы, халық әндері мен ертегілерін білуі – оны жан-жақты дамытудың басты көрсеткіші. Балалардың ұлттық санасын қалыптастыруда халық ауыз әдебиеті мен ұлттық ойындардың орны ерекше.

Мысалы, «Қыз қуу», «Теңге ілу», «Асық ату» сияқты ойындар баланың ептілігін, шапшаңдығын дамытса, ертегілер арқылы олар жақсылық пен жамандықты ажыратуды, әділ болуды үйренеді.

Бүгінгі заман – жаһандану дәуірі. Осы кезеңде ұлттық құндылықтарды сақтап қалу, оларды кейінгі ұрпаққа жеткізу – басты парызымыз. Егер жас ұрпақ өз халқының мәдениетін, салт-дәстүрін бойына сіңіріп өссе, ол елінің нағыз патриоты болып қалыптасады. Сондықтан да, ұлттық тәрбиені тәрбиенің түп қазығы дер едім.





14 Ақпан 2025
106
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі