КМҚК «№46 бөбекжай-балабақшасы»
Тақырыбы:«Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеудің маңыздылығы»
Ұлттық құндылықтар – бір ұлттың тарихы, мәдениеті, тілі, дәстүрі, салт-санасы арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын негіздер. Оларды сақтап қалу және дамыту қоғамның тұрақтылығы мен келешегі үшін маңызды. Қазіргі жаңа дәуірде дәстүрге сай тәрбие арқылы ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу – қоғам мен мектептің ғана емес, әр отбасының да басты міндеті.
Жобаның мақсаты: Ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіріп, тәрбиелеудегі әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасай отырып тәрбиелеу
Жобаның міндеттері: Балаларға қазақтың салт-дәстүрін,әдет ғұрпын бойына сіңіріп өсіру. Ұйымдастырылған іс-әрекет арқылы жандандырып, ұлттық санасезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты тәрбиелеу.
1.Балаларды ұлттық құндылықтармен таныстыру .
2.Ата-аналарды Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарын әлем елдерінің озық дәстүрлері мен озық тәрбие үлгілерімен байытып, сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша бірлескен іс-шараларға тарту.
3.Аға буынға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
4.Отбасылық тәрбиеде сабақтастықты насихаттау.
Ғылыми дәлелденген.
Халқымыз «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген. Осы жерде қазақ халқының ұлы ақыны, ғалым М.Жұмабаевтың мына сөзі ойға оралады: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті» деген сөзі соның дәлелі. Сондықтан да сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы болашақ ұрпақтардың бойына дарыту керек.
«Адамға ең бірінші
білім емес, тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген
білім адамзаттың қас жауы»
Әбу Насыр
Әл-Фараби
Тәрбиенің негізі отбасында қалыптасады дегенмен мұнан кейін балабақшаның да ролі зор. Ұлттық тәрбиеден салт –дәстүр ауыз әдебиетінен нәр алып өскен ұрпақ қай кезде де аталар аманатына адал боларына кәміл сенеміз. Ұлттық салт-дәстүрді мәдениетпен өнерді насихаттау – тәрбиенің төресі.
Бала көкпар, бәйге, қыз қуу, теңге алу, аударыспақ т.б ойындарымыз арқылы қазақи қайнардан тәлім алса ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өседі. Балабақшадағы сәбилерге жоғары деңгейдегі ұлттық сана сезімді, рухани мұраларға және ұлттық мәдениетке деген құндылықтарды, отансүйгіштік, ұлттық намыс сезімдерін қалыптастырады. Балабақшадағы ұлттық тәрбие берудің мақсаты: Ұлтжандыққа отансүйгіштікке, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін терең меңгеруге, ана тілін қадірлеуге үйрету. Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің міндеті ата бабамыз қолданған үрдіс пен бүгінгі жаймен саралап, халықтық педагогиканың асыл мұралары негізінде саналы тәрбие беруді қилыстыру.
Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің өзектілігі тәрбиеленуші сәбилерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көздері ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт –дәстүрлерін аялай білуге ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады. Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып елін жерін қорғауда атадан балаға мирас болып қалған тарихын салт-дәстүрін, ана тілін қастерлеу, үлкенге –құрмет кішіге ізет көрсетуін мұра етіп,тәуелсіз еліміздің парасатты адамгершілігі биік білімді азаматтарын тәрбиелеуде адами қасиеттерді қамтып білімді ұлттық қасиетті түсінетін тұлға тәрбиелеу. Қайырымдылықты–халықтан, пайымдылықты- қариядан үйрен деген ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық адами қасиеттермен әдет ғұрыпты оқу қызметін ұйымдастыруда үйреніп, алдағы өмірлерінде арқау болатынын ұғындыру. Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну. Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз. Серғазы Қалиев этнопедагог, профессор: – Ұлттық тәрбиені балабақшадан бастауымыз керек. «Не ексең, соның орасың» демекші, балаларымызды қандай жолға бастасақ, олардың сол бағытты алатыны белгілі. Ал біздің ата-бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз – тәрбиеміз қазақтан басқа ешкімде жоқ үлгі. Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені беруде, ұйымдастырылған әрекетінің мәні неде?
1.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған іс әрекетінің– адамның қалыптасуы, тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету.
2.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу қызметі сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу,оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі. Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады.
3.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған оқу қызметі– адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы. Ол – тұлғаны түсіну,өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау.
4.Бала тұлғасына ұлттық тәрбиені ұйымдастырылған іс-әрекетін тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттлады.Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.
Практикалық
Ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіріп,дамыту үшін өз іс-тәжірибиемде дидактикалық ойындар арқылы қолдандым.
Дидактикалық ойын түрлері:
1) Заттық дидактикалық ойындар
Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2) Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.
3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:
Қимыл- қозғалыс ойыны.
Негізгі бөлім: Дидактикалық ойындар кортатекасын балалардың жас ерекшелігіне байланысты құрастыру. Көрнекі құралдар дайындау.Ата-аналармен әңгімелесу.
Кіріспе бөлім: Ойын әрекетін ұйымдастыру.Дидактикалық ойындарды (математика негіздері,дене тәрбиесі,көркем әдебиет,сауат ашу) осы уйымдастырылған іс-әрекеттерінде тиімді қолдандым.
Қазақтың ұлттық ойыны «Бәйге»
Шарты: Әр командадан екі қатысушы шығады. Орындыққа отырып, жылдам таяқшаға жіпті орап отырып, өз атын жылдам мәреге жеткізу керек. Бұл ойынды Дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекетінде ойнатамын.
«Қоржын» ойыны ( ата-аналармен)
Шарты: асықтарда жасырылған сұрақтарға кезекпен жауап береді. Егер дұрыс жауап берсе,
Бұл ойынды «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ата-аналармен таңертеңгі қабылдау кезінде ойнатуға өте тиімді.
«Домино» ойыны (Ұлттық киіз үйдегі ыдыстар,тағамдар,бұйымдар,ұлттық киімдер)
Шарты: карточкаларды суреттерге байланысты тізбектеу керек. Қай команда тезірек орындайды, сол жеңімпаз аталады.
Үрме бұршақпен ою-өрнек құрастыру ойыны.
Шарты:
«Шертпе» ойыны
Шарты: әр команданың қатысушылары кезекпен асықтарды шашады. Бірдей түскен асықтарды, шертіп алу керек. Кім көп асық атып алады, сол жеңімпаз болады.
Ата-аналармен ойын ұйымдастыру.
Мақсаты:
Қорытынды. Дидактиклық ойындар балалардың өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезімәрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.
Көрнекті нидерланд оқымыстысы Иохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дәлелдемесіне кең тараған еңбегінде: «ойын адамзат әрекетінің Жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің универсал категориясы» Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам»,-дейді.
Атақты француз ғалымы Луи де Брайль «Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі» Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу-қуаныш. Міне, сондықтан адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады»,-дейді.
Өз іс-тәжрибиемде ұлттық құндылықтарды насихаттау өте маңызды, және балалармен бұл жұмыс жеке жауапкершілігі болып табылады. Бүгінгі іс-тәжірибием осы мақсатты жүзеге асырудың тиімді әдістерін іздестіруге бағытталғанын ескеріп, біз ұлттық құндылықтарды балабақшада насихаттау үшін бірлесіп әрекет етуге дайынбыз.
.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Abyroi.ART - "Абырой" ғылыми-әдістемелік орталығы Мақала ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ – БАЛАБАҚШАДА
-
Дидактикалық ойындар А.В.Фарков
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұлттық құндылықтар"

шағым қалдыра аласыз